31 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан президенті Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

29 апрель 2022, 15:04
Қазақстан президенті Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан астанасына ресми сапармен келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшиді қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшимаса Хаяшиге ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілету үшін оның бұл сапарының мәні зор екенін атап өтті.

Жапония – еліміз үшін достас мемлекет. Біз екіжақты қатынастарды жоғары бағалаймыз. Биыл екі ел арасындағы қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – тарихи белес. Осы кезең ішінде конструктивті ынтымақтастық орнаттық, стратегиялық серіктестікті кеңейттік. Бұл өзара атқарған жұмыстың оң нәтижесі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықта экономикалық қатынастар маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық ықпалдастықтың әлеуеті зор екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы Жапониямен арадағы көпжақты экономикалық байланыстарды күшейтуге ниетті екенін айтты. Бұдан бөлек екі елдің БҰҰ аясындағы табысты ықпалдастығын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишиданы қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады. Мемлекет басшысының пікірінше, жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен әлеуетінің берік негізі бар.

Өз кезегінде Ёшимаса Хаяши кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Министр Жапония үкіметінің Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестиция салалары бойынша өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда жапон компаниялары көп екенін атап өтті.

Ёшимаса Хаяши Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдады және Қазақстанның ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға берді.

Бұдан бөлек әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. «Орталық Азия – Жапония» форматындағы диалогты одан әрі дамытудың маңызды екені атап өтілді.
Просмотров материала: 930

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 718 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 423 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 915 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 954 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 315 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 970 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 997 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 336 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 027 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 251 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 929 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 054 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 681 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 560 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 598 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 790 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 549 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 961 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 741 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 555 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 403 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 248 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 622 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 494 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 979 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 420 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 308 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 542 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 940 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 285 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 224 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 368 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 305 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 556 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 679 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031