22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Противогаз кигізіп, тұншықтырады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

06 май 2022, 13:07
«Противогаз кигізіп, тұншықтырады»: әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

Фото: Фотоколлаж
Әскерилер арасындағы әлімжеттік күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Әсіресе марқұм болған Әлібек Қалыбайдың өлімінен соң әскери борышын өтеу міндетті болуы керек пе, жоқ па деген сауал жиі көтеріле бастады. Azattyq Rýhy тілшісі әскери міндетін өтеп келген азаматтарды сөзге тартып, олардан әскердегі әлімжеттік туралы сұрап көрді.

Бір қызығы, олар әскерде әлімжеттік пен ақша бопсалау бар екенін мойындағанымен ашық әңгімелеп бергісі келмеді. Мәселен, аты-жөнін көрсетпеуді сұраған М. есімді азамат әскери борышын Петропавл қаласындағы 66/33 әскери бөлімшесінде өтеген. Оның айтуынша, әскерде таяқ жеу қалыпты жағдайға айналған. Тіпті, тәртіпке шақыратын дұрыс тәсіл саналады. Көбіне әскерге алты ай бұрын келгендер «молодой» сарбаздарды қинап, ақша сұрап, соққыға жығады.

«АДАМ БАСЫНА 3-5 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АҚША АЛАДЫ»

«Қарауылда қателік жіберсең, ұйықтап қалсаң, кешіксең қинайды. Противогаз кигізіп, тұншықтырады. Дембелдер міндетті түрде ақша сұрайды. Адам басына 3-5 мың теңгеден ақша алады. Сарбаздарды денесіне көгерген із түспейтін жерден ұрады. Көбіне басынан ұрады», дейді ол. Өзі де соққы кезінде басынан жарақат алғанын айтқан ол, әскери міндетін өтеп келген соң басын ұзақ уақыт емдетуге тура келген.

«Көп жағдайда дайындыққа ынталары жоқ икемсіз, әлжуаз сарбаздар көп таяқ жейді. Сержанттар дайындық кезінде ілесе алмай қалған сарбазды емес, түгел құрамды жазалайды. Осындай уақытта үлкен әскерлер түнгі уақытта келіп, сарбазға күш қолданады. Армиядағы әлімжеттіктің бары рас, басымыздан талай рет өтті. Сондықтан бұл салаға тәртіп керек», - деп еске алды ол.

Әскерге барудан қашатын жігіттер міндетін өтемес үшін түрлі айла қолданады. Кейбіреуінің айтуынша, медициналық тексеруден өткізетін комиссия мүшелеріне 200 мың теңге шамасында ақша беріп қалып қалған.

«Қазақстан армиясындағы тәртіпсіздіктер туралы көп естігеннен соң әскерге барудан қорықтым. Шынымды айтқанда, аман-есен барып келетініме ешқандай кепіл жоқ. Амалсыз осындай әрекетке баруыма туракелді», - дейді тағы бір кейіпкер.



КЕҢЕС ОДАҒЫ ТҰСЫНДА КІСІ ӨЛІМІ БОЛМАЙТЫН

Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, запастағы полковник Файзулла Қаменов әскердегі әлімжеттіктің себебін тәртіптің ақсауымен, сондай-ақ бақылаудың кемшіндігімен байланыстырады. Ардагердің айтуынша, мұндай мәселе Кеңес Одағы тұсында да көтерілген, бірақ әскердегі кісі өлімі сирек болған.

«Қазақстан тәуелсіздік алған уақытта әскери борышты өтеу мерзімі бір жарым жылдан бастап, қазір бір жылға қысқарды. Жас сарбазды бір жылда ештеңеге үйрете алмаймыз, соның өзінде қашып жатыр. Бірақ әскерде тәртіпсіздік бар екенін, әлімжеттік бар екенін білем. Бұл Кеңес Одағы кезінде де болған. Бірақ кісі өлімі болған жоқ еді. 22 жыл бойы арнайы «Арыстан» қызметін басқараған уағынан білемін. Әскери училищелерді университет, институт деңгейіне көтерсе де, келетін офицерлердің сапасы төмен. Әскерге келген баланы бірінші қарсы алатын взвод командирі, ол күндіз-түні басы-қасында жүруі тиіс. Жауынгердердің әзірлігіне, жеке құрамды жауынгерлік даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне бірден-бір жауапты қызметкер.

