13 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Әйелін абайсызда емес, 7 сағат бойы азаптап өлтірген»: журналист Түркістан облыстық ПД шешімін сынға алды

06 май 2022, 15:04
«Әйелін абайсызда емес, 7 сағат бойы азаптап өлтірген»: журналист Түркістан облыстық ПД шешімін сынға алды

Фото: instagram/Гүлмира Әбіқай
Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция жеңіл айып таққан. Танымал журналиске ерлі-зайыптының 8-сыныпта оқитын үлкен қызы аудиохабарлама жіберіп, отбасында болған жайтты егжей-тегжейлі айтып берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, үйдегі төрт баланың үлкені 8-сыныпта оқиды. Журналист жасөспірім қыздың отбасында болған қатыгездікке куә болғанын айтады.

«Шырылдап анасына араша түсіп, полиция шақырып, жедел жәрдемді қарсы алған да сол кішкентай қыз. «Фельдшер келіп анамның құжатын сұрады, «1983-ші жылғы, жас екен ғой» дегенде анамның өлгенін біліп қойдым» дейді баланың үлкені. Маған 10 минуттық аудио жіберіпті, анасының қалай өлім құшқанын егжей-тегжейлі жеткізіпті. Сұмдық… Кешкі 19.00 шамасында басталған қорлау түнгі сағат 2.00-де өліммен аяқталды. Адамнан жан шығу оңай ма, қайран әйел аттай жеті сағат қарсыласқан. Кішкентай балалардың қатыгез әкеге шамасы қайдан жетсін... Апасын (әкесінің анасын) шақырады, оны тыңдайтын ұл қайдан?! Нұрайдың айтуынша, полиция келгенше апасы анасын ұрған моншадағы сынған бөтелке мен пеш темірлерін жинастырып, орнына қойып қойған. Анасының қан киімдерін де тығып үлгерген», - дейді ол.

Гүлмира Әбіқай айғақты жоюға әрекет жасаған адамның ісі де дұрыс емес деген пікірде. Журналист осы орайда марқұм әйелдің туыстарының өтінішін де жеткізді. Марқұмның туыстары тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтініш айтқан. Ал полицияның мәліметінше, аталған жайт Ордабасы аудандық ПБ-де Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша тіркелген.

«Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды. Күдікті өзінің әрекетін мойындап, өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Ерлі-зайыптының ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алатынын айтып отыр. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек көрсетілген», - делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

Қатыгез әке қамауға алынған. Алайда журналист оның үстінен қозғалған қылмыстық іске келіспейтінін мәлімдеді.

«Қазір Үкілайдың күйеуі қамауда, полиция ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағымен «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады.

Марқұмның туыстары бұл бапты 5-тармаққа: «Аса қатыгездікпен өлтірді» деп өзгертуін сұрайды. Сондай-ақ маған ақпарат жеткізген әпкесі «Ордабасыда бәрі бірін-бірі танитын туыс-таныстар болғандықтан, іс бұрмалануы мүмкін, тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтінішін айтты. Шынында, «байқаусызда» дегенін қалай түсінеміз? Кешкі 19.00-ден түнгі 2.00-ге дейін саналы түрде әйелге күш көрсетіп, білгенін істеп, қатыгездікпен қорлаған өлім қалай байқаусызда болады?», - деп жазды журналист.
Просмотров материала: 9 680

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 529 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 189 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 675 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 723 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 096 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 105 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 146 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 446 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 092 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 173 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 354 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 706 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 754 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 481 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 350 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 147 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 582 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 296 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 702 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 510 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 362 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 205 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 064 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 398 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 283 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 763 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 945 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 119 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 354 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 735 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 094 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 037 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 172 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 111 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 324 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 482 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031