11 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев Бішкекте Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Тоқаев Бішкекте Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғызстан астанасындағы «Театр» гүлзарының орталық аллеясына қойылған Ұлы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Мемлекет басшысы бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ретінде бағалап, Бішкек төрінде Абай ескерткішінің бой көтеруін қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметінің белгісі деп атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы игі бастамаға қолдау көрсеткені үшін Садыр Жапаровқа зор ризашылығын білдіріп, бұл қадам Алатаудың бөктерін қатар жайлаған екі елдің бауырластығын бекемдей түсетінін айтты.


Ағайын елдердің тамырластығын кезінде Абай да айтқан. Ұлы ақын қазақтың тарихына тоқталған кезде қырғыз бауырларды ерекше атап өткен. Ол «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Шын мәнінде, екі ұлттың тегі мен тілі бір, жүрегі мен тілегі бір. Айыр қалпақты ағайынға біздің ықыласымыз қашанда ерекше. Көп ұзамай елімізде Манас ескерткіші бой көтереді. Бұл есім қазақ арасында өте танымал. Әйгілі Манасқа құрметіміз ерекше. Манастану ғылымының негізін қалаған Шоқан Уәлиханов екенін еске салғым келеді. «Манас» жырының тағдыры тартысқа түскен кезде оған Мұхтар Әуезов араша түскенін білеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осының бәрін бір-бірімізге деген жанашырлық пен тілектестіктің көрінісі деп атап өтіп, екі елдің бауырластығы мен достығы ешқашан мызғымайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ қырғыз халқына бақ-береке тіледі.
Тоқаев Бішкекте Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты


Садыр Жапаров сөйлеген сөзінде осы күнді қырғыз-қазақ үшін маңызды күн деп атап өтті.

Философ, гуманист тұлға, қазақтың ұлы ақыны Абайға Бішкек қаласында қойылған ескерткіштің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Екі елге ортақ тұлғаға дипломатиямыздың 30 жылдығы қарсаңында құрмет көрсетіліп отырғаны – ерекше оқиға. Жазда жайлауы, қыста қыстауы қоңсы қонған екі халықтың рухани әлемінің жақындығын Абай мен Тоқтоғұлдың, Мұхтар мен Шыңғыстың мұралары көрсетіп келеді. Абайдың 175 жылдығы кезінде Ұлттық кітапханадан арнайы мәдени бұрыш ашылғанын да еске салғым келеді. Біздің бауырлас қазақ халқымен достығымыз барлық салада дами беретініне сенемін, – деді Қырғызстан Президенті.


Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіштің ашылуына жиналған екі елдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.

Просмотров материала: 458

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 894 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 519 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 013 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 078 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 436 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 851 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 907 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 214 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 840 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 913 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 096 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 648 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 678 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 445 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 304 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 949 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 241 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 645 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 460 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 328 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 160 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 018 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 342 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 238 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 725 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 077 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 313 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 067 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 006 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 130 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 075 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 277 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 432 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930