21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ұрғашы мал болуы керек". Ертеде көрімдікке не берілген?

12 апрель 2022, 17:33
"Ұрғашы мал болуы керек". Ертеде көрімдікке не берілген?
Қазақ ертеден өзгенің қуанышына, жақсылығына ортақтасып, қуана білген. Оны түрлі жолмен білдірген. Соның бірі - көрімдік. Tengrinews.kz тілшісі этнограф Бұлбұл Кәпқызымен сөйлесіп, осы дәстүр туралы сұрады.

Этнографтың айтуынша, көрімдік - қуанышта, жақсылықта, қандай да бір жаңа зат алғанда берілетін сый-сияпат.

Бұлбұл Кәпқызы көрімдікке не кіретінін санамалап берді.

"Көрімдікке бәсіре, байғазы, сыйлық - бәрі кіреді. Қазір жаңа түскен келінге ақшалай көрімдік береді. Бұрын қайнағалары құлынды бие, жаңа туған тай, құлын, қозы, марқа қозы секілді сыйлықтар берген. Бірақ берген сыйлығы ұрғашы мал болуы керек. Мысалы, жылқыдан - бие, қойдан - саулық қой, ұрғашы тоқты, сиырдан - сауын сиыр берілген", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, маман қазіргі беташарда беріліп жүрген көрімдікке қатысты пікір білдірді.

"Қазір беташарды ауқымды қылып жіберген. Беташарға өзінің сәлем ететін адамдары көрімдік беруі керек болған. Бұрын беташарға берілетін көрімдік малмен өлшенген. Айыппұл болса да, мал арқылы, шапан арқылы өтелген", - деді этнограф.

Этнограф көрімдік кімге берілетінін айтты. Көрімдік жаңа туған сәбиге, тәй-тәй басқан балаға да берілген.

"Мәселен, атқа мінген балаға "бәсіре" берген, жаңа іс бастап жатқан, үй салып, жаңа жоба бастаған адамға "байғазы" берген. Байғазының көрімдіктен мөлшері үлкен болады. Ең үлкен сый-сияпат - байғазы. Одан кейін бәсіре тұрады. Бұл бәйгеден келген балаға берілген. Бәсірені әдетте ұл балаға нағашы жұрты берген", - деді маман.

Бұлбұл Кәпқызы сый мен көрімдіктің, кәде мен көрімдіктің арақатынасын айырып берді. Маманның сөзінше, сый мен көрімдіктің айырмашылығы жоқ.

"Екеуі де басқа адамның қуанышын бөлісу, көңіл күйін көтеру мақсатында берілген. Адамды қуантып, сый-сияпат жасап, әрі қарай араласуына себепші болған", - деп түсіндірді ол.

Кәде мен көрімдіктің айырмашылығы бар.

"Көрімдік қуанышқа орай аталған. Мәселен, жаңа көлік мінсе, көрімдік беріледі. Ал кәде - адам жасауы тиіс дүние. Қазақта "қалыңсыз қыз, кәдесіз күйеу болмайды" деген сөз бар. Өйткені күйеу қайын жұртына барғанда, кәде жасайды. Қазіргі "қалың мал", "ана сүті" деп жүргеннің бәрі кәдеге жатады. Бұлар күйеудің қайын жұртына жасап жатқан кәдесі саналады. Үйге келген қонаққа ұстататын азын-аулақ сыйдың өзі "кәде" деп аталады. Қазақта "қуыс үйден құр шықпа" деген де сөз бар. Сонымен қатар, "орамал тон болмайды, жол болады" деген сөз бар. Басына орамал, қолына кез келген қуаныш сыйлайтын сый беру "кәде" деп аталады", - деп түйді маман.

Этнограф көрімдікті кім бергенін, мөлшері қандай болатынын айтты. "Көрімдікті жасы үлкен адамдар береді. 10 теңге берсе де, 1 000 теңге берсе де көрімдік саналады. Көрімдіктің үлкен-кішісі, мөлшері болмаған.

Сонымен қатар, Бұлбұл Кәпқызы "көген түп" қандай сый екенін түсіндіріп берді.

"Қазақта "көген түп" деген сый бар. Бұл жаңа отау құрған отбасыға беріледі. Мысалы, "ұрғашы мал көгеннің басы болсын, еншілеріңнің бастауы болсын" деген мағынада берген. Бұл да көрімдіктің бір түріне жатады", - деп түйіндеді ол.
Просмотров материала: 1 312

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 172 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 676 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 267 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 319 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 627 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 510 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 641 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 876 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 047 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 204 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 810 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 071 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 442 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 270 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 063 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 495 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 880 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 884 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 214 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031