28 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мусин "Қазақтелекомды" демонополизациялауды ұсынды

06 апрель 2022, 9:59
Мусин "Қазақтелекомды" демонополизациялауды ұсынды
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сөз сөйлеп, "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникациялық қызмет нарығында тіркелген байланыс қызметі бойынша 80%-тен астам және мобильді байланыс бойынша 60%-тен астам үлесі бар монополист екендігін атап өтті.

"Қазақтелеком" АҚ-ға тауарларды цифрлық таңбалау нарығының 100% үлесі, фискалдық деректер операторлары нарығында 78%, Деректерді өңдеу орталықтары нарығында 55%, ақылы теледидар қызметтері нарығында 33% үлес, барлық радиожиіліктердің 75% тиесілі.
"Кселл" және "Теле2" компанияларының бірігуі кезінде олардың желілерін оңтайландыру және біріктіру есебінен оң нәтижеге қол жеткізу мақсаты қойылғанын атап өткен жөн, бұл көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтердің сапасын арттыруға тиіс еді. Алайда 3 жыл ішінде мобильді байланыс операторларының желілері біріктірілмеді", - деп атап өтті Мусин.

Оның шешімі ретінде министр компаниялар тобының мобильді операторларының бірін бәсекелі нарыққа шығару арқылы "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды ұсынды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов министрлікке "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-мен бірлесіп, осы мәселе бойынша бір апта ішінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ бүгінде шағын операторларда кабельдік кәрізге қол жеткізу және өздерінің байланыс желілерін жүргізу кезінде қиындықтар туындап отыр, себебі кабельдік кәріздің негізгі бөлігіне "Қазақтелеком" АҚ иелік етеді. Осылайша "Қазақтелеком" АҚ "соңғы миль" ретінде халыққа қолжетімді интернет қызметтерін ұсынуға дайын орта және шағын провайдерлердің дамуын шектей алады.

Мәселені шешу үшін цифрлық даму министрлігі электронды өтінім беруді және қызмет көрсетуден бас тарту негіздерінің нақты тізбесін айқындай отырып, заңнамалық тұрғыдан бірқатар түзетуді қарастыруды ұсынады.

Бұған қоса, негізсіз бас тартуға байланысты шағымдар түскен жағдайда, "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" РМК-ға техникалық аудит жүргізуге уәкілеттік беру қажет, оның нәтижесі бойынша талапты бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган ұйғарым шығаруға құқылы болады.

Сонымен қатар кабельдік кәріз бойынша қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін операторға әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Сондай-ақ жекелеген ірі байланыс операторлары орта және шағын интернет-провайдерлердің дамуына ынталы емес, оларға тиімсіз шарттарды ұсынады. Дилерлік шарттың тиімсіз талаптарының салдарынан "Қазақтелеком" АҚ интернеттің орта және шағын провайдерлерін дамытуды ынталандыруға кедергі келтіретін фактілер бар. Бұл телекоммуникациялық нарықтың дамуына және халыққа телекоммуникациялық қызметтерді қолжетімді етуге теріс әсерін тигізеді.

Шағын байланыс операторлары үшін ауылдарда "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ желілеріне қосылу ақысын заңнамалық түрде реттеу және электр бағаналары бойынша желілерді жүргізу үшін шағын операторларға жағдай жасау аталған проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Ұлттық ресурста заңнамалық түрде айқындалған радиожиілік спектрін ұсынуға қатысты аукциондық тетік жүргізу ұсынылды, бұл жиіліктерді бөлудің ашықтығын, сондай-ақ тиімсіз пайдаланылатын радиожиіліктерді айыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі таңда бос жиіліктер жоқ, ал берілген радиожиіліктердің басым бөлігі "Қазақтелеком" АҚ тобында орналасқан. Ал бұл нарықта жаңа "ойыншылардың" пайда болуына мүмкіндік бермейді. Байланыс сапасын бақылау тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар аясында мониторинг күшейтіліп, сапасыз қызметтер көрсеткені үшін салынатын айыппұл сомасы 100-ден 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады", - дейді министр.

Сонымен қатар комиссия отырысында Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігіне "Кселл" АҚ 24% сату жөніндегі мәміленің нәтижесінде мемлекетке келтірілген ықтимал залал мәселесін зерделеу ұсынылды. Сондай-ақ клиенттердің фискалдық деректері туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және салық органына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру мәселесі қаралды. Фискалдық деректер операторы болу үшін халықаралық және қалааралық байланыс операторының лицензиясы болуы керек. Мұндай лицензиялар, мысалы, Қазақтелеком мен Транстелекомда бар. Осылайша кішігірім операторлар жоғарыда аталған компанияларға лицензия үшін ақы төлеуге мәжбүр, бұл нарықты бәсекелестік жағдайда дамытуға мүмкіндік бермейді.

Комиссия отырысында осы лицензиялық шарттардың болуын міндетті етуді алып тастау ұсынылды, бұл операторлық қызметтердің бәсекелі нарығын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Деректерді өңдеу орталықтары үшін инженерлік инфрақұрылымға қатысты "Транстелеком" АҚ тарифтерінің негізділігіне талдау жүргізу, сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұзаққа созылуына байланысты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жөніндегі үкіметаралық келісім шеңберінде айқындалған "Транстелеком" АҚ-ның эксклюзивті құқығын шектеу жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Смайылов цифрлық даму министрлігіне аталған бірлескен жоба аясында қазақстандық операторды ауыстыру бойынша Әзербайжан тарапымен келіссөз жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар комиссия отырысында "Транстелеком" АҚ үлестерін жеке тұлғаларға сату салдарына, сондай-ақ иеліктен айыру кезінде мемлекетке келтірілетін ықтимал залалға талдау жүргізу ұсынылды.
Просмотров материала: 463

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 933 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 498 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 035 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 087 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 432 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 227 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 332 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 614 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 032 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 142 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 523 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 414 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 560 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 373 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 206 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 648 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 451 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 543 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 308 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 250 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 083 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 924 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 218 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 146 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 645 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 418 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 974 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 235 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 606 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 989 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 931 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 017 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 970 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 186 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 337 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031