15 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аллергияны қалай жеңуге болады – дәрігер кеңесі

11 март 2022, 10:56
Аллергияны қалай жеңуге болады – дәрігер кеңесі
Аллергияны неліктен ХХІ ғасыр дерті деп атайтыны туралы аллерголог Ғалия Түсіпбекова айтып берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша әлем халқының шамамен 30%-і аллергиядан зардап шегіп отыр, ал отыз жылдан кейін олардың қатары айтарлықтай артып, әрбір екінші адам аллергик атануы мүмкін. Маусымдық аллергия қай кезде пайда болады және бұл ауруды түбегейлі емдеуге бола ма? Осы туралы Sputnik Қазақстан тілшісі анықтап білді.

Бүгінгі күні аллергия ХХІ ғасырдың ең жылдам өршіп келе жатқан дерті деп аталады. Бұл ауру жас талғамайды. Мамандар мұндай жаппай аурудың негізгі себебі ретінде иммундық жүйенің теңгерімсіздігін атады.

"Аллергия – бұл бізді қоршап тұрған заттарға қатысты иммундық жүйенің жағымсыз реакциясы. Бұл немен байланысты? Бұл иммундық жүйенің дисфункциясы. Неліктен аллергия көп кездесіп жатыр? Ал бұл өркениеттің дамуына, табиғат тіршілігіне белсенді араласуға, ауаның ластануына, өмірімізге химияның кеңінен енуіне байланысты туындап отыр", - дейді аллерголог-иммунолог Ғалия Түсіпбекова.
Маманның айтуынша, дәрі-дәрмекті оңды-солды қолдану да иммундық жүйенің теңгерімсіздігін тудырып, аллергияға бейімділікке алып келуі мүмкін.

Ғалия Түсіпбекова ауру асқынған кезде азық-түлікке өте мұқият болу керек екенін ескертті. Себебі олардың арасында аллергиялық реакцияларды күшейтетін өнімдер болады.

"Аллергиялық реакцияны күшейтетін немесе дербес тудыра алатын тағамдар бар. Оған цитрус жемістері, тәттілер, газдалған сусындар, консерві өнімдері, ащы, тұзды, қуырылған және ысталған тағамдар жатады", - деді дәрігер.

Маусымдық аллергияның үш кезеңі

Мамандар өсімдіктердің гүлдеуінен болатын маусымдық аллергия немесе поллиноз үш кезеңде өтетінін айтады. Олардың біріншісі көктемде, сәуір айының аяғында, қандыағаш, қайың және басқа да ағаштар гүлдеген кезде басталады. Екіншісі мамырдан маусымға дейін созылады. Бұл кезде ауада терек, шалғындық және көгалды шөптер тозаңы таралады. Үшінші кезең шілде айының ортасында басталып, қыркүйекке дейін созылады. Яғни бұл жусан, көкпек, жолжелкен және басқа да арамшөптердің гүлдену кезімен тұспа-тұс келеді.
"Полиноз өсімдіктің бір түрінен немесе бірнеше өсімдіктен туындауы мүмкін. Адам көктем-жаз-күзгі кезеңнің барлық уақытында аллергиядан зардап шегуі оның өмір сүру сапасын төмендететіні анық", - дейді маман.

Маусымдық аллергияны ертерек емдеу керек

Дәрігерлер маусымдық аллергияға алдын ала дайындалып, осылайша аллергиялық реакциялардың ағымын жеңілдетуге болатынын айтады. Ол үшін өсімдіктердің гүлдену кезеңіне дейін мамандардың көмегіне жүгініп, арнайы емдеу курсынан өту керек.

"Гүл ашпайтын кезеңде емделу қажет. Бұл аллерген түріне байланысты болады. Емдеуді жыл бойы жүргізуге болатын еуропалық аллергендер бар. Біздің республикада ресейлік-қазақстандық аллергендер тіркелген. Оларды қабылдауды ауру асқынғанға бір-бір жарым ай қалғанда аяқтау керек", - дейді Ғалия Түсіпбекова.

Маман атап өткендей, бұл ауруды емдеу курсында науқастың ағзасына қоздырғыш аллергендер дозасы біртіндеп енгізіледі. Емдеуші аллергендер инъекция, дәрі, тамшы, спрей түрінде болады.

Маусымдық алларгияның симптомдарын қалай жеңілдетуге болады

Гүлдену кезеңінде тек симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Маман аурудың күрделілігіне байланысты жергілікті және/немесе жалпы әсер ететін аллергияға қарсы препарат тағайындайды. Бұл антигистаминдер, гормонды, қан тамырларын тарылтатын, сіңіргіш құралдар болуы мүмкін. Дәрі-дәрмек бүкіл гүлдену кезеңін қамтитын мерзімге тағайындалады.

"Адам аллергиялық ауру асқынған кезде келсе, біз аурудың ауырлығына қарай ем тағайындаймыз. Аллергия қатты өршіген кезде гормонды препараттар тиімді деп саналады. Егер адам маусымдық аллергияға шағымданып келсе, онда аллерген өсімдіктердің гүлдену кезеңін толық қамтитын емдеу курсын белгілейміз", - деп түсіндірді дәрігер.

Аллергияны түбегейлі емдеу мүмкін бе

"Адамды осы дертпен өмір сүруге, оны бақылауда ұстауға бейімдеу керек. Дұрыс әдісті қолданса, аллергияның ауыр өтуін бәсеңдетуге болады", - дейді аллерголог.

Елордалық дәрігер Ғалия Түсіпбекованың айтуынша, егер аллергия созылмалы болса, онда оны толығымен емдеу мүмкін емес. Дегенмен ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Просмотров материала: 911

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 331 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 025 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 520 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 554 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 930 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 832 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 866 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 199 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 876 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 908 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 116 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 876 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 010 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 643 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 519 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 539 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 758 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 512 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 913 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 521 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 364 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 206 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 576 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 453 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 941 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 372 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 269 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 507 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 901 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 244 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 191 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 339 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 269 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 511 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 644 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031