23 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев: Қарулы Күштеріміз - Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры

Тоқаев: Қарулы Күштеріміз - Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті.

"Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіріп жатыр. Қарулы Күштеріміз - Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев: Қарулы Күштеріміз - Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры


Президент жақсы жабдықталған заманауи армия мемлекеттілігіміздің берік қорғаны екенін айтты.

"Геосаяси тұрақсыздық, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында біз ұлттық мүддемізді қорғауға, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға дайын болуымыз керек. Сондықтан қорғаныс әлеуетін нығайту әрдайым біздің маңызды басымдығымыз болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы күштік органдарда қызмет етудің абыройлы миссия және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сардарлары өздерінің ептіліктері мен қабілеттерін тұрақты түрде шыңдай отырып, озық жауынгерлік шеберліктерін көрсетіп келеді.

Президент Екінші дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанғанын, бірақ майдангеріміздің ерліктері түрлі себептерге байланысты елеусіз қалғанын еске салды.



Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы офицерлерге аты аңызға айналған үш ержүрек жауынгердің ерен ерлігі туралы айтты. Бұл майдангерлерге қаза болғаннан кейін бүгін "Халық қаһарманы" атағы берілді.

"Біріншісі - атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков. Ол бір өзі майдан даласында 397 жаудың көзін жойған. Бұл ерлік тиісті құжаттармен дәлелденген. Қазақтың қаһарман ұлы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Бірақ ерлігі ескерусіз қалды. Капитан Александр Несмиянов та ерекше ерлік пен қаһармандық көрсетті. Ол бораған оққа қарамастан, орда бекінген бүкіл батальонды өзімен бірге шабуылға көтерді. Жау қорғанысын бірінші болып бұзған Несмиянов жаудың 20 жауынгерімен жалғыз алысып, 13-інің көзін жойған. Қалғанын бас сауғалауға мәжбүр етті. Кезекті ұрыста ол жау шебінің тылына өтіп, басты қауіпті өзіне бұрды, сөйтіп жаудың қорғаныс шебін серіктерінің бұзып өтуіне мүмкіндік жасады. Ал ротаның екі командирі жараланған соң, басшылықты өз қолына алды. Александр Несмиянов үш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ, әр кез оған әділетсіздік жасалып, елеусіз қалды. Жерлесіміз Ыбырайым Сүлейменов те құралайды көзге атқан нағыз мерген болған. Ол бір жылдың ішінде 289 жау әскерін жойды. Бұл ерлік те тарихи деректерде көрсетілген. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова екеуі соңғы демі қалғанша жаумен арпалысып, қаза тапты. Батыр атағына екеуі қатар ұсынылғанымен, Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі жоғары деңгейде бағаланбады", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысқан Төлеуғали Әбдібеков пен Ыбырайым Сүлейменовтің туыстарына Халық қаһарманының ерекшелік белгісі "Алтын жұлдыз" бен "Отан" орденін табыстады. Ал Александр Несмияновтың наградасы музей төрінен орын алады.

"Бұл - шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз ерлеріміздің есімін жаңғыртып, оларды ұлықтай беретін боламыз. Өйткені, ерлік ешқашан ескірмейді. Майдангер аға буын кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге", - деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген еліміздің барша азаматына алғыс айтты.

Содан кейін Президент мемлекеттік наградаларды табыстап, офицерлерге әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді.
Просмотров материала: 763

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 840 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 670 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 297 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 340 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 626 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 579 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 720 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 931 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 783 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 966 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 747 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 538 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 176 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 032 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 855 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 025 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 135 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 803 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 184 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 909 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 922 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 752 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 597 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 850 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 803 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 307 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 755 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 632 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 893 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 226 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 634 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 608 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 648 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 600 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 831 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 972 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031