27 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жемқорлық ерекше жайлаған сала – ауыл шаруашылығы

28 апрель 2022, 11:02
Жемқорлық ерекше жайлаған сала – ауыл шаруашылығы

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Жемқорлық – қоғам дерті. Елімізде жағымсыз статистиканың басында оңтүстік өңірлер тұр. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша ең көп дерек Алматы облысында тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 24 млрд теңгеге жуықтайды. Ал ауыл шаруашылығы – жемқорлық ең көп жайлаған сала деп танылды. Azattyq Rýhy тілшісі осы және өзге де мәселелер төңірегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукеновпен сұхбаттасқан еді.

Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің ашылу фактісі көбейген.

– Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша қай облыс бірінші орында тұр? Жемқорлық қандай салада басым?

– Былтыр елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 1 824 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алдыңғы жылғы көрсеткіш – 1 374 факті болатын. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 450 дерек тіркелді. Жағымсыз статистиканың басында Алматы облысы және қаласы тұр. Одан кейін тізімді Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы жалғайды. Ал жемқорлық ерекше жайлаған сала – ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар кеден, білім беру, құрылыс, тұрғын үй шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларында да жемқорлық белең алып тұр.

– Жемқорлық фактісін ашуға көмектескен азаматтарға сыйақы берілетіні белгілі. Өткен жылы Қазақстанда қанша адам, қандай көлемде сыйақы алды? Бұл жемқорлық әрекеттерді әшкерелеуде қаншалықты тиімді?

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық құқықтық тетіктерді әзірледі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы қағидаларды табысты іске асыру үшін қажетті материалдық жағдайлар жасады. Тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы және әлеуметтік іс-шаралар өткізу арқылы халыққа ережелерді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Нәтижесінде, 2021 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 43,9 млн теңге сомасына 135 тұлға ынталандырылды.

Осы жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 31 адам 7,1 млн теңге сомасындағы қаражатқа ие болды.

– Өткен жылы жемқорлық салдарынан мемлекет қазынасына қанша зиян келді? Ең көп зиян әкелген фактіні атап өтсеңіз.

– 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аяқталған қылмыстық істері бойынша шығындар сомасы 23,8 млрд теңгені құрады, оның 20,4 млрд теңгесі немесе 86 пайызы өтелді. Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін күдіктілердің мүлкіне 615 млн теңге сомасында тыйым салынды. Өткен жылы аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген зиянның ең жоғары сомасы 1 млрд теңгеден асты.

– Қазақстан заңнамасына сай жемқорлық фактісі бойынша ұсталған қылмыскерлерге айыппұл салынатыны белгілі. Өткен жылы осындай айыппұлдар есебінен мемлекет қазынасы қанша сомаға толықты? Ең көп айыппұл төлеу фактісі? Қандай қылмыс жасағаны үшін және кім жауапқа тартылды?

– 2021 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сот шешімімен жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 388 адамға айыппұл салынды. Олардың 80 пайыздан астамы парақорлық фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы ең жоғары айыппұл сомасы 150 млн теңгеден асты.

– Өңірлерде мемлекеттік қызметшілер, лауазымды тұлғалар үшін түзету мекемелеріне экскурсиялар ұйымдастырылып жүр. Бірақ солардың арасында пара алып жатқандар аз емес. Бұл тәжірибе жемқорлық фактілерін азайтуда қаншалықты тиімді?

– Біз жемқорлықты жеңу үшін адам санасына әсер етуіміз керек. Бұл проблемамен күресте қолдан келгеннің бәрі орынды деп ойлаймын. Шенеуніктердің түзету мекемелеріне баруы және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды жазалау шарттарымен танысу форматындағы «төтенше терапия» болды. Мәселен адам кеше ғана бірге жұмыс істеп, бір кабинетте отырған әріптесін темір тордың ар жағынан көргенде оның санасына әсер етері анық.

– Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты қанша қылмыс ашылды? Ең негізгілерін атап өтсеңіз?

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың 1-тоқсанында 808 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның 63 пайызы немесе 505-і – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың тіркелген фактілерінің басым бөлігі парақорлыққа және ұрлыққа қатысты. Іс жүргізудегі 1706 қылмыстық істің 364-і тергеумен аяқталды, оның 303-і сотқа жолданды, 61-і ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.

– Қоғамдағы басты мәселелердің бірі – жемқорлықты азайту үшін қандай шаралар жүзеге асып жатыр?

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың дамуына азаматтардың құқықтарын демократияландыру және қорғау бойынша жүргізіліп жатқан реформалар айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте өлім жазасын түпкілікті жою, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолданысқа енгізу, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу, ауыл әкімдерін алғашқы тікелей сайлау және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты қылмыстық схемалар мен ірі ұрлықтардың жолын кесуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықты жою жүйесін жаңғырту мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті иммунитет қалыптастыру, барлық бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізу көзделген. Азаматтардың пікірімен қатар алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе, халықаралық стандарттар және өзіндік практика ескерілген.

Негізгі бастамалар арасында негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу; қаржылық тергеу институтын енгізу; пара уәдесін, ұсынысын криминализациялау; парасаттылыққа тексеруді енгізу тетігін пысықтау; бюджет процесінің, сатып алудың ашықтығын арттыру, экономикадағы мемлекеттік қатысуды қысқарту жөніндегі жүйелі шаралар; сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың ұлттық индексін қалыптастыру; Еуропа Кеңесінің (сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы) және ЭЫДҰ (халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі) конвенцияларына қосылу. Жалпы айтқанда осындай шаралар жоспарланған.

– Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Просмотров материала: 2 926

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 425 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 238 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 882 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 917 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 210 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 108 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 253 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 433 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 131 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 324 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 206 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 241 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 020 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 713 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 168 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 495 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30