3 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ерлан Қошанов: Референдум – жарқын болашаққа басқан нық қадам

Ерлан Қошанов: Референдум – жарқын болашаққа басқан нық қадам

Фото: ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру үшін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Алдымен Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті.

Ерлан Қошанов жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатқанын айтып, өңір халқын Абай облысының құрылуымен құттықтады.

Семей – Алаш арыстарының басын қосқан қазақ руханиятының қара шаңырағы. Сондықтан тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, аумақтық жағынан, халық саны жағынан алсақ та, әділ шешім болды деп ойлаймын. Ендеше, сіздерді сол тарихи әділеттіліктің орнауымен шын жүректен құттықтаймын, – деді Палата Спикері.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Президенттің Абай облысын құру туралы шешімі аймақтың одан әрі өркендеуіне тың серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады және кәсіпкерліктің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Ерлан Қошанов: Референдум – жарқын болашаққа басқан нық қадам


Абай өңірі, Семей жері тарихтың жаңа парағын ашты. Біз Абай облысының шаңырағын халқымызбен, Президентімізбен бірге көтереміз. Осы істе Парламент Мәжілісі, «AMANAT» партиясы да сіздермен бірге болады, – деді Мәжіліс Спикері.
Ерлан Қошанов ел тағдырын айқындайтын үлкен мақсат-міндеттерге тоқталып, ол жалпыхалықтық референдумнан басталатынын атап өтті. Мәжіліс Төрағасы жиналған қауымға Мемлекет басшысы реформаларының мән-маңызын түсіндіріп, «Жаңа Қазақстанның» келешек келбеті жайлы өз ойымен бөлісті.

Расымен де, Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Қазір ең жиі қойылатын сұрақ осы. Президент жуырда бұған нақты жауап берді. «Ол – Әділетті Қазақстан» деп дөп басып айтты. Ал «жаңа қазақстандық» қандай болуы қажет? Мұны осы топырақта туған ұлы Абай 1 жарым ғасыр бұрын айтып кеткен. Ол – бес нәрседен қашық боп, бес нәрсеге асық болуы керек. Қарап отырсаңыздар, Абай философиясы Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» туралы көзқарасымен толық үндесіп тұр. Сондықтан жастарды білімге, еңбекке баулу, осы бес қасиетті бойына сіңіру маңызды, – деді Палата Спикері.

Ерлан Қошанов Президент реформаларының жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта Парламенттің рөлі күшейетініне, еліміздің сайлау жүйесіне де бірқатар өзгерістер болатынына мән берді. Әсіресе, әкімдер сайлауы – көпшілікті қызықтыратын тақырыптардың бірі.


Бұл тақырып ел арасында жиі айтылып жүр. Біз оған кезең-кезеңмен келе жатырмыз. Былтыр елімізде 1 мыңға жуық ауыл әкімін халықтың өзі сайлады. Келер жылы аудан әкімдерін сайлауға кірісеміз. Алдағы кезеңдерде бүкіл ауыл, аудан, қала әкімдері халықпен тікелей сайланатын болады. Облыс басшыларын тағайындау мәселесіне келер болсақ, бұрын Президент ұсынған жалғыз кандидат 20-30 облыстық мәслихат депутатымен келісілетін. Енді Мемлекет басшысы тарапынан кем дегенде екі үміткер ұсынылады. Оны барлық деңгейдегі мәслихаттар, аудан, қала, облыс депутаттары таңдайтын болады, – деді Мәжіліс Төрағасы.
Жиында облыстың қоғам өкілдері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының референдум өткізу жөніндегі бастамасы мен барлық реформаларды қолдайтындықтарын айтты.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ұжымымен кездесті, еліміз бойынша қабырға материалдарын шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі «Силикат» зауытында болып, жұмысшылармен әңгімелесті. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысымен танысты.



Сапар барысында Ерлан Қошанов Абай ауданындағы Қарауыл ауылына барып, жұртшылықпен кездесті. Онда Президент бастамаларының мән-маңыздылығын түсіндіріп, ауыл зиялылары мен тұрғындарының пікірін тыңдады.

Елімізде Қарауылды білмейтін қазақ жоқ шығар. Бұл – адамзатқа ғұлама Абайды сыйлаған қасиетті топырақ. Осында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған Мемлекет басшысының саяси реформалары төңірегінде өздеріңізбен әңгімелесу үшін арнайы келдім. Президент ел тағдырын – қалың жұрттың өзі шешкенін қалап отыр. Осынау жауапты кезеңде халық пен билік біртұтас болуымыз керек. Осы жолды Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, референдумға бір кісідей атсалысуға, тарихи таңдау жасауға шақырамын, – деді Палата Төрағасы.

Кездесуге келген зиялы қауым өкілдері Абай ауданы жұртшылығының реформаларды жақсы қабылдап жатқанын және оның маңызын ескере отырып, алдағы референдумға атсалысатындарын айтты.

Бұл реформалардың бәрі халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап береді. Біз оны жақсы түсінеміз. Елдің иесі, жердің иесі – халық деген сөз жүрегімізге жақын тиді. Президентіміз жұмысқа кіріскен күннен бастап осы демократиялық процестердің жүзеге асуын сөз етіп жүр. Біз оны толық қолдаймыз, – деді Абай ауданының құрметті азаматы Амантай Мұқатаев.
Кездесу соңында жиналғандар Президентке Абай облысының құруға ұйтқы болғаны үшін күллі аудан атынан шынайы алғыс айтты.



Облысымыз құрылып жатыр. Зор мақтанышпен, үлкен үмітпен қарап отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің сәлемімізді жеткізіңіз. Абайлықтар мен Абай ұрпақтары шексіз алғысын білдіреді. Өңіріміздің гүлденуіне бәріміз бір кісідей атсалысамыз, – деді Абай ауданының құрметті азаматы Төлеген Жанғалиев.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Қарауылда орналасқан Абай атындағы мектеп-гимназиясын аралап, мұғалімдермен және оқушылармен кездесті.
Просмотров материала: 424

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 164 558 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 164 390 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 164 019 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 164 058 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 164 344 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 691 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 046 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 940 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 108 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 868 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 612 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 223 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 076 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 898 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 076 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 180 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 845 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 229 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 956 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 966 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 797 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 641 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 894 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 845 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 354 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 805 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 678 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 942 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 273 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 679 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 652 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 693 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 645 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 875 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 018 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930