22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда жапырақ ерте сарғаяды: қалада зиянкестердің 30-ға жуық түрі анықталды

14 апрель 2022, 12:05
Алматыда жапырақ ерте сарғаяды: қалада зиянкестердің 30-ға жуық түрі анықталды

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Былтыр Алматы тұрғындары мен экобелсенділер жазда ағаштардағы жапырақтың ерте сарғайып кеткенін айтып, дабыл қақты. Сол кезде қала тұрғындары Алматы әкімдігі ағаштарға су құймайды деп ойлады, алайда мамандар ағаштарды жоятын зиянкестер көбейгенін айтты.

Қаланың Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, арнайы зерттеу Алматыда ағаш зиянкестерінің 30-ға жуық түрі бар екенін анықтады.

"Қазіргі кезде көптеген зиянкестің бар екенін байқаймыз. Жүргізілген кейінгі зерттеу нәтижесі қалада зиянкестердің 30-дан астам түрі бар екенін көрсетті. Олардың ішінде ең қауіпті инвазивті зиянкестер – ара тектес жәндіктер мен күйе жұқтыратын құрттар, жапырақ ширатқыш көбелектер. Былтыр ерте көктемде де мұндай жәндіктердің пайда болғаны байқалды", - деді 12 сәуірде өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев.

Оның айтуынша, көп жағдайда талшын ағашының жапырағында түрлі сызықтар пайда болады, кейде ол ішінен қурай бастайды. Қалада екінші жыл қатарынан талшын ағашы бақыланады және оларды ерте көктемде өңдей бастайды.

"Жасыл экономика басқармасы осымен екінші жыл қатарынан жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіп келеді. Бұл жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді, өйткені біз қаланың сегіз ауданында төрт кезеңнен тұратын орталықтандырылған өңдеу жұмыстарын жүргіземіз. Зерттеу нәтижесінде зиянкес жәндіктердің саны азайғаны байқалады, олар көп жағдайда жеке аумақтарда, жеке үйлерде кездеседі. Емен ағашын бүлдіретін жәндіктер кейінгі бес жылдан бері қалада бар. Мамандар олардың негізінен Қырғызстаннан келгенін айтады. Олар төрт кезеңнен тұратын өңдеуден өтеді, келешекте олардан құтыламыз деп ойлаймын", - деді Ұлан Абдулдаев.

Алматыда жапырақ ерте сарғаяды: қалада зиянкестердің 30-ға жуық түрі анықталды

Зерттеу нәтижесі Алматыда зиянкестердің 30-дан астам түрі бар екенін көрсетті
Фото : Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты

Оның сөзінше, қураудың алдында тұрған ағаштардың тамырын қоректендіру үшін арнайы азот, биогумус, минералды тыңайтқыштар беріледі. Бұл жылына екі рет – мамыр және маусымда қаладағы барлық ауданда іске асырылатын шара.

Алматыға қандай ағаш отырғызу керек?

Алматы ботаникалық бағын жаңғырту жобасының ландшафт сәулетшісі Нелли Лаптева жапырақтардың ішінен қурауы секілді өсімдіктердің арасындағы жұқпалы ауру тек қалада ғана мес, оның маңында, тау бөктерінде де кездесетінін айтты.

"Қаланың Әл-Фараби даңғылынан төмен бөлігі экологиялық тұрғыдан өлі саналады. Зиянкестер маусымның аяғында белсенді болады, сол кезде табиғи катаклизм болған жағдайда ғана қазіргі жағдай өзгеруі мүмкін. Өңдеу жұмыстары жүргізіледі, бірақ олардың тиімділігі күмән тудырады. Қаладағы барлық зиян келген емен, талшын, үйеңкіні тазартқан күннің өзінде дәрі ағашқа 21 күн ғана әсер етеді, зиянкестер жойылып кетпейді, олар қайта пайда болады. Сондықтан мұны уақытша шара деп айтуға болады. Сондай-ақ еменнің жапырақтарын толық тазарту өте қиын жұмыс", - дейді ол.

Сарапшының сөзінше, қазір ең маңыздысы індеттің қайдан келгенін анықтау емес, енді не істеу деген сұраққа жауап іздеу. Себебі зиянкестер түрлі жолмен таралады, оған жел де әсер етеді, тіпті құстар да қатысады. Маман зиянкестер көбеймеуі үшін емен мен талшын отырғызбау қажет дейді.

"Фитоэпидемияға бейім ағаштарды отырғызудың мәні жоқ, қаланы көгалдандыру үшін балама нұсқаны таңдап, қаланың негізгі бөлігінде отырғызуға болатын Андросов қарағашын, Алматы доланасын отырғызу қажет. Бірақ Қазақстанда Андросов қарағашын сатып алу мүмкін емес, өйткені оны ешкім өсірмейді. Талшын, емен мен үйеңкіні неге отырғыза береді? Зиянкестер көп жоламайтын ағашты егу арқылы зиян келген ағаштардың санын азайтуға болады. Мысалы, еуропалықтар емен мен талшынды төзімді ағашқа алмастыра бастады, себебі зиянкестермен күресу қиын, дәрілері улы", - дейді Нелли Лаптева.

