2 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



19 офицердің қазасы, ұсталған полицейлер, тергеу. Қасіретті қаңтар туралы жаңа деректер

04 апрель 2022, 18:22
19 офицердің қазасы, ұсталған полицейлер, тергеу. Қасіретті қаңтар туралы жаңа деректер
Бүгін, 4 сәуірде Бас прокуратура мен ІІМ өкілдері брифинг өткізіп, қаңтар оқиғаларын тергеу бойынша соңғы жаңалықтарды бөлісті.


Арнайы прокурорлар 262 қылмыстық істі қарап жатыр

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент тапсырмасы бойынша қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлардың басшылығының ведомствоаралық жедел тергеу топтары айналысып жатқанын айтты. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар, оның ішінде 44 терроризм актілері, 47 жаппай тәртіпсіздік бойынша.

"Бүгінде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда. Жалпы, ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көбі: ұрлық, тонау, қару жымқыру және басқа ауыр емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу жүргізілгеннен кейін істер бірден сотқа жолданып жатыр. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады. Бүгінде кінәні мойындау және залалды өтеуге байланысты 135 адамның бас бостандығы шектеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды", - деді ол.

Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 адам бас бостандығынан айырылды.

Құқық қорғау қызметкерлері өлімінің мән-жайы айтылды

Елдос Қилымжанов бүгінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қазіргі және болашақ 19 офицердің қазасының мән-жайы туралы айтты.

"Алматы қаласы әкімдігі ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші подполковник Қайыровтың өлімі кезінде ерекше арсыздық байқалды. Оның денесі ғимарат төбесінен табылды", - деді ол. Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін марқұмның денесін өртеп жібергені анықталған. 39 жастағы офицердің артында отбасы мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қылмыскерлер Алмалы аудандық полиция басқармасы мен "Көк-Төбе" телемұнарасын басып алмақ болған кезде стратегиялық нысандарды қорғаған қызметкерлер Қамбетов, Асылханов және Алмасов оқ жарақатынан қаза тапқан.

"Талдықорғанда он адамнан құралған қылмыстық топ алаңда өз міндетін атқарып жүрген Ұлттық ұланның 5514-әскери бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшісі Амановқа шабуыл жасады. Қатты соққы салдарынан 18 жастағы Аманов көптеген дене жарақатын алған. Ол есін жимастан, жедел жәрдем көлігінде қаза болды", - деді Қилымжанов.

Ол қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға қатысты жан-жақты тергеу жүріп жатқанын, бұлтартпас дәлелдер анықталған кезде олардың нәтижелері хабарланатынын айтты.

Алматы мен Жамбыл облысында екі полиция басшысы ұсталды

Қилымжанов 5 қаңтарда Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғанын еске салды.

"Олардың барлығы күдікті деп танылды. Бұл факт бойынша қызметтегі әрекетсіздік бабымен тоғыз қылмыстық іс қозғалды", - деді Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол 1 және 2 сәуірде Жамбыл облысы ІІД бастығының экс-орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелер жиналып жатыр.

Тергеліп жатқан ең атышулы он іс кімге қатысты?

Қилымжановтың айтуынша, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

"Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың барлық дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар ең атышулы он істі тергеліп жатыр. Осы істер аясында 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚК қызметкері және бір полиция қызметкері ұсталды", - деді ол.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қанша іс тергеліп жатыр?

Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр.

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, әлеуметтік желіде 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғаларға байланысты жалған ақпараттар әлі де тарап жатыр.

318 миллион теңге тұратын мүлік тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мүліктер табылып жатыр. Бүгінде 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов брифингте мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Оның ішінде 12 автокөлік, тұрмыстық техниканың 319 данасы, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 546 киім, 16 миллион теңге", - деді ол.
Просмотров материала: 904

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 962 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 633 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 132 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 178 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 547 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 522 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 844 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 506 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 566 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 758 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 791 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 889 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 557 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 431 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 378 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 671 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 412 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 812 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 611 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 437 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 283 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 135 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 368 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 853 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 202 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 432 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 817 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 116 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 193 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 419 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 566 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930