22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ топырағында егілетін дәнді дақылдар тұқымының 65 пайызы шеттен әкелінеді

23 май 2022, 11:19
Қазақ топырағында егілетін дәнді дақылдар тұқымының 65 пайызы шеттен әкелінеді

Фото: ашық дереккөзден
Қазір еліміздің барлық өңірлерінде егіс науқаны қызған шақ. Биыл дән себілетін алқап көлемі – 23 млн. гектар. 2,3 млн тонна тұқым сіңіру жоспарланған. Тек сол тұқымның басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 65 пайызы шетелдерден, соның ішінде Ресейден әкелінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚУАҢШЫЛЫҚ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН

Көрші мемлекеттің астық экспортына шектеу қоюына байланысты жауапты науқан бастала тұқым тапшылығы туындады. Сондықтан кей шаруалар дала жұмыстарына кешеуілдеп кірісті. Егіннің бітік шығуына қуаңшылық та кері әсерін тигізе ме деген үрей бар. Ауа райын болжаушылар да былтырғы жағдай қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, топырақтың ылғалдылығы 17-120 мм аралығында. Бұл өте төмен көрсеткіш. Топырақтың бір метр тереңдігінде мүлде ылғал жоқ. Кейбір аудандарда жағдай күрделі. Егер жаңбыр болмаса, егін күйіп кетеді», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы Дәурен Қосшығұлов.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі тірегі, азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Нан – адам баласы тұтынатын негізгі тағам болғандықтан, бұл өнім түріне әлем бойынша сұраныс жоғары. Мәселен өткен жылы еліміздегі наубайханалар 528 мың тонна нан пісірген. Сонымен қатар 178 мың тонна макарон өнімдері шығарылыпты. Бидай – спирт өндірісінде, жарма жасауда, кондитерлік өнімдер пісіруде пайдаланылады. Жалпы Қазақстан халқы жылына орта есеппен 6,2 млн тонна бидай тұтынады.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ТОЗҒАН

Өткен жылғы қуаңшылықтан кейін ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау күшейтілді. Салаға 449 млрд. теңге бағытталып отыр. Тек өсімдік шаруашылығының өзіне 107,2 млрд.теңге бөлінген. Бұл аз ақша емес. Шаруаларды қолдау зор. Бірақ түрлі бағдарламалар қабылданып, қыруар қаржы жұмсалып жатқанымен, жүйелі жұмыстың жоқтығы діттеген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермей келеді.

«Қазақстанның ішкі сұранысты тұқыммен қамтамасыз етуге қауқары бар. Тек ғылыми орталықтарды, ғылыми инстутиуттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Қазір пайдаланылып жүрген техниканың дені – Кеңес үкіметінен қалған. Ғылымға да қатты көңіл бөліп, қажет деген салаларды ғана емес, барлық салаларды мемлекет тарапынан қолдап отыру қажет. Мәселен былтыр қабылданған үшжылдық ғылыми бағдарламада көпжылдық шөптер жобасы қаржыланбай қалды. Сол себепті селекциялық үрдіс тоқтап қалды. Енді біз ол шөптердің тұқымымен қамтамасыз ете алмаймыз. Мұндай мысалдар жетерлік», - дейді А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертхана меңгерушісі Елжас Қайыржанов.

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІ СОРТ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Елорданың іргесіндегі Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өткен жылы бидайдың құрғақшылыққа төзімді «Таймас» деген сортын шығарды. Отандық тұқым әзірге 4 шаруашылықта ғана қолданылып жатыр. Ал басқалары оны сатып алуға асығар емес. Себебі, бағасы ресейлік өнімнен қымбат.

«Құрғақшылыққа төзімді тағы да 3 сорт дайындап жатырмыз. Ал оның потенциалдық өнімділігі 40 центнерге дейін барады. Былтырғы қуаңшылық жылдарында біздің кейбір сорттар 25-30 центнерге дейін өнім қалыптастырды. Кейбір тауар өндірушілер мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады. Ол агротехниканы толық пайдаланбағанына байланысты», - дейді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы, АШ ғылымдарының докторы Нұрлан Серекпаев.

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІС АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ЖОҚ

Теріскей тұрғыны Жомарт Омаров – көп жылдан бері егіншілікпен айналысып келе жатқан даңғайыр диқан. Ол елімізде тұқым өндірісінің ақсап тұрғаны – ғылым мен өндіріс арасында сабақтастықтың жоқтығынан дейді. Ғалымдардың зертеуі қарапайым шаруаларға жетпейді. Әр диқан өз білгенін істеп жатыр.

«Ғылым, өндіріс пен билік арасындағы байланыс үзілмеуі керек. Ғылым орталықтар, бір-екі шаруашылықпен жүргізген ісіне қуанады. Қалғандары өз бетінше жұмыс істейді. Қазақстанда тұқым өндірісі даму үшін отандық өнімге 80 пайыз субсидия беру керек деп ойлаймын. Ал шетелдікке 20 пайыз болсын. Табыс – селекционерлерді ынталандырады. Сонда сапалы тұқым аламыз», - дейді Жомарт Омаров.

Жер аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орындамыз. Алайда кең даланың бәрі егістікке жарамды деп айта алмаймыз. Егістік алқаптың көлемі жөнінен 17-ші сатыдамыз. Бұл – барлық территорияның 10 пайызына жуығы. Ал сол алқапқа егілетін дәнді-дақылдардың өнімділігі бойынша Қазақстан дүниежүзілік рейтингтің жүздігіне де енбейді.

ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЫЛҒАЛ АЗАЙЫП БАРАДЫ

Ғалымдарды толғандырып отырған мәселелердің бірі - климаттың ғаламдық жылынуы. Себебі ауыл шаруашылығы, әсіресе өсімдік шаруашылығы табиғат жағдайларына тәуелді. Соңғы 5 жылда топырақ құрамындағы ылғал 1,5 есе азайған. Бұл үрдіс жалғаса беруі мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, топырақтағы ылғалдың төмендігіне табиғи құбылыстан бөлек антропогендік фактор да әсер етіп отыр. Мол өнім алуды ғана көксейтін кейбір диқандар жердің құнарын сақтауға тиісті көңіл бөлмейді. Бұл мәселе экологиялық апатқа әкеліп соғуы да мүмкін.

«Монодақылды өсіре бермеу керек. Бізде көпшілік бидай немесе арпа дақылын егіп үйреніп қалған. Міндетті түрде ауыспалы егіс жүйесін сақтау керек. Тыңайтқыштарды қолдануды оңтайландыру қажет. Міндетті түрде ылғал жабу, қыстүгүні қар тоқтату жұмыстарын орындау шарт. Егістікке дайындау алдындағы барлық агротехникалық шараларды тиімді әрі сапалы дер кезінде жүргізу қажет. Сонда топырақ құнарын жоғалтпайды», - дейі ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Мұхтар Әшірбеков.

Әлемдегі негізгі астық эскпорттаушы елдердің көш басындағы Ресей мен Украинадағы жағдай нарықтағы бағаны күрт өсіріп жіберді. Бұл қазақстандық диқандарға жақсы. Дегенмен шаруалар астықты сатып қана қоймай тың технологияларды игеріп, тұқым сапасын жақсартса, өнімділікті арттырса игі. Және бар жиған-тергенін сыртқа сатып жіберіп, ішкі нарықтағы нан бағасын шарықтатып алмаймыз ба деген үрей де жоқ емес. Малға да жем керек. Демек, бұл аласапыран заманда арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмеудің жолын тапқан жөн болар.
Просмотров материала: 741

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 246 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 062 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 717 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 736 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 043 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 500 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031