14 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Сүйегі сынып, миы шайқалған» – лифтіде күйеуі тепкілеген әйел оқиғаның мән-жайын айтты

19 май 2022, 8:47
«Сүйегі сынып, миы шайқалған» – лифтіде күйеуі тепкілеген әйел оқиғаның мән-жайын айтты

Фото: видео скрин
Астанада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамның әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Жәбірленушінің айтуынша, жуан жұдырықты күйеуі оны тіпті өз туыстарынан да қызғанған. Ауыр соққы мен тепкіден әйелдің төрт жерден сүйегі сынып, миы шайқалған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Отасқан төрт жылда көрген қорлығым тек бұл емес дейді ол. Енесі осындай отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресіп, әйел мен бала құқығын қорғап жүрген белсенді екен.

Аружан жолдасы Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрған. Ортада екі балалары бар. «Бірақ, отбасы деген аты ғана. Бірге болған жылдарымның барлығында ұрып-соғудан көз ашпадым», – дейді Аружан.

Келіншектің айтуынша, көрмегені жоқ. Ұрған,соққан, буындырған. 20 градус суықта балконға қамап қойған. Көп жағдайға жанжалға шектен тыс қызғаныш себеп болады екен. Тіпті соңғы кезде өз туысқандарынан да қызғануды шығарды дейді Аружан. Желіде тараған видеоға да сондай жағдай себеп болыпты.

Жәбірленуші Аружан Байметова: «Біз екеуміз менің туыстарымның шақыртуымен караокеге бардық. Бір сәтте мен қолыма микрофан алып ән шырқай бастадым. Екінші микрофонды күйеу балам, яғни сіңлімнің жолдасы алып қосылды. Күйеуім дереу ұялы телефоныма қорқытып хабарлама жіберді. Кеш тарқап үйге келгенде жедел саты есігі жабылмай жабып мені ұра бастады. Мен жерге құлап қалдым», – дейді.

Бірақ жолдасының сол күнгі төмпеші мұнымен бітпепті. Айтуынша, күйеуі өздерін үйге жеткізіп тастаған інісімен бірге болдың деп, әйелін тағы соққының астына алған. Бірақ полиция бұл деректі ескермей отыр дейді Аружан. Жалпы сол күнгі соққыдан келіншектің төрт бірдей сүйегі сынып, миы шайқалған.

Ал енесі болса, бұл бәріміздің басымыздан өткен жағдай деп жұбатады екен. Сол сабырға шақырған енесі Шымкент қаласындағы белсенділердің бірі екен. Дәлірек айтқанда, балалар мен әйелдер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы. Ұлы әлеуметтік желіні шулатқаннан кейін Гүлайым Шұңғараева әлеуметтік желідегі парақшаларын түгел өшіріп тастаған. Өзімен телефон арқылы тілдескенде «баламды қолдамаймын» деп отыр. Бірге тұрғанда ешқандай оғаш қылығын байқамадым деп ақталды.

Күдіктінің анасы Гүлайым Шұңғараева: «Бұл жағдайды айтып өтерім, әрине, қолдамаймын. Бірақ бұл – Астанада болған оқиға. Төрт жарым жыл бойы балам мен келінім менің қолымда тұрды. Ешқандай мұндай нәрсе, әбестік, қол жұмсау деген болған емес», – дейді.

Әйел құқығын қорғап жүрген белсенділер мұндай жағдайдың көптігін, бірақ басым бөлігі жабулы қазан күйінде қалатынын айтады. Жыл басталғалы төрт айда тағы 300-ден астам дерек анықталған.

Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы, яғни денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жігіттің өзі бостандықта. Оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберген.

Ал жолдасынан зәбір көрген Аружан Байметова жақын күндері заңды түрде ажыраспақ.
Просмотров материала: 1 652

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 688 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 221 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 786 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 836 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 158 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 885 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 003 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 540 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 677 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 201 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 227 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 503 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 325 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 158 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 480 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 405 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 496 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 231 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 205 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 039 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 160 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 094 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 592 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 250 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 913 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 187 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 548 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 938 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 887 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 950 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 916 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 135 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 276 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728