12 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мобильді аударымдарды бақылау: Такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме

22 апрель 2022, 10:23
Мобильді аударымдарды бақылау: Такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме

Фото: © Sputnik / Наталья Селиверстова
15 сәуір күні Қаржы министрлігінің мобильді аударымдарды бақылаудың мерзімі мен тәртібін бекіту туралы бұйрығы күшіне енді. Мобильді ақша аударымдарының тексерілетін естіген қарапайым халық бұйрықтың мәнін түсінбей, дүрліге бастады.

Осыған орай Zakon.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаевамен сұхбаттасқан еді.

Қаржы министрлігі өкілі атап өткендей, бұл өзгеріс салықтан жалтарып, кәсіпкерлік табысын жасырып жүрген азаматтарға бола енгізілген.

Қазақстанның кез келген азаматы егер бір жылдағы кәсіпкерлік табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асса, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті!

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық азаматтарын жаппай тексеру 2025 жылы ғана іске асырылады. Биыл бұл бақылау тек мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметке теңестірілген адамдар мен жұбайларына жүргізіледі.

Сала маманы тексеру тәртібіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, 2023 жылдың басында Мемлекеттік кірістер комитеті банктерге Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсырған мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының, мемлекеттік қызметке теңестірілгендер мен олардың жұбайларының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ғана көрсетілген тізімін жібереді. Сол ЖСН арқылы банктер тізімдегі азаматтардың 2022 жылдың қорытындысы бойынша үш ай қатарынан ай сайын 100 әртүрлі адамнан аударым алған-алмағанын тексереді. Егер артық төлем алғаны анықталса, сол азаматтардың ЖСН нөмірін бізге қайта жібереді. Айта кетерлігі, ол азамат қанша теңге алды, кімнен алды дегендей артық ақпарат болмайды, яғни жеке бастың құпиясы сақталады. Тек қана ЖСН нөмірі беріледі. Тізімді алған соң мемлекеттік кірістер органдары тиісті салықтық бақылау, әкімшілендіру жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар аясында сол азаматтарға хабарлама жібереді, хабарламаны алғаннан кейін азаматтар алған мобильді аударымдарды қандай мақсатта алғанын дәлелдеуі қажет.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева
Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, егер мобильді аударымдар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке мақсатта жүргізілген болса, мәселен, әріптестер арасында той-томалаққа, өлім-жітімге т.с.с жиналған ақша болса, ол азамат соны дәлелдеп бере алады. Оған кәсіпкер ретінде тіркелу туралы талап қойылмайды. Егер кәсіпкерлік мақсатта алып отырған болса, онда ол ары қарай кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсібін заңдастыруы тиіс.

Бірден айыппұл салынбайды. Хабарлама жіберіліп, уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында тиісті түсіндірмесін беруі керек. Мақсатымыз жаппай айыппұл салу емес. Мақсатымыз – халықтың қаржылық сауатын көтеру, екінші жағынан тұтынушылардың құқығын қорғау. Мәселен, дүкеннен тауар сатып алып, ақысын мобильді аударым арқылы төлеген тұтынушыға фискалды чек берілмейтін жағдайлар көп кезедеседі. Мемлекеттік кірістер органдарына «Фискалды түбіртек бермеді, пост терминалмен картаны қабылдамады» деген мазмұндағы шағымдар көп түседі. Ең алдымен, тұтынушының құқығы қорғалуы керек. Өйткені ол түбіртек алуға, өзіне ыңғайлы тәсілмен есеп айырысуға құқылы.

Айнұр Сартаева

Министрлік бақылау шарасының кезеңін бекітті. Сол бойынша:

2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының, мемлекеттік қызметке теңестірілгендер мен олардың жұбайларының;

2023 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайларының, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен жұбайларының;

2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен олардың құрылтайшыларының, жұбайлары мен жеке кәсіпкерлердің, олардың жұбайларының мобильді аударымдары жоғарыда аталған әдіспен бақыланатын болады.

тек 2025 жылдан бастап еліміздің басқа санаттағы барлық азаматтары осы бақылауға енеді.

Қазірге барлығының бірдей уайымдайтын реті жоқ. Себебі дәл қазір оларды ешкім тексергелі жатқан жоқ.
Айнұр Сартаева
Маман Қазақстан азаматтарын сол мерзімге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпті заңдастыруға шақырды.

Атап өтерлігі, дүниежүзіндегі дамыған елдердің салық ставкаларымен салыстырар болсақ, біздің елде салық ставкалары әлдеқайда төмен. Мысалы кәсіпкер патентпен жұмыс істейтін болса, оның ставкасының пайызы бір процент қана. Оңайлатылған декларациямен тапсырса, онда үш-ақ процент төлейді. Мұндай ставка басқа елдерде жоқ. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге осы сияқты жеңілдік жасалған.
Одан бөлек, шағын /микробизнес кәсіпкерлері 3 жылға салықтан және тексерулерден босатылған.
Айнұр Сартаева

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары министрлік салық есептеу, төлеу жұмыстарын жеңілдететін e-Salyq Business мобильді қосымшасын әзірленгенін тағы да еске салып өтті.
Просмотров материала: 739

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 258 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 090 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 717 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 764 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 047 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 036 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 176 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 399 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 395 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 560 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 289 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 827 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 338 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 193 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 013 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 202 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 958 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 346 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 065 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 081 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 914 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 748 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 013 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 951 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 467 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 931 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 788 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 057 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 387 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 800 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 758 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 809 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 759 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 986 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 132 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031