5 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Адам ағзасында туберкулез инфекциясынының бар екенін қалай анықтауға болады

15 март 2022, 14:36
Адам ағзасында туберкулез инфекциясынының бар екенін қалай анықтауға болады
1. Туберкулез инфекциясы дегеніміз не?

Туберкулез инфекциясы дегеніміз – адам ағзасына ауа арқылы туберкулез микобактериясының еніп, бірақ өсіп-өнбейтін, туберкулезге тән жөтел, әлсіздік, тамаққа тәбеттің төмендеуі сияқты белгілер болмайтын жағдай. Себебі иммунитет жоғары болғандықтан туберкулез микобактериясының өсіп-өну қабілеті жойылады. Адамның дені сау, рентген сәулесімен тексергенде өкпесі таза және айналасындағыларға ауру жұқтыру қаупі болмайды. Туберкулез инфекциясы – бұл туберкулез микобактериясын жұқтыру. Әлемде әрбір үшінші адам туберкулез микобактериясын жұқтырған, бірақ әрбір онының біреуінде ғана туберкулез қарқынды дамиды.

2. Туберкулез инфекциясын жұқтырғандардың арасында кімдердің туберкулезбен ауыру қаупі жоғары?

Қарттар, жас балалар және ауру салдарынан иммунитеті төмендеген адамдар (алғашқы иммунды тапшылық – ВИЧ), ауруға байланысты иммунды-супрессивті ем (диализдегі науқастар, ген-инженерлі биологиялық дәрілер, ағза ауыстырғаннан кейін, т.б.) қабылдайтындар, сонымен қатар туберкулезбен ауыратын адамдармен байланыста болғандар – туберкулезбен ауыру қаупі жоғары топқа жатады.

3. Адам ағзасында туберкулез инфекциясынының бар екенін қалай анықтауға болады?

Балаларда туберкулез инфекциясы Манту және Диаскинтест (рекомбинантты туберкулез алергені – АТР) сынамаларын жасау жолымен анықталады, ал ересектерде – Диаскинтест сынамасы арқылы.

Квантиферон және T-Spot сияқты иммунологиялық сынамалар күретамырдан қан алып, зертханалық тәсілмен тексеріледі. Тері ішіне салынатын сынамалар (Манту, Диаскинтест) емханаларда жасалса, Квантиферон және T-Spot иммунологиялық сынамалары арнайы зертханаларда жасалады. Ағзада туберкулез инфекциясы болса сынама оң нәтиже көрсетеді.

4. Туберкулез инфекциясын анықтау қай жерде жасалады?

Туберкулез инфекциясын анықтау тұрғылықты жері бойынша емханаларда (Манту, Диаскинтест-АТР), иммунологиялық сынамалар – клиникалық-диагностикалық зертханаларда жасалады.

5. Егер сынама оң нәтиже беріп, туберкулез инфекциясы анықталса не істеу керек?

Сынама оң нәтиже берген жағдайда емханада міндетті түрде қосымша тексерулер жүргізіледі (дәрігердің тексеруі, кеуде қуысының рентгенографиясы, жалпы қан сараптамасы, т.б. керекті сараптамалар). Егер 2 аптадан астам уақыт жөтел болса жедел түрде қақырықты G-Xpert және микроскопиялық әдіспен зерттеу керек. Тексеру қортындысында рентгенограммада өзгерістер мен қарқынды туберкулезге тән клиникалық белгілер болмаған жағдайда профилактикалық ем тағайындалады. Профилактикалық ем ағзадағы туберкулез инфекциясының ауруға ұласпауының алдын алады.

6. Туберкулездің алдын-алу үшін профилактикалық ем кімге жүргізіледі?

• Балаларға - Манту және АТР сынамалары оң нәтиже берген жағдайда
• Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болған ересектер мен балаларға, иммунды-супрессивті ем, гормондар қабылдайтындарға, сонымен қатар ағза ауыстырғандар мен диализдегі науқастарға жүргізіледі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ТАРАЛУЫН ТЕЖЕУ ҮШІН
ТУБЕРКУЛЕЗ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАП ЖӘНЕ ОНЫ ЕМДЕУ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ !
Просмотров материала: 1 299

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 970 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 646 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 151 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 187 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 560 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 759 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 788 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 122 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 800 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 832 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 034 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 855 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 977 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 621 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 497 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 469 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 733 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 487 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 885 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 683 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 499 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 339 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 187 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 546 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 431 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 917 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 300 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 242 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 482 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 881 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 230 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 176 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 315 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 245 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 487 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 626 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031