23 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бюджет туралы заң қабылданғаннан кейін зейнетақы мөлшері қанша болады

Бюджет туралы заң қабылданғаннан кейін зейнетақы мөлшері қанша болады

Фото: Pixabay / Steve Buissinne
Нақтыланған республикалық бюджет туралы заңға президент қол қойғаннан кейін, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қосымша 4%-ке индексацияланады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев мәлімдеді.


Оның айтуынша, үш жылға нақтыланған республикалық бюджетте халықты әлеуметтік қолдауға қосымша 185 млрд теңге қарастырылған.
"Бұл қаражат зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қосымша 4%-ке индекстеуге бағытталады. Осылайша 2021 жылмен салыстырғанда ынтымақты зейнетақының жиынтық мөлшері 11%-ке, ал базалық зейнетақы мен басқа да төлемдердің жиынтық мөлшері 9%-ке өседі. Нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына арналған шығыстың жалпы көлемі 4,4 трлн теңгеден немесе республикалық бюджет шығысының төрттен бір бөлігінен (25%) асады", - деді Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл зейнетақы төлеуге 3 трлн 64 млрд теңге қарастырылғанын (нақтылауды ескергенде) атап өтті. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 трлн 960 млрд теңге бөлінеді. Олар ынтымақты (еңбек) және базалық зейнетақыны төлеуге жұмсалады. БЖЗҚ-дан жасы бойынша жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін 104 млрд теңге көзделген.

"Жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда, зейнетақының (ынтымақты + базалық) орташа мөлшері осы жылдың 1 сәуіріне дейін 105 337 теңге болса, 1 сәуірден бастап 109 346 теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақыны қоса есептесек, зейнетақының (ынтымақты + базалық + жинақтаушы) орташа мөлшері 133 337 теңгеден 138 616 теңгеге дейін өседі", - деді вице-министр.

Сәкеев жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысатындардың зейнетақысы шамамен 30 мың теңгеге көп екенін атап өтті.

Мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылған отбасыларды қолдау

Биыл мүгедектігі бар адамдарға төлем жасауға 370 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша жәрдемақыға 342 млрд теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемге 28 млрд теңге бөлінеді.

Бюджеттен жәрдемақы алатындар үшін төлемнің орташа мөлшері: осы жылдың 1 сәуіріне дейін – 52 609 теңге, осы жылдың 1 сәуірінен бастап – 54 608 теңгені құрайды. МӘСҚ-тен төленетін төлемдерді ескергенде, мүгедектігі бойынша берілетін төлемдердің жалпы мөлшері 81 210 теңгеден 84 353 теңгеге дейін артады.

Асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін төлемдерге биыл 111 млрд теңге қарастырылған.

Бюджеттен алатындар үшін орташа жәрдемақы 43 957 теңгеден 45 627 теңгеге дейін өседі. МӘСҚ-тен төленетін төлемдерді ескергенде, асыраушысынан айырылу бойынша төлемдердің жалпы мөлшері 73 588 теңгеден 76 443 теңгеге дейін көтеріледі.
"Зейнетақы мен жәрдемақылардың жоғары мөлшері маусым айында төленеді. Оның ішіне сәуір мен мамыр айлары үшін қосымша ақы да кіреді", - деді Сәкеев.

Еңбек министрлігінің ақпаратынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 4,2 млн адам әртүрлі әлеуметтік төлем алады.

Соның ішінде: 2,3 млн – зейнеткер; 1,2 млн – бала тәрбиелеп отырған отбасылар; 700 мыңға жуығы – мүгедектігі бар адамдар; қалғаны басқа санаттар.

Айта кетері, бүгін, 5 мамырда парламент 2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады.

Құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілді.
Просмотров материала: 2 354

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 857 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 687 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 314 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 643 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 580 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 721 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 933 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 784 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 967 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 748 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 539 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 177 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 033 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 856 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 026 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 136 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 804 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 185 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 910 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 924 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 754 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 599 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 852 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 804 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 308 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 756 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 633 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 894 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 227 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 635 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 609 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 649 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 601 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 832 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 973 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031