2 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сіздің әңгімеңіз жазып алынуы мүмкін: «Kaspersky» банктің қолдау қызметіне түсетін қоңырауларды ұстап қалатын троян туралы айтады

21 апрель 2022, 13:45
Сіздің әңгімеңіз жазып алынуы мүмкін: «Kaspersky» банктің қолдау қызметіне түсетін қоңырауларды ұстап қалатын троян туралы айтады

Фото: Kaspersky
Банк трояндары жетілдіріле түсті. Олардың бірі «Kaspersky» мамандары анықтаған және Fakecalls деген атауға ие болған, пайдаланушылардың қаржы ұйымдарына соғатын қоңырауларын ұстап қала алады. Зиянды бағдарлама танымал Оңтүстік Корея банктерінің банктік қосымшаларына еліктейді. Қаржылық ұйым қызметкерлері ретінде зиянкестер жәбірленушілерден төлем деректерін немесе басқа құпия ақпаратты алуға тырысуы мүмкін.

Адам банктің шұғыл желі телефонына қоңырау шалған кезде, троян жалған қоңырау экранын ашады, содан кейін оқиғалар екі нұсқаның біріне сәйкес дамиды. Бірінші: Fakecalls жәбірленушіні тікелей қолдау қызметкері ретінде танысатын зиянкестермен байланыстырады. Екінші: байланыс жүріп жатқанда, троян корей тіліндегі қысқа аудиожазбаларды қосады. Жазба, мысалы, келесідей болуы мүмкін: «Сәлеметсіз бе, біздің банкке қоңырау шалғаныңыз үшін рахмет. Біздің колл-орталық қазір қоңыраулардың үлкен көлемін өңдеуде. Кеңесші сізбен мүмкіндік болған кезде хабарласады». Бұл зиянкестерге жәбірленушілердің сеніміне кіруге және одан әрі әңгімелесу барысында банк шотының деректемелерін қоса алғанда, құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Орнатқаннан кейін Fakecalls қосымшасы байланыс деректемелеріне, микрофонға, камераға, геолокацияға және қоңырауларды басқаруға қол жеткізу сияқты көптеген рұқсаттарды сұрайды. Олардың көмегімен зиянкес кіріс қоңырауларды басып тастап, оларды құрылғыдағы қоныраулар тізімінен жоя алады, мысалы, егер банктің нақты өкілі клиентке хабарласуға тырысса.

Зиянкестер нағыз банктердің логотиптерін пайдаланады және банктердің ресми сайттарынан табуға болатын нөмірлермен сәйкес келетін нақты қолдау нөмірлерін көрсетеді. Алайда, Fakecalls авторлары банктің әртүрлі клиенттері әр түрлі интерфейс тілдерін, мысалы, корей тілінің орнына ағылшын тілін қолдана алатындығын ескермеді. Троян экраны тек корей нұсқасын көрсетеді, сондықтан кейбір пайдаланушылар тұзақты бірден тани алады.

«Пайдаланушылар банктердің қолдау қызметіне жүгінген кезде тәуекелдерге тап болуға үйренбеген. Алайда, зиянды БҚ дамып келеді, сондықтан мұндай жағдайда да қырағы болу және киберқауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Ең алдымен, қаржы ұйымының нақты қызметкері клиенттен төлем деректерін сұрауға құқығы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, банктік қосымшаларды жүктеу кезінде назар аудару қажет. Жүйе сіздің құрылғыңыздың бақылауына, соның ішінде қоңырауларды өңдеуге шамадан тыс қол жеткізуді қажет етпеуі керек. Егер осындай жағдай орын алса, оның банктік троян болуы ықтималдығы жоғары», — дейді Валерий Зубанов, «Kaspersky»-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры.

Компания осындай зиянды БҚ құрбаны болу қаупін азайту үшін:

- қолданбаларды тек ресми дүкендерден жүктеп алуды, өйткені олар қосымшаларды қауіпсіздік үшін тексереді;

- қолданбалар қандай рұқсаттарды сұрайтынына назар аударуды және олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін шынымен қажет екенін тексеруді;

- ешқашан телефон арқылы құпия ақпаратты айтпауды. Банктердің нағыз қызметкерлері телефон арқылы сөйлесу барысында логин мен парольді, PIN, СVC/СVV-кодты немесе СМС-тен кодтарды сұрамайды;

- барлық құрылғыларға, соның ішінде мобильді құрылғыларға сенімді қорғаныс шешімін орнатуды ұсынады.
Просмотров материала: 1 977

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 787 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 589 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 270 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 576 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 407 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 347 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 467 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 780 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 821 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 812 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 841 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 581 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 456 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 970 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 375 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 302 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 888 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 297 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 285 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 272 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 493 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 639 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930