24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандық мектеп жүйесін тағы бір реформа күтіп тұр

Қазақстандық мектеп жүйесін тағы бір реформа күтіп тұр
Тарихты білген абзал. Бабаларымыз шежіресін ауызша тарқатып, қиссаларды жатқа айтқан. Білім де, тәрбие де, одан қалды рухтың жоғары болуы да осы ауыз әдебиеті арқылы қалыптасты.

Кейін жазба әдебиетке көштік. Ұрпақ кітап арқылы білім алатын болды. Бірақ сол кітап күн өткен сайын оқушы тұрмақ үлкендерге де түсініксіз болып барады. Оқулықтағы қателерді ерінбегенннің бәрі түзетіп болды. Тағы бір сорақысы, әріп тани алмай жатқан балаға ерте жастан күрделі бағдарламаларды оқытып, қиын тапсырма жүктеудің қажеті қанша?

Бастауыш сыныптарда күрделі сандар енгізілген, тіпті қиын математикалық элементтер де бар. Ондықтар жайлы ауыр тапсырмаларды көруге болады.

Бұл профессор Алма Әбілқасымованың математика пәні мұғалімдерінің съезінде жасаған эмоционалды баяндамасы. Академик жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын ашық сынға алды. Сонымен қатар ол мектептердегі жаңарту ретсіз енгізілгенін айтты. Жүйелі оқыту принципі ғана емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы қалыптасқан Педагогикалық әдістеме де бұзылды. Әзірлеушілер балалардың жас ерекшеліктерін ескермеді деп шүйлікті.

Алма Әбілқасымова, Ұлттық Ғылым академиясының академигі:

- Кез келген өзгеріс 1-сыныптан бастап рет-ретімен енгізілуі тиіс. Биыл 1-сынып, келер жылы екінші сынып секілді. Ал біз 2016-2017 жылдары 1-сыныпты оқытудың жаңа форматын жасадық. 2017-2018 жылдары-бірден 2-5-7-сыныптарды енгіздік. Бұл реформа баспаларға ғана пайдалы болды. Сөзсіз мыңдаған тираж жиналды! 2018-2019 жылдары – 3-6-8 сыныптар, бұдан әрі 2019-2020 жылдары 9-10 сыныптар, ал 20-21 жылы – 11 сыныптар. 4 жыл ішінде білім реформасын жасап тастадық. Орта мектепте оқитын оқушыларға жоғары математика тапсырмаларын үйіп төктік. Оқытушы да, оқушы да аң-таң. Бұлай болмайды.

Қазіргі сансыз реформа, болашақта білімсіз ұрпақтың қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Жаңа оқу әдістемесін жасауда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары, орта білім беретін мекемелердің жай-күйін ескермеген. Профессордың айтуынша, тапсырма бастауыш сыныпта оқитын оқушыға тым ауыр. Қаламды қолына енді ұстаған бала білімнен безіп кетуі мүмкін деді. Ал депутат Ирина Смирнова осыған дейінгі білім беру бағдарламасын әзірлеген Назарбаев зияткерлік мектебіне тағы да реформаны жасауды сеніп тапсыру дұрыс емес екенін айтты.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлық білім беру бағдарламаларын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары әзірлеген. Ал оқулықтарды басқа мамандар жазған. Олар бұл процесті зияткерлік мектеп ұстаздары берген бағдарламаға бейімдеуге мәжбүр болды. Бұл сәтсіз жасалған реформа. Естуімше, алдағы білім реформасын тағы да Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандары әзірлейді екен.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова білім сапасына әсер ететін бірнеше факторға тоқталды. Оқулықтардың сапасыз жасалғанын қадап айтты. Сондай-ақ ұстаздардың әлеуетін арттыруға ауқымды жұмыс істеу керек деді.

Жұлдыз Сүлейменова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кез келген мектептегі баланың білім сапасы оған сабақ беретін мұғалімнің біліміне байланысты. Сондықтан біз қазір білімнің мазмұнын айтуымызға болады, оқулықтардың сапасыз екенін айтуымызға болады. Түптеп келгендегі үлкен проблема бұл педагог кадрлардың сапасына келіп тіреледі. Біздегі қазіргі оқулықтардағы қателердің барлығын сараптап қарап, экспертиза қандай оқулықтарда қателер бар, соларды жойып, жалпы осы оқулықтардағы қателер деген проблеманы шешуді қолға алу қажет деген ойдамын.

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін жұмыс тобы құрылып, білім сапасын арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара басталғанын айтып ақталды. Оған Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандары да тартылғанын жасырмады. Алайда олардан басқа оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын өзгерту үшін 200-ден астам педагог, профессорлар мен сарапшылар жұмыс істейтін болады деп сендірді.

Гүлмира Кәрімова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы:

- НИШ мұғалімдері құрамына кіргізіледі міндетті түрде. Сонымен берге айтып кеткенімдей ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер, шебер ұстаздар бар, әрбір аймақтан әдіскерлер бар, сондай адамдармен тәжірибелі мұғалімдермен жұмыс жүргізіледі. Тек біркелкі бір бағытта емес, жан-жақты қарау үшін. Сондықтан да бұл жұмысты ашық деп жариялап отырмыз. Егер ата-аналар қауымдастығынан, мұғалімдер тарапынан ұсыныстар болса әрине ашық алаңда қаралады.

Мектептегі білім сапасының төмендеуі соңғы 10 жылда байқалады. Көптеген Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларға, салаға бөлінген триллиондарға қарамастан жағдай өзгермейді. Бұл фактіні PISA (ПИЗА) халықаралық бағалау жүйесінің мәліметтері де растады. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық оқушылардың үштен екісі сауатсыз болу қаупі бар. Сондықтан мамандар реформалай беру нәтиже әкелмеуі де ғажап емес дейді. Сондай-ақ оқу бағдарламасын қиындату білімге деген құштарлықты жоюы мүмкін.
Просмотров материала: 4 991

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 460 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 291 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 932 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 955 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 264 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 921 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 064 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 444 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930