13 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс — Әлихан Смайылов

Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс — Әлихан Смайылов
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда бірқатар өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, агроөнеркәсіптік кешеннің, денсаулық сақтау саласының даму барысымен және инвестициялар тарту жұмыстарының жай-күйімен танысты, деп хабарлайдыбасшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы алдымен органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалана отырып, астық өндірудің жаңа технологияларына көшкен «Namys Group» ЖШС шаруа қожалығына барды.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баяндамасын тыңдаған Әлихан Смайылов бүгінгі таңда Ақмола облысының алдында тұрған басым міндеттердің бірі егіс науқанын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтау екенін атап өтті. Қазіргі уақытта еліміздің

барлық өңіріне арзандатылған дизель отыны жеткізіліп жатыр. Тұқым және минералды тыңайтқыштармен 100%-ға қамтылған. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген несие берілді, оның көлемі 70 млрд теңгеден 140 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың форвардтық сатып алу бағдарламасы 2 есеге ұлғайтылып, 80 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Сонымен қатар мал азығы қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді.

Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс — Әлихан Смайылов

«Ең бірінші міндет – бөлінген қаражаттың әрбір фермерге дейін жетуін қадағалап, көктемгі егіс жұмыстары кезінде туындайтын проблемаларды дереу шешіп отыру», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді, олардың ішінде «Агрофирма TНK» ЖШС, «Родина» агрофирмасы» ЖШС, «Приишимье» ЖШС, «Заречное» ЖШС, «Еңбек» ЖШС, «Сандықтау» ЖШС және т. б. бар.

Премьер-Министр шаруалар көтерген мәселелерді мұқият тыңдап, уәкілетті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірдегі «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС-ға барды. Кәсіпорын Ресей және Беларусь өндірушілерімен бірге сұранысқа ие ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканы құрастырумен айналысады.

Әлихан Смайылов бүгінде қазақстандық компаниялардың жаппай ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды игергенін атап өтті. Мәселен, нарықтағы отандық тракторлар мен комбайндардың үлесі – 90%. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы машинасын жасау бойынша жергілікті қамту жалпы алғанда шамамен 40%-ды құрайды. Осы орайда Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасы өнімдерімен жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.



Үкімет басшысының жұмыс сапарындағы келесі нысан John Deere агротехникасына қызмет көрсететін ТМД-дағы ірі орталық «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС болды.

Әлихан Смайылов жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану еңбек өнімділігін арттыруда маңызды элемент екенін еске салды.

Бұл мақсатта Үкімет машина-трактор паркін инвестициялық субсидиялау, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жаңартып жатыр. Сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы институттары арқылы жеңілдікпен несие беру (6-7% жылдық мөлшерлеме) бағдарламасы іске асырылуда.

«Аталған шаралардың арқасында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі қарқын алып келеді. Мұндағы маңызды мәселе өндірісті локализациялау болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан кейін Премьер-Министр ет, шұжық өнімдері, консервілер мен жартылай фабрикаттар өндіретін «Бижан» ет өңдеу кешеніне барды.

Әлихан Смайылов мемлекеттің кешенді қолдау шараларын іске асыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Импортты азайтып, ішкі сұранысты толығымен жабу үшін отандық өнімдердің өндірісін ұлғайтуымыз керек. Әкімдік фермерлермен жұмыс жүргізіп, субсидиялау кезінде қарсы міндеттемелер қойып, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз етуге жағдай жасауы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Просмотров материала: 566

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 466 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 289 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 925 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 964 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 161 254 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 635 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 840 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 848 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 642 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 480 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 131 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 998 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 822 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 985 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 106 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 768 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 147 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 873 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 882 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 724 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 562 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 820 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 767 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 276 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 718 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 598 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 862 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 192 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 597 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 577 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 612 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 562 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 798 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 941 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031