17 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздегі урбанистика деңгейі қандай?

04 май 2022, 8:43
Біздегі урбанистика деңгейі қандай?

Фото: 24kz
2030 жылға қарай әлемдегі 10 млн халқы бар қалалар саны 43-ке жетеді. БҰҰ-ның мәліметі осындай. Қазақстанда қазір үш ірі мегаполис бар. Ауылдан қалаға көшіп жатқандар жетерлік. Бірақ жаһанға шаққанда анау айтқандай көп емес екен. Біздегі урбанистика деңгейі қандай?

Қазақстанның астанасы әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Бейбітшілік ордасы. Шетелдіктер үшін ұялмай көрсететін жауһарымыз. Аспанмен астасқан ғимараттар, түрлі архитектуралық нысандар қала көркіне көрік қосып жатыр.

Елордалықтар мұндай құрылысқа үйреніп те қалған. Бірақ қаз-қатар тізілген үйлердің жанындағы инфрақұрылым жайы көпшілік көңілінен шыға бермейді. Төрт тараптың түйткілі ортақ. Бір ғана Есіл ауданында 44 мыңға жуық адам тұрады. Оларды аула, ойын алаңқайларының ескіруі, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақтардың жоқтығы алаңдатады.

Сапарғали Айшуақов, тұрғын үй төрағасы:

- Міне бүкілі тозды. Ескірді. Балалар мертігіп қалуы мүмкін. Соған жаңадан саламыз деп, өзіміз осындай проектіні жасап, оны бекітіп, халыққа бүкіліне айтып, міне өте ризамыз, бәрін бізге істейміз деп жатыр. Тағы бір өтінішіміз бар, мына плиталар ұшады. Өзіміз қорқамыз жанында жүруге. Есіл ауданында жөндеуді қажет ететін 54 аула бар. Тұрғындар "Халық қатысатын бюджет" жобасына үміт артып отыр.

Жарқын Айтжанов, Есіл аудандық әкімдігі абаттандыру бөлімінің басшысы:

- Соңғы үш жыл мерзімде "Бюджет народного участия" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сол бағдарлама бойынша әр тұрғын сол тұрғын үй кешені бойынша бізге. Сол өтініштерді біздің эксперттік құрамы анықтап, шешімге шығамыз. Бүгінгі таңда сондай 75 өтініш келіп түсті. Оның қорытындылары қазір аяқталуда. Біз жұмысты толығымен жалғастырамыз. Жыл сайын Елордада халық саны өсіп келеді. Мұндай тенденция Шымкент пен Алматыға да тән. Бірақ мамандар жалпы алғанда "біздегі урбанистика көрсеткіші өзге елдерден бәсең" дейді.

Рахим Ошақбаев, "Qazurban" қауымдастығының негізін қалаушы:

- Замануи урбанизмнің ұраны - адамдарға арналған қала деп аталады. Дұрысында үлкен қалалар жаяу жүргіншілер үшін тиімді болуы керек. Тығыз орналасқан құрылыс нысандары көлігі жоқ адамдарға кедергі болмауы керек. Қалалық инфрақұрылым ыңғайлы әрі қолайлы болуы маңызды. Әр қызмет көрсету орындары жақын орналасуы тиіс. Үлкен шаһарлар мен шағын қалаларда бұл мәселе қалай шешіліп жатқанын анықтау керек. БҰҰ дерегінше, алдағы 10 жылда әлемде 10 млн халқы бар қалалар саны 40-тан асады. 90-жылдардың басында ол 10-ға тең болған. Алып қалалардың дені дамушы елдерде пайда болады. Біздегі жағдай қалай өзгеретінін уақыт көрсетеді. Бірақ мамандар көзсіз құрылысқа емес, ғылыми негіздерге сүйену маңызды дейді.

Ерлан Аукенов, урбанистика жөніндегі сарапшы:

- Қаланы жобалауда мән беретін дүние көп. Мысалы, кеңес дәуірінде ені 100-200 метрге дейін баратын көшелер болатын. Бірақ бұл қаланың бюджетіне салмақ түсіреді. Жылу магистралі, сумен қамту, жарық беру, тізе берсең, шығын көп. Дұрыс жоспарлау мен ғылыми түрде әрекет ету қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Рахим Ошақбаев, "Qazurban" қауымдастығының негізін қалаушы:

- Біз жүздеген жаңа нысанның бой көтергенін көрдік. Ал тұрғын үй нарығында жоғары бәсекелестік болған кезде олар бағаны көтермеуге мәжбүр болады. Құрылыстың өз құны оған қарап тұрмайды ғой. Мұндай қайшылық нәтижесінде жоспардағы құрылыс нысандары дер кезінде аяқталмай қалуы мүмкін. Бұл дегеніміз үлескерлердің жағдайы қиындайды. Болжам бойынша алдағы 2-3 жылда 25 мыңдай проблемалы үлескер пайда болуы мүмкін.

2050 жылы әлем халқының үштен екі бөлігі қалада тұрады. Қазір бұл көрсеткіш 60 процентке шақ қалған. Елімізде де ауқымды жоспар бар. Алдағы 10 жылда 5 млн адам мегаполистерге көшеді. Құрылыс қарқын алып жатқанымен халықты баспанамен қамту өзекті болып қала бермек. Қазірдің өзінде елде шамамен 3 млн жуық адам пәтер жағалап жүр.
Просмотров материала: 486

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 404 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 237 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 165 863 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 165 905 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 192 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 960 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 177 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 102 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 268 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 024 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 705 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 279 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 130 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 951 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 134 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 233 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 901 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 282 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 008 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 016 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 850 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 690 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 952 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 896 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 407 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 864 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 729 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 993 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 324 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 738 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 701 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 744 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 700 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 922 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 070 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930