30 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Путин бірқатар мәлімдеме жасады

17 март 2022, 9:59
Путин бірқатар мәлімдеме жасады
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинадағы арнайы операция барысы, Ресейге қарсы санкциялар пакеті, сондай-ақ экономикалық сынақтар туралы бірқатар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новостип.

Украинадағы жағдай

Ресей аймақтарын әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары туралы кеңесте Владимир Путин Украинадағы арнайы операция "алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүріп жатқанын" айтты.

"Қорғаныс министрлігі мен бас штаб әзірлеген әскери іс-қимыл тактикасына келетін болсақ, ол толықтай ақталды. Біздің жігіттер, солдаттар мен офицерлер ерлік пен қаһармандық танытып жатыр. Олар өз арасында, Украина қалаларының бейбіт тұрғындары арасында шығын болмауы үшін қолынан келігенін жасайды", - деп сендірді Ресей басшысы.

Ресей президенті "батыс меценаттары" Киевті қантөгіске итермелеп отыр деп есептейді.

"Оларға жаңа қару-жарақ жөнелтілімдері жеткізіліп, барлау мәліметі берліп, басқа да көмектер беріліп жатыр, соның ішінде әскери кеңесшілер мен жалдамалыларды орналастыру", - деді ол.

Сондай-ақ, Путин Ресей келіссөздер барысында Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылауға дайын екенін айтты.

"Еліміз адамдар мен олардың өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет екенін түсініп, бұл келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу үшін бәрін жасады", - деді ол.

Бизнестің негізгі рөлі

Кездесу барысында Ресей президенті компаниялар мен жеке тұлғалар есепшотының бұғатталуы фонында "ресейлік бизнеске сабақ" болғаны туралы да айтты.

"Бұл еліңізге инвестиция салудан сенімді ештеңе жоқ екенін көрсетті. Мен бұл туралы жеке және бірнеше рет айттым", - деді Ресей басшысы.

Бұл ретте Ресей Федерациясының басшысы қазір ел үшін оңай емес екенін, өйткені "бизнес бұрын-соңды болмаған қысымға тап болды" деп мойындады.

"Санкциялардан бірінші болып банк жүйесі зардап шекті, бірақ ресейлік банктер бұл қиындықты жеңді. Олар тәулік бойы жұмыс істей отырып, кәсіпорындар қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтардың төлемдері мен есеп айырысуын жүргізіп жатыр", - деді Путин.

Ресей экономикасының өзекті мәселелерін шешу туралы айта отырып, Владимир Путин бұл ретте жеке бизнес басты рөл атқаруы тиіс екенін айтты.

"Бизнес қысқа мерзімде логистиканы қалпына келтіруге, жаңа жеткізушілерді табуға, сұранысқа ие өнім шығаруды арттыруға қабілетті", - деді президент.

Импортты алмастыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру

Қазіргі экономикалық жағдайға келетін болсақ, бізге билік пен бизнес өкілдерінің жақсы үйлестірілген жұмысы және импортты алмастыруды жеделдету қажет, дейді Ресей президенті.

"Қазір мәселе ақшада емес, бізде ресурстар бар, негізгі қиындықтар жинақтауыштарды, жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізуге, мердігерлердің жұмысын ұйымдастыруға байланысты, сондықтан нақты бағдарламаларды іске асыру мерзімдері мен әдістері, олардың кезеңдері өзгеруі мүмкін, бұл билік пен бизнес өкілдерінің үйлестірілген жұмысын, импортты алмастыру жобаларын жеделдетіп жүзеге асыруды талап етеді", - деді ол.

Ресей басшысы алдағы жарты жылда аймақтарда экономиканы дамыту бойынша штабтар құруды тапсырып, бұл жұмысты үйлестіруді губернаторларға тапсырды.

"Ал губернаторларға (тапсырамын - еск.) экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін жедел штабтар құруды және бұл жұмысқа жеке басшылық жасауды тапсырамын", - деді Путин.

Владимир Путин федерал бюджеттің кірістері жоспарланған жобаларды қаржыландыруға жеткілікті және Орталық банк ақша басып шығаруға мұхтаж емес деп сендірді.

"Қазіргі жағдайда федерал бюджеттен қаржыландыру мәселесі болмайды. Біздің экономика бүгінде жеткілікті, жақсы табыс көлемін қалыптастырады, бұл эмиссияға жүгінудің қажеті жоқ дегенді білдіреді, басқаша айтқанда, орталық банкке ақша басып шығарудың қажеті жоқ", - деп сендірді Ресей президенті.

Халықты қолдауға келсек, Ресей билігі жақын арада әлеуметтік жәрдемақыларды, зейнетақы мен күнкөріс деңгейін көтеру туралы шешім қабылдайды, деді Путин.

"Мен бағаның өсуі халықтың кірісіне елеулі әсер ететінін түсінемін, сондықтан жақын арада барлық әлеуметтік төлемді, соның ішінде жәрдемақылар мен зейнетақыларды ұлғайту, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру, сондай-ақ бюджеттік саладағы жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаймыз", - деді ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында Путин Батыс елдерінің санкцияларына баға берді.

"Саяси негіз, жекеменшікке қолсұқпау, сөз бостандығы, бәрі далада қалды, тіпті Олимпиадалық қағидаттар да аяққа тапталды", - дейді Ресей президенті.

Бұл ретте Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ конгресінде Украина аумағындағы қазіргі жағдай туралы бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі.

Украина президентінің АҚШ конгресінен бірінші сұрағаны – Украинаның үстінде "гуманитарлық ұшуға тыйым салынған аймақ" құру болды. Екіншісі - Америка халқы мен АҚШ президентіне Украинаны қолдауға бағытталған барлық қадамы үшін алғыс.

Үшінші тармақ - U-24 шартты атауымен түбегейлі жаңа халықаралық одақ құру туралы ұсыныс. U - Ukraine немесе Бейбітшілік үшін біріккен (бейбітшілік үшін біріктірілген). 24 - бұл 24 ақпан, Украинадағы оқиғалардың басталу күні және 24 сағат.
Просмотров материала: 2 283

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 566 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 211 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 700 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 758 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 126 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 996 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 044 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 349 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 988 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 066 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 250 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 685 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 718 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 328 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 086 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 564 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 272 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 677 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 488 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 045 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 372 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 873 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 712 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 025 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 304 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 463 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930