13 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Биылғы түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсыратын болды

01 апрель 2022, 16:56
Биылғы түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсыратын болды
Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы түлектерге хат жолдап, оқушыларға ҰБТ бойынша жағымды жаңалықты жеткізді.


Министр хатында оқушылардың ҰБТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қабылданған қосымша шараларды тілге тиек етті.

ҰБТ бойынша қабылданған шаралар:

ҰБТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ҰБТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.

ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.

Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

Биыл сіздерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.

Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.

Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.

Сондай-ақ еліміздегі бас ұстаз түлектерге университет таңдау бойынша кеңестерін де айтып өтті:

Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.

Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.

Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.

Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.

Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.

Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.

«Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын» деген министр мамандық таңдауға да тоқталып өтіп, мына мамандықтарды таңдауға кеңес берді:

Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.

Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.

Жас түлектерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отырғанын айтқан Аймағамбетов жылы лебізін де білдіріпті.

Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін. Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар. Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады. Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз. Бастысы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Айта кетерлігі, бұл хатты оқушылар Kundelik.kz, BilimAl.kz және Mektep.Edu.kz білім платформаларындағы жеке кабинеттерінен оқи алады.
Просмотров материала: 1 685

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 590 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 264 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 768 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 810 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 185 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 570 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 606 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 929 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 598 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 649 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 842 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 809 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 914 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 575 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 447 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 397 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 686 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 428 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 838 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 630 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 452 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 300 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 151 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 497 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 384 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 870 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 224 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 201 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 444 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 831 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 185 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 132 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 269 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 209 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 439 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 585 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930