2 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында өңірлерге жиі шығып, ауыл мектептерін де, қала мектептерін де аралау маңызды екенін айтты.

Оның пайымынша, мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер министрлік қабылдаған шешімдердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

«Министрліктің мектептер, колледждер және балабақшаларды басқару бөлігінде құзыреті жоқ екені құпия емес. Оларды қаржыландыру, жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, басшыларды тағайындау және босату сияқты жұмыстың барлығы заңмен әкімдіктерге бекітілген. Сондықтан бақылауда ұстап отырудың маңыздылығы жоғары. Өңірлердегі мектептерді аралағанда өзім үшін түртіп қойған өзекті мәселелердің бірі – мектеп асханаларының жұмысы. Бұл бағытта бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблема бар.

1. Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды.

2. Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады. Бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін.

3. Кейбір өңірлер асханаларды МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүр. Біз МЖӘ-нің дамуын қолдаймыз. Бірақ кейде бұл конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады. Біріншіден, біз конкурссыз Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз.

Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады.

Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз.Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады.

4. Мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және т.б.). Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет», - деп жазды ведомство басшысы. Министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылған.

«Біз заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасадық, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі. Бұл нормалар - асханалардағы буфет өнімдерінің бағасын реттеу, ашық конкурстар және ақылға қонымды кезеңге МЖӘ арқылы асханаларды беру, қолма-қол ақшасыз төлемді және тамақтанудың тиісті сапасын қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлердің мүдделерімен де санасу керегін түсінеміз, бірақ біз үшін балалар әрқашан бірінші орында. Демек, бұл олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды білдіреді», - деп толықтырды Асхат Қанатұлы жазбасын. Министрлік аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады.
Просмотров материала: 1 113

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 612 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 188 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 714 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 771 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 121 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 264 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 366 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 654 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 081 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 195 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 558 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 432 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 565 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 210 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 679 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 455 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 143 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 547 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 317 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 255 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 931 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 224 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 149 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 650 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 446 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 240 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 613 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 994 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 937 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 021 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 976 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 189 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 345 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930