27 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Облыс әкімдерінің орынбасарлары азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмысы үшін жазаланады

24 апрель 2022, 9:30
Облыс әкімдерінің орынбасарлары азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмысы үшін жазаланады

Фото: primeminister.kz
Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, сондай-ақ "СҚ-Фармация" ЖШС базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Баяндама жасаған ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,6 пайыз болғанын хабарлады. Атап айтқанда, пияз 2,9 пайыз, қырыққабат 2,8 пайыз, құс еті 2,5 пайыз, сәбіз 2,3 пайыз, қант 1,5 пайызға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсуі Нұр-Сұлтан (0,9 пайыз) және Алматы (0,8 пайыз) қалаларында тіркелді.



Оның айтуынша, елімізде сауда үстемесін бақылау жұмыстары аясында үй маңындағы 32 308 дүкен тексерілді (қамту – 77 пайыз), соның нәтижесінде 358 заңбұзушылық анықталды. Барлық деректер бойынша тиісті шаралар қабылданғаны хабарланды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда азық-түліктің (жаңа өнімді есептемегенде 669 841 тонна), оның ішінде сиыр еті, картоп, ұн, жұмыртқа, сүт және басқаларының едәуір қоры қалыптастырылған.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмысы үшін жазаланады


Сондай-ақ ҚР премьер-министрі ӘМАТ бағасының ең жоғары өсімі тіркелген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаевтың және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың, сондай-ақ республика бойынша қырыққабаттың ең жоғары бағасы (килограмына 340 теңге) тіркелген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың есептерін тыңдады.

Кеңесті қорытындылай келе, Әлихан Смайылов бағаны ұстап тұру мәселелері бірінші кезекте маңызды екенін атап өтті.

"Мен бірнеше рет "айналым схемасын" қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалмады. Осы айдың аяғына дейін қаржыландыруды 100 миллиард теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті мақсатты деңгейге жеткізбейтін өңірлерде әкімдердің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тиісті шара қолдану туралы ұсыныстар қаралатын болады", - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов алдағы аграрлық маусым қарсаңында өңірлердің басты міндеті күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге форвардтық шарттар жасасу болуы тиіс екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге бағаны ұстап тұру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел түрде тікелей жеткізу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіріп отыру тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "СҚ-Фармация" ЖШС медициналық техникасын орталықтандырылған сатып алуға көшу Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқанын еске салды. Биыл жобаны пилоттық режимде іске асыру жоспарланып отыр, ал 2023 жылдан бастап жабдықтарды жергіліктендіру немесе келісімшарттық негізде өндіру бойынша ұзақ мерзімді шарттар жасалады.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бейінді Министрлікке әкімдіктер көтерген мәселелерді ескере отырып, орталықтандырылған сатып алу тетіктерін пысықтауды және Үкіметке тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Просмотров материала: 784

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 118 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 824 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 317 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 351 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 718 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 938 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 968 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 301 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 992 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 015 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 215 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 921 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 047 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 671 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 554 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 588 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 785 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 545 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 954 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 736 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 551 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 396 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 238 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 611 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 487 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 968 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 409 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 300 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 537 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 930 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 276 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 219 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 363 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 298 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 674 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031