21 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық қыздар ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды

28 март 2022, 16:22
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық қыздар ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды
Бүгін UniSat (Uni – UNICEF-тің қысқашасы (БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Sat - satellite (спутник)) білім беру бағдарламасына қатысушы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық 150-ден астам қыз стратосфераға үш заманауи наноспутникті ұшырды.

Шағын ғарыш аппараттарының класына жататын наноспутниктердің салмағы 10 келіге дейін жетеді және бірнеше камералармен жабдықталған, олардың бірі Жердің эллиптикалық бейнесін 4К режимінде түсіруге қабілетті. Датчиктер сәуле, қысым, ауырлық, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайды, ал үлкен көлемдегі мәліметтер, бейнелер мен суреттер талдау үшін Жерге жіберіледі.
Бүгінгі таңда наноспутниктер әлемнің көптеген жетекші университеттерінде және коммерциялық ұйымдарда жасалуда. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған.

«Бүгінгі спутниктерді ұшырудың символды мәні бар. Ол Орталық Азиядағы қыздар мен әйелдердің шексіз әлеуетін көрсетеді. Олардың ғылым мен техниканың шекарасын кеңейту қабілетін паш етеді. Биылғы жылы бағдарламаға үш елден 2000 қатысушыны қосып, оларды ғылым, техника, инженерия және математика саласындағы білім мен мансапты жалғастыруға шабыттандырғанымызға өте қуаныштымыз. UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамдағы ғарыштық өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық қыздар ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды

Наноспутниктерді Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Технопаркінде 10 күндік марафон аясында қыздар құрастырды. UniSat жобасының қатысушылары ғарыш аппараттарын жобалау, әрлеу, бағдарламалау және құрастыруды игерді. Олар ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау орталығына бара алды. Қыздар алған теориялық білімдерін сабақ барысында бірден қолданды. Менторлардың жетекшілігімен олар наноспутниктердің корпустарын 3D-модельдеу арқылы жобалап, оларды 3D принтерге басып шығарды. Сондай-ақ, қыздар UniSat наноспутниктерінің ішкі жүйелерін бағдарламалап, оларды іске қоспас бұрын зертханалық жағдайда сынап көрді.

“Қырғызстанда 15-19 жас аралығындағы әрбір үшінші қыз компьютерлік сауаттылыққа ие және қыздардың 80 пайыздан астамы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды таңдайды. Бірақ бұл таңдау қыздардың кәсіби мүдделері мен ұмтылыстарын қаншалықты көрсетеді? Сондықтан 2020 жылы ЮНИСЕФ қыздарға көкжиегін кеңейтуге, гендерлік стереотиптерді жеңуге және мамандық таңдауға көмектесу үшін «Ғылымдағы қыздар» бағдарламасын бастады. Жыл сайын 10 мыңнан астам қыз осы бастамаға ортақтаса қатысып, уақыт өте келе қыздар көптеп ғылыми мансаптың дамуына сенім артады. Осы тұрғыда наноспутниктерді іске қосу бойынша іс-шара біз үшін екі жылдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар қыздар мен біздің жастарымыздың әлеуетіне шабыт», - деп атап өтті Қырғызстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Юлия Олейник.

Қатысушылар келесі сілтеме бойынша қол жетімді UniSat онлайн-курсынан өткен 2 000 қыздың ішінен таңдалды: Әл- Фараби ат. ҚазҰУ Қыздарға арналған UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша білім беру бағдарламасы (UNEPG) | ЖАОК (kaznu.kz). Ұшыру барысында наноспутниктер алған қоршаған орта туралы ұшу деректерін өңдеу, деректерді визуализациялау, миссия туралы есепті дайындау және деректерді ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн-курс бағдарламасына енгізілді. Қыздар командада жұмыс істеу дағдыларын, Linux-та бағдарламалау негіздерін меңгерді, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшыларды тыңдады.

