28 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкенттегі несиелік баспанаға қатысты жанжал: министр кінәлілерді жазалауды тапсырды

25 апрель 2022, 14:58
Шымкенттегі несиелік баспанаға қатысты жанжал: министр кінәлілерді жазалауды тапсырды

Фото: elements.envato.com
Шымкентте "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуындағы жанжалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пікір білдірді.

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде пәтер алу байқауында жеңімпаз атанған шымкенттік мемқызметкерлерге қатысты жағдай төңірегінде дау туды. Қолданушылар жеңімпаздар тізімінен аудан әкімі және оның туыстары, бөлім басшылары, ірі кәсіпкерлердің аты-жөнін тапқанын алға тартты. Сондай-ақ, олар байқауға қатысу құжаттары бірнеше секунд ішінде, кейде бір мезгілде тапсырылатынына да назар аударған.

Кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Алмаз Ыдырысовтан жағдайға қатысты пікір беруді сұрады. Олар қызмет үзіліспен жұмыс жасап, азаматтарға қолжетімсіз болған күні Шымкенттегі кейбір шенеуніктер "7-20-25" бағдарламасына қалай өтініш беріп үлгергені туралы пікір білдіруді сұрады.

"Себептерін түсіндіру үшін Шымкент қаласының әкімдігіне сауал жолдадық. Жалпы, несиелік қаражат есебінен салынып жатқан тұрғын үйлер несие бағдарламасының шарты бойынша "Отбасы банк" арқылы жүргізлуі тиіс екенін айтқымыз келеді. Шымкент қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс өткізіп, "7-20-25" аясында пәтер беруі - бұл бағдарлама шарттарынан ауытқу. Қалалық әкімдікке шешімдерін қайта қарап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ұсындық. Бұл мәселе бақылауда болады", - деді ол.



Бұл оқиғаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де пікір білдірді. Ведомство ИИДМ басшысының тапсырмасы бойынша құзырлы органдар кінәлі шенеуніктерді жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды деп сендірді.

"Санкцияланбаған конкурс өткізу дерегі бойынша ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады", - делінген хабарламада.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, салынған несиелік тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтар мен салымшыларға кезең-кезеңімен "Отбасы банк" арқылы беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін осы банкпен қажетті келісім жасауы тиіс.

"ИИДМ заңнама шеңберінде әкімдіктің шешімін қайта қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-қимылын қолданыстағы тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкес келтіру қажет екенін атап өтті. Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына сәйкес құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Просмотров материала: 499

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 705 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 371 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 860 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 903 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 271 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 220 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 556 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 208 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 287 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 465 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 727 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 796 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 503 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 376 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 174 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 333 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 734 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 543 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 383 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 226 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 084 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 424 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 792 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 976 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 140 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 377 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 757 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 119 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 059 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 137 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 348 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 502 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031