Сонымен қатар қазір бар ағаштарды сақтау және суару жұмыстарын жалғастыра беру қажет. Сарапшы ағаштарды суару, арықтардың жағдайына жауап беретін "Зеленстрой" және "Гидроучасток" сияқты ұйымдарды қайта жұмысқа тарту қажет деп санайды. Себебі қазір әкімдікте ағаштардың жай-күйіне жауап беретін дендрологтар, агротехниктер, өсімдіктерді қорғау жөніндегі қажетті мамандар жоқ.

Нелли Лаптева тағы бір проблеманы көтерді – қазір зиянкестерге төзімді көптеген ағаш өсірілмейді, себебі оларға сұраныс жоқ.

"Қазір көшеттің ішінде бөлшек және көтерме саудада сатуға тиімді ағаштар отырғызылады, осы іспен айналысатындар мемлекеттің мәселесін білмеуі де мүмкін. Кейінгі уақытта отырғызу материалдарын өндірушілер қауымдастығының қызметін жаңғырттық, сол қауымдастықтың вице-президенті ретінде сәнді жапырақты ағаштар саласына жетекшілік етемін. Қазір әкімдік, бизнес өкілдері мен өндірушілер арасында диалог орнатуға тырысып жатырмыз. Сол арқылы мемлекетке нені отырғызу тиімді екенін көрсетіп, өндірушілерге де сол бағытта да сұраныс бар екенін көрсететін диалог болмақ. Алайда қазіргі жағдай мынадай: бағбан 2 мың жөке ағашын отырғызады, алайда мемлекет оны сатып алмайды, өнім күйіп кетеді", - деп түсіндірді ол.

Сарапшының айтуынша, жасыл желектің орнында құрылыс жұмыстарының жүргізілуі, асфальт төсемі, жылу электр орталығы, жылыту үшін көмірді пайдалану, ауа температурасының көтерілуі адамның да, құс пен жәндіктердің өмірі үшін қауіпті.

Лаптеваның сөзінше, 2021 жылдың тамызында сол кездегі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге қаланың жасыл желегі мәселесі бойынша жиын өткен. Оған Ботаника және фитоинтродукция институты мен өсімдіктерді қорғау институтында жұмыс істеген сарапшылар, мердігерлер, мамандар қатысты.

"Көпшілікті жинады, біз көтеріп отырған мәселені естігендерін айтты. Ол жиында "Зеленстрой" мен Бас арықты қайтару қажет екені, мәселелерді шешу үшін Ботаника және фитоинтродукция институтына, Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтына жүгіну қажет екені айтылды. Олар жұмыс тобын құрып, бірқатар кездесу өткізетінін айтты. Алайда нәтижесінде ештеңе істелмеді", - дейді сарапшы.

Нелли Лаптева дереу әрекет ету керек деп санайды.

"Қысқаша айтқанда, жағдай қазіргіден де нашарлайды. Бізді былтырмен салыстырғанда әлдеқайда қиын кезең күтіп тұр, ал қаланың жаңа әкімі мұндай мәселе болуы мүмкін екенін білмейді, тамызда қаладағы ағаштардың қорқынышты жағдайын көргенде, бәрі кеш болады. Біз билікке мұның өте маңызды мәселе екенін қайта айтуымыз керек – ағаштар қурап кетпейді, оларды зиянкестер құртады. Егер ештеңе істемейтін болсақ, Алматы шөл қалаға айналады", - деп қорытындылады сарапшы.

Алматыда қанша ағаш бар

Алматыда қала аумағында 1 миллион ағаш отырғызу үшін "Jasyl Almaty" бастамасы қолға алынған. Қазірге дейін 705 мың көшет отырғызылды. Оның ішінде 2019 жылы – 135 553 дана, 2020 жылы – 282 459 дана, 2021 жылы – 215 261 дана ағаш. 2022 жылы жоспар бойынша 350 мың ағаш отырғызылады, қазірге дейін оның 72 346 данасы отырғызылды.

Жасыл экономика басқармасы жыл сайын Алматының аудан әкімдіктеріне 54 миллион теңге бөлінетінін айтты. Ол 1,9 мың ағашты кесіп, орнына 19 мың ағашты отырғызуға бөлінеді.

Жасыл желектер тізіліміне сәйкес Алматыда 2 миллион 809 мыңнан астам ағаш бар. Олардың 12,8%-і (360 309 дана) нашар жағдайда тұрған деп есептелген. Тағы 3%-і (84 628 дана) құлаудың алдында тұр. 1 миллион 946 мыңнан астам ағаштың жағдайы қалыпты. 2019-2020 жылдары 418 012 дана көшет отырғызылды.

Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, құлаудың алдында тұрған ағаштар қаланың орталығы мен адамдар тұратын аймақта өсіп тұр. Оның ішінде 34 962 дана ағаш көше бойында, 49 666 дана аулаларда өседі.
Просмотров материала: 926

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 156 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 988 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 630 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 655 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 961 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930