«Өзбекстанда, әлемнің басқа елдеріндегі сияқты, әртүрлі себептерге байланысты ұлдар мен қыздар арасында компьютерлік сауаттылық, техникалық білім және мансап салаларында айтарлықтай алшақтық бар. UniSat білім беру бағдарламасы осы алшақтықты азайтуға, қыздарды ғылым мен технология саласындағы тиісті дағдыларға қызықтыруға және үйретуге бағытталған. UniSat Өзбекстан жастары арасында технологиялық салалардағы гендерлік мәселеге қалың жұртшылықтың назарын аударуға көмектеседі. Біз бұл жобаға қатысушылардың өз үлгі - өнегесімен құрдастарын өздеріне сенуге шабыттандыратынына сенімдіміз. Олар қыздардың кез келген салада табысты бола алатындығын жеке мысалмен көрсетеді», - деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Мунир Мамедзаде.
UniSat – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламасы. UniSat бағдарламасының мақсаты наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және креативтілік сияқты дағдыларды жетілдіру болып табылады.

UniSat бағдарламасы “Dubai Cares” халықаралық білім беру қорының, Clé de Peau Beauté брендінің және филантроп Назанин Алакия ханымның қолдауымен іске асырылады.

Редакторларға арналған ескертпелер
Жоба туралы қосымша ақпаратты UniSat сайтынан алуға болады: https://unisat.kz/

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп әлемнің 190 елі мен аумағында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту проблемасына; балалардың игілігіне, әлемнің түкпір- түкіпірінде ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ қызметі туралы толық ақпарат www.unicef.org. сайтында.
Біздің Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылып алыңыз.

Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті. - бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша еліміздің университеттік жүйесінің флагманы. ҚазҰУ технопаркінде жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында (физика, математика, химия, биология және т.б.) қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған зерттеу жабдықтары бар.


Dubai Cares

Dubai Cares – 2007 жылы БАӘ Премьер-Министрі, Вице-президенті және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактумның шешімімен құрылған халықаралық қайырымдылық ұйымы. Ұйым барлығына инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және 2030 жылға қарай өмір бойы оқытуды ілгерілетуге бағытталған БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 4-мақсатқа (ТДМ) қол жеткізуде негізгі рөл атқарады. Dubai Cares және оның жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.dubaicares.ae/

Назанин Алакия — гуманитарлық қайраткер және филантроп, үш бағытты терең ұстанады: білім беру, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қоршаған орта. Егер біз әйелдер мен қыздарға лайықты білім беріп, қауымдастықтарды экологиялық тұрақты болашаққа жетелейтін болсақ, ол тұрақты, гүлденген және әділ әлем біздің қолымызда деп санайды.


Назаниннің гуманитарлық қызметі ең алдымен халықтың аз қамтылған топтары, босқындар мен өз елінің ішіндегі мәжбүрлі қоныс аударған адамдар (ІҚА) үшін климаттың өзгеруінің теріс салдарын жою үшін шешімдерді анықтауға және орналастыруға арналған. Ол Нигерияның солтүстік-шығысындағы ЮНИСЕФ-тің сумен жабдықтау, санитария және гигиена (WASH) бағдарламасы аясында күн энергиясын пайдаланып ұңғымаларды бұрғылау сияқты ұзақ мерзімді шешімдерге қаражат салады.

Йеменде жалғасып жатқан қақтығыс кезінде ол азық-түлік, дәрі-дәрмек және психоәлеуметтік көмек, сондай-ақ ЮНИСЕФ-ке жедел көмек көрсету үшін қаражат жинады.

Просмотров материала: 578

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 674 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 476 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 136 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 157 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 463 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 568 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 721 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 863 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 383 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 584 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 895 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 865 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 746 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 858 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 525 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 887 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 622 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 627 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 470 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 313 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 561 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 502 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 347 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 583 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 935 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 344 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 328 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 370 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 314 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 685 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930