29 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елордада Q talks өтті. Қатысушылар нені дәріптеді?

28 март 2022, 17:43
Елордада Q talks өтті. Қатысушылар нені дәріптеді?
Елордада «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен Q (құндылық) talks өтті.

Үнемі ізденіс пен үздіксіз шыңдалудың нəтижесі əмəнда жемісті боларына сенімді ұстаздар мен «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ-ға қарасты мемемелер қызмет ететін өзге де мамандық иелері бас қосқан жиында бала бойына құндылықтарды сіңірудің басты қағидалары айтылды. Сахна төрінде сөз алған өз саласының үздіктері, оның ішінде балабақша тәрбиешісі, мектеп директорлары, ұстаздар, кітапханашылар мен қарапайым еден жуушыға дейін бала бойына құндылықты сіңірудің басты қағидасы – өз іс-әрекетімен үлгі болу екенін айтып өтті.
Елордада Q talks өтті. Қатысушылар нені дәріптеді?

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектеп-лицейінің еден жуушысы «мектепті тазалап жүргенде өз ойымды да «тазалап» жүремін, себебі тазалыққа жақсылық құмар болады» деген қағиданы ұстанатынын жеткізді. Ал Өскеменнен келген кітапханашы «Ұлттың құндылығы – кітапта, мәселен, еш шетел әдебиетінен кем түспейтін Бауыржан Момышұлының кітабы – тұтас өмір мектебі екенін дәлелдеп берді» деген ой айтты.


Сонымен қатар «Бала арманына құлақ асу оның үмітін алға жетелейтінін, әр оқушыны тыңдай білу де ұстаздың қырағылығын көрсетеді» деген спикер шетелді өнерімен таңдай қақтырған оқушысын сахна төріне шығарып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ал Атырау ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің ұстазы ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнатудың кілтін өз қолымен ас әзірлеу арқылы тапқанын айтты. Соның нәтижесінде ешқашан ас бөлмеге кіріп көрмеген оқушы анасына ас әзірлеп, қатты таңғалдырған.

Сондай-ақ ұлты орыс оқушы баланың домбырамен ән шырқап, қазақ тілінде пікірін ұғынықты жеткізуі көпшілікті тәнті етті. Q talks-қа қатысқан меймандар жобаға сәттілік тілеп, шараның барлық мектепте жалғасын табауына тілек білдірді.

«Бүгінгі Q Talks-қа қатысушылар әртүрлі жастағы және әртүрлі жүктемеде жұмыс істейтін спикерлер болды. Олар – мектеп басшысы, мұғалімі, білім алушысы, мектептің кіші қызметкері және кітапханашысы, тіпті мектеп түлегі де бар. Әрқайсысы түрлі тақырыпта ой қозғап өз тәжірибелерін бөлісті. Әйтсе де бүкілінің пікірі негізгі бір ойда түйісті. Ол – адамның адамгершілік қасиетін алға тарту және адами құндылықтардың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері. Барлығы болашақ ұрпақтың тәрбиесінде ең маңыздысы өн бойына түйген адамгершілік қасиеттер екенін ұқтырды. Осы Q Talks жобасы арқылы мұғалім мен оқушының, басшы мен қызметкердің ұйыған айрандай бір шаңырақ астында ынтымақтаса жұмыс істеуге болатынына куәгер болдық. Ендеше Q Talks бүгінге дейін болмаған баламасы жоқ ерекше жоба екенін нақты айта аламыз», – деді «Білім-Инновация» ХҚҚ тәрбие бөлімінің бас маманы Думан Даниярұлы.


«Мен қазақ тілін балабақшадан бастап үйрене бастадым және қазақ мектебіне бардым. Бұған себеп менің тіл үйренуге деген қызығушылығымды ата-анам ерте жаста байқап, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мен өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада ойнағанды ұнатамын. Домбырамен бірнеше күй тарта аламын және бірнеше қазақ әнін орындап жүрмін. Сонымен қатар, Алтай тіліндегі өлеңдерді де домбырамен айтып беремін. Менің бала кезден арманым – ұшқыш болу. Ұшқыш болу үшін қазірден бірнеше тілдерді әсіресе ағылшын тілін және математика сабағын жетілдіріп келемін», – деді NURORDA мектеп-лицейінің 6 В сынып оқушысы Захар Палаткин.

«Мені ата-анам үш-төрт жас шамасында үлкен дүкенге апарған кезде бір әуен ерекше ұнап, есімде сақталып қалды. Кейін ол туралы ұмытып кеттім. Содан бастауыш сыныбында оқып жүрген кезімде жаңа жыл қарсаңында бір әуенді естіп, әлгі дауыс ерекше назарымды аударды. Бұл сол баяғы естіген әуендегі әншінің даусы еді. Ести сала бұл қандай өлең, қай әнші деп интернеттен іздестіре бастадым. Сол сәттен бастап мен джаз өлеңдеріне ерекше қызығушылық танытып келем. Қазір джаз өлеңдерінің түр-түрін білем, өзім айта алмасам да тыңдағанды ұнатамын. Бұл менің хоббиіме айналды. Қазіргі таңда бұл хоббиім менің жеке дамуыма, сабақ орындауыма, жоспар құруыма көп көмегін тигізуде», – деді NURORDA мектеп-лицейінің 6 В сынып оқушысы Искандер Карашуккеев.


Айта кетсек, Q Talks жобасы – құндылықтарға негізделген білім беру аясында жүргізіліп жатқан ted talks форматындағы жоба. Ted talks-тан айырмашылығы, спикерлер жеке тəжірибесін, жеке басынан өткен оқиғасын немесе өмірдегі түйген ойларын бөліседі.

Q Talks жобасының мақсаты – құндылықтарға негізделген білім беру жобасын дамыту, сондай-ақ білім жəне тəрбие беруде тың идеялар мен жаңашылдықты енгізу. Q Talks жобасы алғаш 2020-2021 оқу жылында бастап əр тоқсанда БИЛ оқушылары арасында өтеді. Q Talks жобасында бұған дейін де «Бейресми қатынастың жетістігі», «Бір өмірдің хикаясы», «Жаулап алғыш шығармалар», «Құндылықты қалай іздеп таптық», «Шынайы іштен шыққан алғыс», «Әрекетке берекет», «Аадамкершілік кәсіпке қарай таңдалмайды», «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тақырыптармен өзекті мəселелер қозғалған болатын.

Q Talks жобасына мектеп басшысы, мұғалімдер, тəрбиешілер, директор орынбасарлары, мектептің педагог емес қызметкерлері, ата-аналар, түлектер мен оқушылары, тіпті мектептегі тəрбие мен оқуға тура жəне жанама қатысы бар кез келген тұлға спикер ретінде қатыса алады.
Просмотров материала: 928

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 377 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 047 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 547 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 588 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 959 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 456 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 492 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 815 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 471 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 531 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 726 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 782 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 877 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 551 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 424 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 325 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 664 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 405 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 804 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 604 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 276 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 131 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 478 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 363 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 142 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 184 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 424 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 813 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 165 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 112 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 244 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 186 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 406 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 560 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31