13 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліске «бұзық» депутаттар келеді деген үміттемін – Саясат Нұрбек

13 май 2022, 12:45
Мәжіліске «бұзық» депутаттар келеді деген үміттемін – Саясат Нұрбек

Коллаж: Azattyq Rýhy
Күні кеше хабарлағанымыздай, референдум арқылы Ата заңымызға көзделіп отырған түзетудің бірі – қазіргі заң қабылдау тәртібін өзгерту. Яғни, қазір қандай да бір заң жобасын алдымен Мәжіліс әзірлеп, үкіметтен келген заң жобасы болса, екі оқылымда талқылап, кейін оны Сенатқа жібереді. Сенат та оны қайта талқылап, түзету енгізу керек болса оны қайта Мәжіліске жіберіп, Мәжіліс ол түзетуді енгізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ал ендігі өзгеріс арқылы кез келген заң жобасын Мәжіліс қабылдайды, Сенат не келісетінін, не келіспейтінін айтады. Саясат Нұрбектің айтуынша, Конституция өзгерсе, Сенат келіспеген заң жобасына Мәжіліс қайта қолдап дауыс берсе, Сенаттың шешімі күшін жояды. Парламенттің жұмысына қатысты осы және өзге де өзгерістерге қатысты пікір білдірген Саясат Нұрбек маңызды заңдар тез қабылданар еді дейді.

«Бұл – бір. Екіншіден, Мәжіліс депутаттарының саны 107-ден 98-ге дейін қысқарады және тазарады. Мен өзім жаңадан сайланған депутат болған соң, маған ондағы жағдай біртүрлі көрінді: Мәжіліс депутаттары сайланбаған, ҚХА квотасы бар. Бұл саяси мәдениет тұрғысынан да біртүрлі. Толыққанды сайланған Мәжіліс болған жағдайда, бәсеке де, белсенділік те болар еді. Енді осы өзгерістер арқылы партиялық тізімдегі депутаттардан басқа, ешбір партияға мүше емес, өзінің округінен мандат арқылы сайланған депутаттар келеді. Партиялық тізіммен келген депутаттардың пікірі де, бас еркіндігі де, жауапкершілігі де онша емес. Ал енді мажоритарлық жүйе, яғни аралас жүйе енсе, Мәжіліске тек партиядан ғана емес, мандатпен сайланған депутаттар келеді. Саясаттың қызығы сонда басталады, өз басым бұл өзгерістерді қатты күтіп жүрмін», - деді депутат.

Саясат Нұрбектің болжамынша, партияға қатысы жоқ депутаттар өзін сайланған халықтың мүддесін ойлап, партиядан келген әріптестеріне қарсы пікір білдіреді, партия алдында еш қарызы болмағандықтан, тек сайлаушыларының алдында жауапты болады. Егер ол сайлаушылардың көңілінен шықпаса, халық оның мандатын басқа біреуге алып бере алады.

«Бір сөзбен айтқанда, мандатпен келген депутат партиялық тізімдегі депутаттарға қарағанда еркін болады, тәуелсіз болады, «бұзықтау» болады деген үміттемін. Өйткені қол байлайтын шектеулер жоқ. Осындай жүйе орнаса, яғни басқа бір елдегідей, әлеуметтік топтың мүддесін төбелесіп тұрып қорғайтын депутаттар келсе, Мәжілістің мәдениеті өзгереді. Өзге елдердің парламентінен көрген қызық пікірталас, қызуқанды дебат көретін күніміз болатын шығар», - дейді Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаттары мұндай өзгеріске дайын деген пікірде.

«Бұл сұрақ баланың тәрбиесі сияқты сұрақ қой, яғни «менің балам әлі кішкентай, әлі дайын емес» деген ата-ана сияқты, біз де Мәжіліс дайын ба, жоқ па деп жүре берсек, өзгермейді. Жалпы, 1995 жылдары біз либерализация, демократизация процестерін тоқтатпаған жағдайда қазір басқа саяси мәдениет деңгейіндегі ел болып қалыптасар едік. Бірақ тарих ешқашан өткен шақты түзетпейді. Сондықтан ендігі өзгерістерді өз басым қолдаймын және Мәжілістің келбеті өзгереді деген үміттемін», - деп ой қорытты ол.
Просмотров материала: 606

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 152 542 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 355 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 002 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 032 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 329 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 981 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 127 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 301 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 969 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 157 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 072 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 146 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 967 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 839 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 665 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 811 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 950 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 616 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 988 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 715 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 721 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 565 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 406 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 661 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 607 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 116 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 545 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 443 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 690 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 033 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 444 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 422 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 463 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 406 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 641 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 782 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30