3 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО-да 57 жыл жөндеу көрмеген ауыл мектебінің шатыры опырылды

СҚО-да 57 жыл жөндеу көрмеген ауыл мектебінің шатыры опырылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Токушин мектеп-гимназиясында жапсарлас салынған акт залының шатыры опырылып құлады. Бұған дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлады журналистерге облыстық білім беру басқармасының басшысы Назир Жәшібеков.

Еске салсақ, 4 сәуірде Аққайың ауданы "Токушин мектеп-гимназиясы" МКК-дағы жапсарлас салынған акт залының шатыры ішінара опырылып құлады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқыс оқиға кешкі уақытта болғандықтан, акт залында мұғалімдер де, оқушылар да болмаған.

"Кеше кешкі сағат алты шамасында акт залының шатыры құлағаны туралы ақпарат алдық. Оқиға орнына шұғыл жеттік. Шатырдан су ағып, қабырға бөлігі опырылып, салдарынан шатыр құлаған. Аумағы - 140 шаршы метр. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебін анықтап жатыр. Содан кейін қорытынды шығарылады", - деді Жәшібеков.

Ол аталған мектепке күрделі жөндеу жүргізуге осы жылы 144 миллион теңге бөлінгенін және ол жұмыстар шатырды жөндеу, ішкі бөлмелерді реттеу, еденді жаңғыртуды қарастыратынын аййтты.

"Бұл мектепке күрделі жөндеу жүргізілмеген. Өткен жылы бөлек тұрған интернат ғимаратының шатырына ағымдық жөндеу жүргізілді. Сол сияқты әртүрлі жылдарда акт залының шатырына ағымдық жөндеу жүргізілген. Өткен күзде шатырдан су кетуі байқалмады. Ол көктемде болып отыр", - деді ведомство басшысы.

Оның ұсынған дерегі бойынша, қазір балалар қашықтан оқу режиміне көшірілген. Негізгі ғимаратқа тексеру жүргізіліп жатыр. Егер мамандар ғимараттың қаупі жоқ екені туралы қорытынды шығарса, балалар штаттық режимдегі оқуға қайта оралады.

"Мектеп апатты жағдайда тұрған жоқ. Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындар алдында ғимаратты тексеру кезінде ешқандай апатты жағдай анықталған жоқ. Оқу жылының басында да қабылдап алу актісі әзірленді, мектептің жай-күйіне шолу жасалды. Сол кезде шатыр опырылуы мүмкін екенін аңғартатын ешқандай белгі болған жоқ", - деп атап өтті Жәшібеков.
Алайда ол оқу жылының басында мектепті қабылдап алатын комиссия құрамында құрылыс саласының мамандары жоқ екенін мойындады. Басқарма басшысының айтуынша, осы жағдайдан кейін сәйкес мамандар комиссия құрамына енгізілуі ықтимал. Облыста апатты жағдайдағы үш мектеп бар. Олардың барлығы Тайыншы ауданында орналасқан.

"Олардың екеуінде жөндеу жұмыстары басталып кетті, тағы біреуінің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Ол жақта балалар оқып жатқан жоқ", - деп түйіндеді Назир Жәшібеков.

Токушин мектебі 57 жыл бұрын пайдалануға берілген. 1963 жылдың қазанында білім ордасының іргетасы қаланса, 1965 жылы мектеп оқушылар үшін есігін ашты.
Просмотров материала: 747

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 526 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 208 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 747 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 124 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 722 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 752 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 086 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 761 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 996 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 835 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 957 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 605 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 479 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 443 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 714 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 465 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 869 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 665 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 480 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 318 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 170 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 528 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 410 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 899 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 267 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 222 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 463 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 859 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 213 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 158 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 299 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 226 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 469 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 607 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031