13 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Астанаға бала-шағамды асыраймын деп келдім». Cәбиді құтқарған Сәбит

13 май 2022, 10:04
«Астанаға бала-шағамды асыраймын деп келдім». Cәбиді құтқарған Сәбит

Фото: baq.kz
Бірнеше күннен бері БАҚ және түрлі әлеуметтік желілер үш жасар сәбиді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі жайында жарыса жазып жатыр.

Бүгінгі күннің батыры Сәбит Шонтақбаевтың қайсарлығы бүкіл қазақстандықтың жүрегінен орын алғаны сөзсіз. Ол редакциямызға берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қарапайым құрылысшыдан батыр Сәбитке айналды

36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы. Ата-анасы ауылда тұрады.

Елордаға Қызылордадан осыдан 15 күн бұрын, яғни 26 сәуір күні келдім. Бас қалаға келген бойда жұмыс іздеп, құрылысқа қарапайым жұмысшы болып орналастым. Жұмысқа жетуге ыңғайлы болуы үшін сол жағалаудан, «Камал-2» тұрғын үй кешенінен пәтер жалдадым, - дейді ол.

Сәбит Қызылордада жүрген кезінде әр түрлі жұмыс істеген. Мысалы, машина жөндеу, құрылыс және т.б. Негізгі мамандығы - теміржолшы.

«Астанаға бала-шағамды асыраймын деп келдім». Cәбиді құтқарған Сәбит


Ол 11 мамыр күні болған оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Оны қазір көз алдыма елестете де алмаймын. Бәрі аяқ астынан, ойламаған жерден болды. Жұмысқа барарда күнде осы тұрғын үйдің қасынан өтеміз. 11 мамыр күні де осылай жұмысқа бара жатқанда адамдардың шулап жатқанын байқадық. Сөйтіп ойланбастан баланы құтқаруға кірістік. Терезеде салбырап тұрған балақайдың үйі жабық болғандықтан, төменгі 7-қабаттағы пәтерге кіріп, терезесінен шығып, баланы құтқардық, - дейді отандасымыз.

«Ерлік жасау туралы ойламадық»

Сәбит Шонтақбаев әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеоны көргенін айтты.

Біз ерлік жасаймыз деп ойлаған жоқпыз. Бар ойымыз баланы құтқару болды. Бір-біріне қолдау, көмек көрсету әр адамның борышы деп есептеймін. Біз баланы «баспаналы боламыз» немесе «алғыс аламыз» деп құтқарған жоқпыз. Барлығы ойламаған жерден болды, - дейді ол.

Сәбиді құтқарған Сәбиттің өмірі қалай өзгерді?

Ол 3 жасар сәбидің өмірін аман алып қалғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді.


Өмірім бірқалыпты. Бірақ осы оқиғадан кейін қайырымды жандар баспана сыйлады. Жан-жақтан марапаттар беріп, Алғыс хаттар табыстап жатыр. Онымен қоса, ТЖ бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады, - дейді батыр.


Сонымен қатар Bilimkids жобасының ұжымы да Сәбит пен Сағиды қонаққа шақырып, балаларына кітаптар, ойыншықтар және сабаққа дайындалу үшін 2 планшет сыйға тартты.

Кішкентай қыздың анасы хабарласып, алғысын айтты. Бірақ әлі бетпе-бет кездесіп үлгермедік, - дейді Сәбит Шонтақбаев.

«Астанаға бала-шағамды асыраймын деп келдім»

4 баланың әкесімін. Қазір отбасым, яғни бала-шағам және жарым Қызылордада. Үлкенім 13 жаста, ал кішіміз 3 жаста. Қазір олар сол жақта жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Баланы құтқарған кезде құлап кетпеуім үшін аяғымнан ұстап тұрған Сағи есімді жігіт Қызылордада жүргенімде осында жұмысқа шақырған болатын. Сөйтіп Сағи арқылы осы жұмысқа кірдім. Ол өзі менің алдымда осы жұмысқа тұрған, - деп айтты ол.


Ол астанаға қандай мақсатпен келгеніне тоқталды.

Астанаға жұмыс істеп, ақша тауып, бала-шағамды асыраймын деп келдім. Кеше қала әкімі Алтай мырзамен кездескенде мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға көмек беретіндерін айтты. Енді бұйырса мамандығым бойынша жұмысқа кіргелі жатырмын, - дейді қызылордалық.

«Балаларым «астанаға көшетін болдық» деп қуанып жүр»

Астанадан 3 бөлмелі пәтер берді. Осы оқу жылы аяқталғаннан кейін отбасымда Нұр-Сұлтанға көшіріп алып келемін. Баланы құтқарып алған видеомызды көрген балаларым да қуанып жатыр. Қазір балаларым «астанаға көшетін болдық» деп те қуанып жүр. Жалпы ештеңеге мойымау керек, қайратты, жігерлі болуға тырысу қажет, - деп есептейді Сәбит Шонтақбаев.

Сәбиттің отбасына көмек көрсетіледі

Айта кетейік, оқиға болған күні батыр Сәбит Шонтақбаев қала әкімі Алтай Көлгіновтың қабылдауында болды. Қала басшысы оның мамандық бойынша жұмысқа орналасуына және отбасын елордаға көшіріп әкелуге көмектесуге уәде берді.


Бүгін өз өмірін қатерге тіге отырып, 8-қабаттың терезесінен үш жасар бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлікке пара-пар қадамына куә болдық. Ол елордаға осы жылдың мамыр айының басында Қызылордадан келген. Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым. Өз тарапымыздан Сәбиттің отбасына тиісті көмек көрсетеміз. Білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Локомотив зауытының («Локомотив құрастыру зауыты» АҚ) директорымен Сәбитті жұмысқа орналастыру туралы келістім. Бұрын ол осы сала бойынша ҚТЖ-да жұмыс істеген, мамандығы – вагон шаруашылығы. Бұл салада тәжірибесі бар, - деп айтты Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар батырдың отбасы жақын арада елордаға қоныс аударады.

Сол сияқты бүкіл отбасын елордамызға көшіріп әкелу туралы ұсыныс жасадым. Сәбит зайыбымен бірге 4 бала (3 ұл, бір қыз) өсіріп отыр. Жұбайын жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесеміз. Осылайша ресми түрде жұмыс істей отырып, қызметтік тұрғын үйге үміткер бола алады, сондай-ақ өзге де тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады, - деп жазды қала әкімі.

Дереккөз: baq.kz
Просмотров материала: 736

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 152 536 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 349 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 996 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 026 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 323 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 980 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 126 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 300 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 968 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 156 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 071 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 145 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 966 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 838 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 664 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 810 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 949 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 615 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 987 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 714 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 720 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 564 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 405 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 660 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 606 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 115 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 544 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 442 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 689 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 032 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 443 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 421 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 462 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 405 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 640 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 781 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30