21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бұл реформалар халқымыз үшін бетбұрыс кезеңіне жол ашады – мемлекет басшысы

05 апрель 2022, 17:51
Бұл реформалар халқымыз үшін бетбұрыс кезеңіне жол ашады – мемлекет басшысы
Еліміз мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірісті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев The National Interest басылымында жарияланған мақаласында жазды.

Мемлекет басшысы өз мақаласында Қазақстанды реформалау және жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары, ең алдымен, халық көтерген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанына баса назар аударады. Осы ретте, Президент «олардың бізден не күтетінін анық әрі айқын естідік», – деп атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз мемлекеттік билікті бұрын-соңды болмаған орталықсыздандыруға, үйлесімді және тепе-теңдік жүйесін нығайтуға кірісті. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық пен ағайынгершілік әрекеттерге төзбеушілік пікір қалыптасады. Бұл «саяси билік пен байлықтың санаулы адамның қолына шоғырлануына» жол бермейді.

Реформалар негізгі мемлекеттік органдарда – президент әкімшілігінде, парламентте, жергілікті әкімдіктерде, сот және құқық қорғау жүйелерінде жүргізіледі. Мемлекет басшысы азаптауларға мүлдем төзбеушілік қамтамасыз етілетініне ерекше мән береді.

Жаңа Қазақстанда биліктің тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің балансын басқаша қалыптастыру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, Қазақстан басқарудың «суперпрезиденттік» моделінен «нормативтік-президенттік» басқару түріне көшеді.

Елімізде саяси әралуандықты нығайтуға арналған аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесін енгізуге ерекше мән беріледі. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде өзіне тиесілі президенттік өкілеттіктердің бір бөлігінен өз еркімен бас тартатынын еске салды. Мемлекет басшысы тағайындайтын сенаторлар саны 15-тен 10-ға дейін қысқарады, оның жартысын Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынатын болады.

Президент өз мақаласында «Конституциялық өзгерістердің аудан, қала және ауылдық округ әкімдеріне көбірек өкілеттік беруі аса маңызды саналуы мүмкін. Бұдан былай олар, ең алдымен, халық алдында жауапты және толықтай есеп береді», – деп жазады.
Сонымен қатар барлық реформа азаматтық қоғамның беделді өкілдерімен тығыз диалог жүргізе отырып әзірленгеніне арнайы тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, «жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек» дейді. Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды. Осыған байланысты Президент «инклюзивсіз өсім орнықты болмайды» деп атап өтті. Сондай-ақ мақалада «олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады», – деп жазылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев елді одан әрі дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесін шешудің маңызы зор екеніне мән берді. Ол «экономика өскен сайын азаматтардың да әлеуеті артуы керек» деп есептейді. Осыған байланысты «Үкіметке жалақыны арттыру және кедейшілік деңгейін төмендету бағдарламасын әзірлеу тапсырылды». Бұл жағдайда халық үшін алғашқы нақты қадамдар ең төменгі жалақыны 40 пайызға арттыру және бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру болмақ.

Мемлекет басшысы «шағын бизнестің салық жүктемесі төмендейді. Ал Қазақстанның өндіруші компаниялары экономикалық ауыртпалықтың салмағы мен үлесін көбірек және әділ көтереді», – деп еске салады.

Жалпы, президенттің айтуынша, бұл реформалар халқымыз үшін бетбұрыс кезеңіне жол ашады. Еліміз бүгінде тоқырау жолын емес, үдемелі даму бағытын таңдайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласын «әлі ұзақ жол жүруіміз керек. Серіктестестік ел ішінде де, халықаралық деңгейде де – бейбітшілік пен өркендеудің ортақ болашағын құрудың бірден-бір жолы», – деп қорытындылайды.
Просмотров материала: 634

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 243 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 747 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 338 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 390 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 698 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 513 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 880 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 053 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 209 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 813 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 073 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 442 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 064 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 495 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 880 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 884 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 070 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 214 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031