29 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Банк жабылып қалса, кредиті бар адам қарызын қайтара ма?

07 апрель 2022, 15:40
Банк жабылып қалса, кредиті бар адам қарызын қайтара ма?
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, елімізде 3 миллион қазақстандықтың ғана банктерде қарызы жоқ. Ал жалпы портфельдегі ипотекалық қарыз 3 триллион теңгеден, ал автонесие триллион теңгеден асады. Былтыр қазақстандықтардың 65 пайыздан көп бөлігі автокөліктерді пайызбен алған. Былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен 43 пайыз) тіркеді. Яғни, қазақстандықтар арасында тіпті тауарды да қарызға көбірек ала бастағаны айтылды. Бұл қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады екен.

Кредиті бар адамдар банк жабылып қалса, әрі қарай берешегін қалай өтейді? Tengrinews.kz тілшісі несие саласындағы заңгер Бауыржан Абылкасымов пен Qeconomics экономикалық зерттеу бірлестігінің экономисі Нұрмұхаммед Мамановпен сөйлесіп көрді.

Банк жабылғаннан кейін не болады?

Экономист Нұрмұхаммед Маманов банк банкрот болған немесе мәжбүрлі таратылған жағдайда қарыз алушылар кредитті одан әрі төлеу мәселесіне тап болатынын айтты.

"Банк жабылуына бірнеше себеп болуы мүмкін. Қандай себептерге байланысты жабылып жатқанына қарамастан, қаржы реттеуші орган тарату коммисиясын құрады. Ол банкті тарату және оған берешек, салымшылармен арадағы есеп айырысу процестерін реттейді", - деді ол.

Ол бұл комиссия тағы қандай жұмыстар жүргізетінін айтып берді.

"Бұл комиссия банктің сатып алу құқығы бойынша басқа ұйымға, яғни екінші деңгейлі банктерге, заңды тұлғаларға берілуі мүмкін активтері туралы мәселені шешеді. Осы активтерге қарыз алушылардың несиелері де кіреді. Несие қарыз алушы өз еркімен мойнына қабылдайтын міндеттеме екенін ұмытпауымыз керек. Бұл міндеттеме банк таратылса да, орындалуы қажет. Ал қарыз туралы келісімшарт оның талаптары орындалғанша әрекет етеді (кредит өтелгенше). Яғни, банк жабылып жатқанына қарамастан, несие өз күшін жоймайды. Тиісінше, қарыз алушылар ай сайынғы төлемдерін жалғастыруы керек. Банк таратылған кезде несие төлеуді тоқтатсаңыз, онда келісімшарт талаптарына сәйкес айыппұл есептеледі", - деді Нұрмұхаммед Маманов.

Бұл процесс қандай банктерге қатысты?

"Бұл процедура бүкіл екінші деңгейлі банктерге қатысты болады. Себебі елдегі басты қаржы реттеуші банк жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау үшін жабылып жатқан банк активтерін қайта құруға немесе оны басқа екінші деңгейлі банктерге өткізуге мүдделі. Бұған дейін айтқанымдай, банк активтерімен қоса, қарыз алушылардың несиелік міндеттемелері банк активтерінің келесі иесіне өтеді", - деп түсіндірді экономист.

Нені ескеру қажет?

Кез келген адамда "банк жабылып қалса, енді не істеуім керек?" деген сұрақ туындайды. Экономист бұл сұраққа да жауап берді:

"Алдымен несие төлеп жатқан реквизиттің статусын анықтау керек. Реквизиттар өзгермесе, сол реквизиттер бойынша несие төлемін жалғастыра береді. Ол өзгерсе несиені жаңа реквизиттер бойынша төлеуі керек. Болашақта несие бойынша сұрақтар туындамас үшін төлем туралы түбіртектерді несиені толық өтеп болғанға дейін сақтап жүргені дұрыс. Сонымен қатар, кез келген азаматқа несие шартын қолайсыз шарттармен қайта өзгерту туралы ұсыныс түссе немесе сол әрекетке итермелесе, оның толықтай бас тартуға құқығы бар", - деді ол.

Заңгер Бауыржан Абылқасымов банк дағдарысқа ұшыраса немесе лицензиясынан айырылса, жабылатынын айтады.

"Қарапайым тілмен айтсақ, банк жабылған күннің өзінде қарыз ешқайда жойылып кетпейді. Банктің активтері мен қарыздары басқа банкке өтеді. Жабылып қалса, банк құжаттар жіберуі қажет", - деді заңгер.

Маманның айтуынша, кейде банктер қарыздарын коллекторлық компанияға сатуы мүмкін. Бұл "цессия" деп аталады. Банк мұндай қадамға бармас бұрын, қарыз алушыны ескертуі қажет.

Қарызы бар адам банк жабылып қалса, не істеуі қажет?

"Ресми түрде хаттама өткізу қажет. Кейін хаттамаға жауап келеді. Яғни, қарызды қайда төлеу керек екені туралы арыз жазуы керек. Жабылған банктің орнына келген уақытша басқарушы басқа шоттар ашуы мүмкін. Сол шоттарға бұрын қалай төледі, дәл солай төлей береді", - деп түсіндірді маман.
Просмотров материала: 4 231

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 797 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 464 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 951 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 996 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 369 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 225 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 562 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 213 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 293 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 470 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 727 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 797 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 504 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 376 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 177 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 606 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 334 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 735 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 545 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 383 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 227 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 085 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 424 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 793 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 978 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 140 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 378 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 758 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 059 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 196 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 138 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 349 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 504 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031