16 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалімнің көз жұмуына қатысты БҒМ түсінік берді

16 апрель 2022, 12:15
Алматыда тест тапсыру кезінде мұғалімнің көз жұмуына қатысты БҒМ түсінік берді

Фото: pixabay
ҚР БҒМ бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Алматыда тест тапсыру кезінде көз жұмған мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдіріп, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық әріптеміздің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Білім және ғылым министрлігі атынан телеграмма жолданды. Алматы қалалық білім басқармасы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді.

ҚР БҒМ бірінші вице-министрі Шолпан Каринова

Оның айтуынша, педагог алғаш рет 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мұғалім қызметін атқара бастаған. Сондықтан жаңадан келген мұғалім ретінде ол санатсыз жұмыс істеп, оған аттестациядан өту міндетті болмаған. Келтірілген ақпаратқа сәйкес, педагог өзін сауатты, талантты ұстаз ретінде танытқан.

Туыстарының айтуынша, ол өз біліміне сенімді болған. Сол себепті ҰБТ-ға мерзімінен бұрын жазылған. Осындай қайғылы жаңалықтарды пайдаланып, әлеуметтік желілерде мұғалімдердің өз-өзіне қол жұмсауының бірнеше оқиғасы туралы фейктер көптеп таралып жатыр. Бұл - жалған ақпарат. Аттестациялаудың өзі туралы айтатын болсақ. Бұл педагогтің біліктілігін растаудың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан рәсімі. Басқа елдердегідей, оны жүзеге асыру тәртібі уақыт талабына қарай өзгеріп келеді. Жыл сайын білімін жетілдіретін педагогке бес жыл сайын біліктілігін растау қиындық тудырмайды. Оның үстіне мұғалім аттестациядан өтпесе, жұмысын жалғастыра береді. Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді. Мұғалімнің біліктілігі балаларды оқыту мен білім сапасына тікелей әсер етеді. Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп отыр. Онымен қоса, ата-аналар қауымының талабы да артып келеді. Сол себепті мұғалімдердің құзыреттілігін тексеру құралдары үнемі жетілдіруді қажет етеді.


Айта кетсек, 2018 жылға дейін аттестаттау жүйесі басқаша болатын. Ол кезде екінші, бірінші және жоғары санаттар болды. Ал қосымша төлемдер мынадай болды: екіншісіне – 5 мың теңгеге жуық, біріншіге – 7 мың теңгеден жоғары, ал жоғары санатқа – 17 мың теңге. Әрине, бұл мардымсыз қосымша төлемдер болды. Қоғамда жалақыны көтеру мәселесі белсенді көтеріліп, мұғалімдер педагогикалық шеберлік деңгейіне қарай сараланған жалақыны талап етті. 2018 жылдан бастап аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді, оған сәйкес біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемдердің мөлшері жалақының 30%-дан 50%-ға дейін көлемін құрайды.

Мысалы, педагог-шебер 300 мың теңге алса, онда қосымша ақы 90 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін. Аттестаттаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ақысын шеберлік деңгейіне қарай ондаған, жүз мың теңгеден артық көтеруге мүмкіндік берді. Ережеге сәйкес, мұғалімдер бес жылда бір рет біліктілігін арттырады немесе растайды. Егер мұғалім бірінші рет сынақтан өтпесе, оны қайта тапсыруға мүмкіндігі бар екенін түсіну керек. Ең бастысы, сынақтан өтпеген ұстаз жұмысынан айырылмайды, ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Мұғалімдерге ыңғайлы болуы үшін аттестация жылына екі рет өткізіледі. 2018 жылға дейін бұл рәсім жылына бір рет қана өткізілетін. Мысалы, жыл басында тестілеуден өтпесе, онда сол жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін екінші рет сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Бұл ретте әрбір педагог кез келген күнді және уақытты таңдауға құқылы.

Вице-министр қазір мұғалімдердің аттестациядан мерзімінен бұрын жаппай өтіп жатқаны байқалатынын баса атап өтті. Міндетті процедура болмаса да бұл мұғалімдерге қаржылық мотивация ретінде қажет екенін түсінетінін де жеткізді.

Тағы бір маңызды жайт, мұғалім тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана тест тапсырады. Бұл - мемлекеттік білім стандартының ең төменгі талаптары. Сондай-ақ ол мұғалімнің күнделікті оқушыларға үйрететін бағдарламалары. Тестілеу кезінде мұғалімдерден басқа ештеңе талап етілмейді.

Бұдан бөлек вице-министр өз жазбасында тестілеуді өткізу не себепті маңызды екеніне егжей-тегжейлі тоқталған.

Мысалы, мұғалім мектепте 5-6-сынып бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, бірнеше жыл математикадан сабақ береді. Біраз уақыттан кейін ол жоғары сыныптарда пәнді оқыта алады. Осы кезде 5-6-сыныпта ғана жұмыс істеп үйренген мұғалімнің 9, 10 немесе 11-сыныптарға арналған бағдарламаны еске түсіруі қиынырақ болады. Сол себепті теориялық білімді үнемі жаңартып отыру және өз пәні бойынша 1-11-сыныптар аралығында мектеп бағдарламасын толығымен еске түсіру маңызды. Бұл мұғалімнің кәсіби дамуы үшін қажет.

Айта кетейік, былтырдан бері педагогикалық ЖОО мен педагогикалық мамандықтары бар ЖОО-да ұлттық біліктілік тестілеу енгізілді. Бұл өте маңызды, өйткені мектепке келген университет түлегі жас мұғалім болғандықтан мектеп бағдарламасымен және балалармен жұмыс істейді. Былтыр 32 мың түлек сынақтан өтті. Оның ішінде, өкінішке қарай, 10%-ы ғана ҰБТ-дан өте алды. Осыны негізге ала отырып, болашақ мұғалімдерді дайындайтын университеттерге де талапқатайып жатыр.

Осы негізде қазірдің өзінде 36 университет педагогикалық лицензиясынан айырылды. ҰБТ - бұл өз пәнін білу деңгейіне арналған емтихан. Оны бес жылда бір рет тапсырған мұғалім бес жыл бойына қосымша ақы алады. Өкінішке қарай, мұғалім өз пәнін жақсы білмесе, сәйкесінше тестті нашар тапсырады, балаларға да нашар білім береді. Бұған жол бермеу керек. Ұстаздардың өздерімен бірлесе отырып, олардың кәсіби деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Себебі балалардың білім сапасы ең алдымен мұғалім білімінің сапасы мен кәсіби деңгейіне байланысты.
Просмотров материала: 1 318

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 740 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 336 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 848 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 898 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 254 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 397 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 492 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 782 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 259 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 357 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 670 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 486 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 595 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 399 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 242 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 735 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 481 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 176 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 574 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 353 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 277 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 109 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 957 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 262 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 174 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 675 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 502 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 011 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 264 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 638 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 015 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 048 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 011 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 210 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 368 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930