31 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Біреулер кірген»: Шымкентте перзентхана жанындағы жарылыс қасақана жасалған ба

24 май 2022, 8:45
«Біреулер кірген»: Шымкентте перзентхана жанындағы жарылыс қасақана жасалған ба

Фото: Видео скрин
Шымкентте перзентхана маңындағы жойқын жарылыс қолдан ұйымдастырылуы мүмкін. Күл-талқаны шыққан дәріхана басшылары осылай дейді. Себебі: оқыс оқиға болардан бұрын зертханаға бәз-біреулер кіріп, дабыл қағылған, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.


Ал перзентхана ғимараты қираған сәтте алты әйелдің толғағы келген. Оның біреуін дәрігерлер гаражда босандырып алыпты. Қазір апаттан жарақат алған жеті адам ауруханада жатыр. Ал қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Оның екеуі жаңа туған нәресте. Үш апта бұрын үшемді дүниеге әкелген жас ана бір сәтте қос сәбиінен айырылып қалды.

Жойқын жарылыстан күл-талқаны шыққан перинаталды орталық қазір жабық. Әзірге қызметкерлер перзентхана ішіндегі құрал-жабдықтарды қауіпсіз жерге көшірумен әлек. Ал осында жатқан 198 әйел өзге перзентханаларға ауыстырылған.

Сенбі күнгі жарылыстан төрт адам көз жұмды. Біреуі үш ай бұрын ғана шаңырақ көтерген перзентхана күзетшісі болса, тағы екіншісі аумақта құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшы. Тағы екеуі өмірге келгеніне 18 күн болған үшемдердің сыңары. Аман қалған үшінші шақалақ қазір жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Ал жарақат алып ауруханада жатқан 7 адамның екеуі жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы перзентхана қызметкерлері.

Ал жарылыс жапсарлас тұрған дәріханада болған. Бұл ғимаратта зертханада орналасқан. Мұнда ауруханаларға қажет дәрі-дәрмектер жасалынады. Іші химикаттарға толы нысанның өкілдері жарылысқа бәзбіреулердің қатысы болуы мүмкін дейді. Себебі, сенбі күні жарылысқа дейін жабық тұрған ғимаратқа белгісіз біреулер кірген деп отыр.

«Терезенің сынғаны және ішінде біреу жүргені туралы құрылғылар дабыл қақты. Артынша, 15 минуттан кейін жарылыс болды. Біреулер кіруі мүмкін деп ойлаймыз. Тергеушілерге жазып бердік, бұл туралы. Бірақ бұл тексеріліп бітем дегенше, қарап отырмай, жанымыздағы перзентхана мен бүлінген үйлерге көмек көрсететін боламыз», - деді «Фарм Синтез» ЖШС заңгері Нұржан Пакеев.

Зертхана маңындағы үйлер де бүлінген. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ауыр бетон көпқабатты үйдің екінші қабатын тесіп өткен. Пәтерлерде сызат пайда болған. Бесінші қабаттағы бір пәтердің балконы түгел қирап қалды. Есі еткен тұрғындар кімге арызданарын білмейді.

Жарылыстан кейін іргеде тұрған бес көпқабатты үй газбен жарықтан ажыратылған. Электрді бірден берсе, 300-ге жуық отбасы әлі газсыз отыр. Сондай-ақ күшті жарылыстан шатыры кеткен көпқабатты үйдің жабыны толық жаңартылып жатыр.

Қазір дәріхана ішіндегі зертханадағы жарылыс бойынша арнайы комиссия құрылып сараптамалар тағайындалды. Құзырлы орындар тексеріп жатыр. Ал әзірге жабылған перзентхананың 500-ге жуық қызметкері жан-жақтағы ауруханаларда жұмыс істей тұруы қажет. 60-қа жуығы бүгін еңбек демалысына шығуға мәжбүр.


Просмотров материала: 666

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 159 497 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 159 317 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 158 955 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 158 993 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 159 286 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 374 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 518 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 507 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 683 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 506 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 399 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 089 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 954 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 782 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 940 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 067 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 730 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 104 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 832 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 842 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 679 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 523 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 784 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 727 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 236 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 674 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 558 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 817 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 151 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 557 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 537 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 578 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 523 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 759 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 903 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031