Сондықтан, ең әуелі темірдей тәртіп болуы керек. Денсаулығы жарамайтын болса, военкоматтағы комиссия қайда қарап отыр? Бұрын ең мықты сарбаздарды таңдап алатын. Алдымен бойлары, денсаулықтары қаралатын. Қазіргі жас балалардың бірінші ниеті жоқ, екінші денсаулығы жоқ. Әскерге адам таба алмай жатқанда ертең елді кім қорғайды?», -дейді Файзулла Қаменов.

ҚАЙТЫС БОЛҒАН САРБАЗДЫҢ ОТБАСЫНА 500 АЕК КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Бұл орайда әскери борышын өтеуге келіп, артынша қайтыс болған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың оқиғасы қоғамда көп талқыланған мәселеге айналды. Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Боранбаевтың айтуынша, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі.

«Өкінішке қарай, биыл 22 сәуірде Маңғыстау облысында орналасқан әскери госпитальде әскер қатарына шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болды. Болған оқиға жас сарбаздың отбасымен қатар, барша қарулы күш ұжымына ауыр тиді. Оқиғаға қатысты белгілі ақпараттарды ресми түрде бердік. Бүгінде тиісті сараптама алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Мерт болған жас әскердің ата-анасы мен туыстары арнайы келіп, әскери бөлімнің қызметімен танысты», - деді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қайғылы жайттың мән-жайы тергеу нәтижесінен соң белгілі болады.

«Қазіргі кезде белгілісі, сапта тұрған сарбаз басы айналып, есінен танып қалған. Ал толығырақ айта алмаймын, сондықтан істің ақырын сабырмен күтейік. Жас сарбаздың отбасына қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 500 АЕК көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Қорғаныс министрлігімен Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған маңғыстаулық жас сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына оны жерлеуге 80 АЕК көлемінде қаржы бөлу қарастырылған», - дейді Серік Боранбаев.

СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН САРБАЗ САНЫ БЕЛГІСІЗ

Ал соңғы бес жылда әскер қатарында жүрген қанша сарбаз қайтыс болды, қаншасы жарақат алды деген сауалға Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев мардымды жауап айта алмады. Сондай-ақ, ол әскери әлімжеттікке түрлі ортадан келген сарбаздардың мінез-құлқы себеп болуы мүмкін дегенді алға тартады.

«Осы бес айдың ішінде алғашқы болып отырғаны осы оқиға ғана. Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, Шекарашылар қызметі біздің құзыретімізге жатпайды. Басшылары бар, бөлек әскери бөлім. Сондықтан статистиканы айта алмаймын», - деді Серік Боранбаев.

Оның айтуынша, әскердегі әлімжеттік пен оқыс оқиғаның алдын алу үшін бақылау күшейтіледі. Сондай-ақ, тексеру кезінде әр баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайы, отбасылық жағдайы мұқият зерттеледі.

«Жауынгерлік даярлық кезінде жұмасына екі рет психологтармен демалыс күндері тренинг өткізу жоспарланып отыр. Бақылау күшейеді. Командирлері, тәрбиешілер, сержанттар бар, өзіміздің жауынгерлік дос деген болады. Әр бала қоғамнан, отбасынан алған тәрбиесімен келеді. Жиналған 100 баланың әрқайсысы әр түрлі. Бір жылдың ішінде азғантай болса да ойларын, мінездерін өзгертіп, аман-есен жіберуге тырысамыз», - дейді ол.

Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары сөзінен түйгеніміздей, әскердегі әлімжеттікке түрлі ортадан құралған сарбаздардың өзі кінәлі сынды. Бір өкініштісі, қандай да бір келеңсіз оқиға бола қалған уақытта тиісті орындар мен жауапты тұлғалар ешуақытта кінәні өзіне алып, халықтан кешірім сұрауға бастамашы болған емес. Кешірім сұрауды жағдайды түзету құралы ретінде санап, шынайы жанашырлық танытқаннан гөрі, «қатаң бақылауға алынды» деген жаттанды жауаппен құтылғанды құп көреді.
Просмотров материала: 2 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 244 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 060 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 715 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 734 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 041 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 296 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 664 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 500 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031