27 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 898 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды – Еңбекмин

01 июнь 2022, 10:22
Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 898 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды – Еңбекмин

Фото: ашық дереккөзден
Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 898 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігі.


Балалы отбасылардың құқығын және олардың заңды мүддесін қорғау мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Қазіргі таңда 1,6 миллион балалы отбасы әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алады. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау көпдеңгейлі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйеге бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемнің 3 түрі кіреді. Биыл республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 537,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,3%-ға көп (2021 ж. - 473,9 млрд теңге). Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 361,3 миллиард теңге қарастырылған (2021 ж. – 295,8 млрд теңге).

Мемлекет базалық деңгейде бала тууына байланысты республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлейді. Оның мөлшері 120 840 теңге мен (бірінші-үшінші балаға) 200 340 (төрт және одан да көп балаға) теңге аралығында. Биылғы 4 айда жәрдемақы 134,1 мың адамға берілді (18,4 млрд теңге).

Жұмыс істемейтін әйелдерге 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Оның мөлшері отбасындағы бала санына қарай есептеледі. Жәрдемақы мөлшері 18 317 теңге (бір балаға) мен 28 302 (төрт және одан көп балаға) теңгенің аралығында. Биыл жәрдемақының бұл түрі 46,5 мың адамға берілді (4,7 млрд теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған баласы бар немесе күндізгі оқу нысанында білім алатын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай 50 976 теңгеден бастап (4 бала) 203 520 теңгеге (16 бала) дейін жетеді. Биылғы 4 айда жәрдемақының бұл түрін 495 мыңнан астам отбасы алды (110,1 млрд теңге).

Көпбалалы аналардың дәрежесін көтеру үшін де мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Ол «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленеді. Қазір жәрдемақы мөлшері 20 352 теңге. Жыл басынан бері 227,6 мың адамға 17,9 млрд теңге төленді.

Бұдан бөлек мүгедектігі бар баланың кәмелет жасына жеткенге дейінгі күтімі бойынша республикалық бюджеттен жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 52 345 теңге. Қазіргі таңда бұл жәрдемақы 95,5 мың отбасына берілді (19,8 млрд теңге). Мүгедектігі бар бала кәмелет жасына толған соң мүгедектіктің бірінші тобы белгіленсе, онда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы төленеді. Оның да мөлшері 52 345 теңге. Биыл бұл жәрдемақыны 30 мыңнан астам отбасы алды (6,5 млрд теңге). Төлемнің бұл түрі мүгедектік бойынша жәрдемақыдан бөлек төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жұмыс берушілердің есебінен түсетін әлеуметтік жарналардың негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем қарастырылған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек жүктілігіне, босануына және жаңа туған бала асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалған. Төлем алушының құқығы уақытша еңбекке жарамсыздық парағында (аурухана парағы) көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс басталған күннен күшіне енеді. Біржолғы төлем демалыстың барлық күніне төленеді. Оның мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бір жылдағы орташа айлық табыстан түсетін әлеуметтік жарнаға және аурухана парағы берілген күндерге байланысты. Қазір бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 677,6 мың теңге. Жыл басынан бері бұл төлем 81,8 мың адамға берілді (48,8 млрд теңге).

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер де төленеді. Төлем алушының құқығы бала туған күннен, жаңа туған баланы асырап алу жөнінде сот шешімі күшіне енген күннен немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап күшіне енеді. Төлем жаңа туған баланы күтумен айналысатын және табысынан айырылғандарға төленеді. Төлем мөлшері төлем алушының құқығы күшіне енгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының

40%-нің шамасында. Биыл қаңтар мен сәуір айларының аралығында төлемнің бұл түрін 448 мың адам алды (56,6 млрд теңге).

Бұдан бөлек асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша базалық жәрдемақыларға қосымша бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын әкесінің немесе анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төленетін бұл әлеуметтік төлемді бала 18 жасқа дейін алуға құқылы. Егер бала күндізгі оқу нысанында білім алатын студент болса, онда бұл әлеуметтік төлемді 23 жасқа дейін алуға құқылы. Ай сайынғы төлем мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 2 жылдағы орташа айлық табыстан түсетін әлеуметтік жарнаға, қараусыз қалғандар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Биылғы 4 айда төлемнің бұл түрін 55,7 мың адам алды (6,8 млрд теңге).

Биыл аталған әлеуметтік төлемдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 361,3 миллиард теңге қарастырылған.
Просмотров материала: 368

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 472 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 285 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 929 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 964 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 258 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 110 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 435 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 134 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 327 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 208 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 243 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 714 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 168 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 496 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30