24 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жартылай қанағаттандым дей аламын" - депутат қаңтар оқиғасының тергелу барысы туралы

15 март 2022, 17:53
"Жартылай қанағаттандым дей аламын" - депутат қаңтар оқиғасының тергелу барысы туралы
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан кеше, 14 наурызда өткен Мәжіліс отырысында құқық қорғау органдарының қаңтар қасіреті туралы есебі туралы ойын айтты.

Депутат Мәжілісте жасалған баяндамалардың ішінен адвокаттардың баяндамасы көңілінен шыққанын айтады.

"Өткен аптада жарияланған менің депутаттық сауалыма байланысты бас прокурор, ішкі істер министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы және басқа да күш құрылымдарының басшылары баяндама жасады. Парламентте тыңдау қойылды. Депутаттардың тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Ашығын айтсақ, барлық баяндамадан гөрі, маған адвокаттар Абзал Құспан мен Айман Омарованың баяндамасында көп нәрсе айтылғандай көрінді. Өз тарапымнан нақты депутаттық сауал жолдаған депутат ретінде атар болсам, күш құрылымы басшыларының баяндамасында келтірілген деректер көңілімнен шыққан жоқ. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға көп жауап берілді деп айта алмаймын. Бірақ күш құрылымы басшылары да бүгінде тергеу амалдары жүріп жатқанын, соған байланысты көп жағдай әлі құпия екенін ескертіп өтті. "Тергеу амалдары толық біткеннен кейін барлық жағдайды халыққа жеткіземіз" деді. Осы тұрғыдан қарағанда жауаптарға жартылай қанағаттандым деп айта аламын", - дейді Жанарбек Әшімжан.

Депутат алдағы уақытта қаңтар оқиғасына байланысты қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілетініне сенетінін айтады.

"Негізінен баяндамада келтірілген деректер осыған дейін де ақпарат құралдарында біраз мәлімет шыққан. Сол мәліметтерге жаңартылған, қосылған деректерді тыңдадық деп айтуға болады. Негізінен қоғам тарапынан қойылған негізгі мәселелер, шыны керек, кім ұйымдастырғаны, қандай топ, қылмыстық топ жетекшілері, соларға ықпал етіп отырған белгілі лауазымды тұлғаларға қатысты, саяси мағынасына қатысты көп сұрақ қойылды. Соларға жауап молырақ берілмеді. Алдағы уақытта толық жауап аламыз деп ойлаймын", - дейді депутат.

Жанарбек Әшімжан қаңтар оқиғасына байланысты жауапкершілік бәріне тең дәрежеде бөлінуі керегін айтады.

"Ауыр жағдай болған күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен жауапкершілікті мойнына алды. Арада екі ай өтті, ол тек Президенттің жауапкершілігі емес қой. Сондықтан тиісті салалық үкімет мүшелері де, өңірдегі әкімдер де, жалпы күш құрылымы басшыларының да, сол салада қызмет ететін лауазымды тұлғалардың да жауапкершілігі. Сол себепті оған бәрі өз саласы бойынша ашық, қанық, нақты ақапаратты сәт сайын беріп отыруы керек. Олай болмаған жағдайда ресми ақпарат алмаған жерді әлеуметтік желіде алып-қашпа әңгіме туындайды. Ол халықтың да көңіл-күйіне әсер етеді. Сондықтан жауапкершілікті Президентке итере бермей, қоғам да, билік те, парламент те, үкімет те - бәрі осыған жауапты. Жауапкершілікті тең бөлуіміз керек. Халыққа нақты, шынайы ақпаратты жеткізуіміз керек", - дейді депутат.

Еске салайық, кеше, 14 наурызда Мәжілістің отырысы өткен болатын. Жиын барысында күш құрылымы басшылары қаңтар оқиғасына байланысты баяндама жасап, депутаттардың сұрағына жауап берді.
Просмотров материала: 682

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 774 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 480 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 974 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 008 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 375 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 919 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 951 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 283 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 973 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 997 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 196 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 667 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 580 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 779 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 948 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 541 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031