23 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ке дейін жеделдеді – Қуантыров

15 март 2022, 10:16
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ке дейін жеделдеді – Қуантыров
Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, сауда мен байланыста өсудің а.ж. қаңтардағы төмендеуден кейін қалыпқа келуі, өндіруші емес секторлардағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалуда.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Министрдің айтуынша, қаңтар-ақпан айларында нақты сектордағы өсім 4,7%-ке жетсе, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1%-ке дейін ұлғайған.

Салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.

Ведомство басшысы мәлімдегендей, инвестициялар құрылыс саласында – 2,2 есеге, білім беруде – 2,2 есеге, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 63%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 34%-ке, саудада – 32%-ке, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 19%-ке, өнер, ойын-сауық және демалыста – 18,7%-ке, көлік және қоймалауда – 17,2%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

Осы жылдың қаңтарында сыртқы сауда тауар айналымы 63%-ке өсіп, 8,8 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 86%-ке өсіп, 6,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 56%-ке артып, 1,7 млрд АҚШ долларына дейін жетті.

Оның айтуынша, тауарлар импорты 2,8 млрд. доллар болған.

Министр сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалғанын атап өтті. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында өндіріс көлемі 3,9%-ке өскен.

«15 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда» – деді министр.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,2%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 10,2%-ке, вагондар мен локомотивтер өндірісінің – 24%-ке, құрылыс материалдары – 2,1%-ке, дайын металл бұйымдары – 4,4%-ке, пластмасса бұйымдары – 8,7%-ке, фармацевтикалық өнімдері – 17,0%-ке, сусындар – 16,5%-ке, киім өндірісінің – 12,8%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,4%-ке ұлғайды.

Салалар бөлінісінде өсім шикі мұнай өндіруде 9,2%-ті, газ өндіруде – 8,9%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 7,2%-ті, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 6,2%-ті, металл кендерін өндіруде – 1,2%-ті құрады.

Ал, көмір өндіруде теріс серпін байқалуда.

Қаралып отырған кезеңде құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ке өсті.

Көрсеткіштің оң өсімі 14 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Қостанай және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасының қаңтармен салыстырғанда 1,7 пайыздық тармаққа жақсаруы байқалуда, бұл ретте өсім әлі де теріс болып отыр.

Жалпы 1,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3%-ке төмен.

Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалуда.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,6%-ке ұлғайды.

Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда.

Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 3 өңірде – Ақмола және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалаласында белгіленіп отыр.

6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда. Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстары.

5 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде – Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

4 көрсеткіш бойынша оң өсім Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалуда.

Министр рталық және жергілікті атқарушы органдарға мына шараларға назар аударуды ұсынды:

1. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және құрылыста жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету.

2. Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іс-шараларының тиімді іске асырылуын бақылау.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кешенді қолдау, халықты қайта вакцинациялау.

4. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде құрылатын жұмыс орындары бойынша күшейтілген мониторинг жүргізу және тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту.

5. Экспорттаушылардың сұраныстарына жедел ден қою, шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау.

Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Әлібек Қуантыров
Просмотров материала: 560

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 939 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 602 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 089 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 133 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 511 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 182 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 216 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 515 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 168 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 247 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 428 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 782 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 496 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 368 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 167 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 596 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 724 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 531 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 218 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 076 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 412 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 298 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 781 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 965 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 133 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 748 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 108 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 050 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 186 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031