11 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



16 млн тонна мұнайды Каспий құбырына балама жолдармен экспорттай аламыз - министр

16 млн тонна мұнайды Каспий құбырына балама жолдармен экспорттай аламыз - министр

Фото: Ашық көзден
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай тасымалы бойынша Каспий құбырына балама маршруттардың сыйымдылығын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын айтты.

«Каспий құбыр консорциумына келетін болсақ, бұл негізгі экспорттық маршрут. Негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы ең шеткі айлақ жоспар бойынша айдың соңына дейін жөнделеді. Негізінде, маршрут штаттық режимде 100 пайызға жұмыс істеп тұр деуге болады. Бізде балама жолдар бар. Бірақ Каспий құбыры сияқты үлкен көлемде емес. Өйткені жылына 54 миллион тонна мұнайды тасымалдайтын балама жолды бір түнде табу мүмкін емес», - деді ведомство басшысы Нұр-Сұлтан тұрғындарымен кезесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай көлемді орналастыру үшін кем дегенде үш жыл қажет.

«Тіпті Қытайға жетізетін балама жолдың қуаты 20 млн тонна ғана. Мүмкіндікті кеңейтеміз деген күннің өзінде Қытай сонша көлемде мұнай алуға дайын ба деген мәселе бар. Ол маршрут бойынша жалғыз тұтынушы ғана бар – Қытай. Олардан басқа ешкім тұтына алмайды. Баку маршрутын балама ретінде қалыптастыру инфрақұрылым тұрғысынан өте ұзақ. Әуелі портты қалпына келтіріп, кейін көлемін ұлғайта бастау керек болады. Екінші құрық портын орнатып, мұнай құбырын тарту керек. Танкерлер табу қажет. Каспидің табаны таяз болғандықтан онда кез келген танкер жүзе алмайды. Тек 12 мың тонналық танкерлер ғана жүзе алады», - деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ, ол Баку тарапы Қазақстан тасымалдайтын көлемдегі мұнайды қабылдауға дайын болмауы мүмкін екенін еске салды.

«Осының бәрін ескерсек бұл мәселе өте күрделі. Бірақ біз балама нұсқаларды қолданамыз. Бүгінде мұнайдың бір бөлігін осы балама жолдарға жөнелтіп жатырмыз. Бұл 16,5 млн тоннадай болады. Әрине, ол 54 млн тонна емес. Біз басқа бағыттар бойынша жүк тасымалдаймыз. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Бірақ біз басқа да тәсілдерін қарап жатырмыз», - деді министр.

Шарадан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында Каспий құбырына балама жол төсеудің мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

Айтуынша, Баку бағыты бірнеше жылдың ішінде инфрақұрылым төсеуге болады. Бірақ оны резервте ұстап тұрудың шығыны орасан көп болуы мүмкін.

«Құбырға қызмет ету шығындары болады. Мысалы құбыр төсеп, басқа елдің аумағына порт салынды дейік. Ол портты жалдау ақысын мұнай тасымалдасақ та, тасымалдамасақ та төдеу керек болады. Осындай түрлі шығындар бар. Қазір соның бәрін зерделеп жатырмыз», - деді ведомство басшысы. Осы айдың басында Болат Ақшолақов «Каспий құбыр консорциумы ақауынан келген шығын елеулі емес» екенін мәлім еткен еді.
Просмотров материала: 873

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 773 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 957 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 992 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 364 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 802 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 169 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 848 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 879 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 085 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 869 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 001 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 632 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 511 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 750 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 504 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 901 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 698 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 512 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 355 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 200 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 933 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 358 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 261 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 497 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 895 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 185 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 260 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 502 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 639 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031