27 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім қабылдады Сурет: Zakon.kz

09 март 2022, 15:20
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім қабылдады  Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 13,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 14,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 12,50% болады.

Мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім оның ағымдағы деңгейі Ұлттық Банктің геосаяси тәуекелдерді және инфляциялық процестердің жеделдеу тәуекелін арттыруға ықпал ететініне орай негізделді. Бұл ретте сыртқы және ішкі макроэкономикалық ахуал бұдан былай да нашарлаған жағдайда монетарлық талаптарды одан әрі күшейту үшін кеңістік қалады. Ұлттық Банк макроэкономикалық жағдайдың және Қазақстан қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды жалғастырады.

Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша бағалардың өсуі аясында 2022 жылғы ақпанда жылдық инфляция 8,7%-ға дейін (2022 жылғы қаңтарда – 8,5%) көтерілді.
Азық-түлік тауарларының бағасы нан-тоқаш өнімдері мен жарма, көкөністердің қымбаттауына байланысты 10%-ға (осы жылғы қаңтардағы 9,9%-дан) көтерілді.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,6%-ға дейін (8,5%) ұлғайды.

Тұрмыстық техника, жиһаз бен тұрмыста қолданылатын тауарлар бағасының жоғары өсімі сақталып отыр.

Бензин мен дизель отыны бағаларын уақытша реттеу жағдайында жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығында дезинфляция байқалады.

Алайда ЖЖМ бағасының өсуі жылдық көрсетуде әлі де болса жоғары мәндерде (22,1%) сақталып қалды.

Ақылы қызмет көрсету 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда биылғы ақпанда 7,1%-ға (6,8%) қымбаттады, ол жекелеген нарықтық қызметке бағаның өсуіне байланысты болды.

Тұрғын үйді жалдау құнының жылдық өсімі 20,7% болды.

Сонымен қатар баға өсуіне жарияланған мораторий аясында газдың бағасы 5,4%-ға дейін (2021 жылғы желтоқсанда – 12,9%) баяулағаны байқалады.

Сыртқы сектор белгісіздіктің өте жоғары деңгейімен сипатталады.

Жаһандық экономика геосаяси тәуекелдердің қысымына ұшырап отыр.

Осыған байланысты биыл және келесі жылы әлемдік экономика бұрын болжанғаннан барынша төмен қарқынмен өседі деп күтіледі.

Сыртқы нарықтардағы жағдай баға өсуімен сипатталады. Энергия тасымалының, металл мен ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы күрт өсуіне байланысты жаһандық инфляцияның бұрын болжанғаннан жоғары мәндерде ұзақ уақытқа қалу ықтималы жоғары.

2014 жылдан бастап Brent сұрыпты мұнай бағасы алғаш рет барреліне 100 АҚШ долларынан асты. Геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты Ресейден мұнай жеткізудегі іркіліс тәуекелінен жоғары баға қолдау тауып отыр.

Сонымен бірге, жоғары сұраныс пен 2022 жылғы қаңтардағы нақты өндіріс рұқсат етілген квоталардан төмен болған ОПЕК+ елдерінің мұнайды барынша аз өндіруі аясында әлемдік мұнай қорларының төмендеуі байқалады.

Әлемдегі бүгінгідей жоғары белгісіздікке қарамастан, жалпы алғанда, әлемдік мұнай нарығының бұдан былайғы даму перспективасы позитивті болып қалып отыр.

Биылғы ақпанда ФАО азық-түлік бағасының индексі өсімдік майы, сүт өнімдері, астық және ет бағаларының айтарлықтай өсуі аясында тарихи рекордтық деңгейге жетті. Ресей-Украина қақтығысы әлемдік нарықта бидайдың тапшылығына әкеліп соғады деген қауіп-қатерге байланысты бидай құны 14 жылдық ең жоғары көрсеткішті жаңартты.

Сауда әріптес елдеріндегі күрт өзгеріп жатқан геосаяси және сыртқы экономикалық жағдай мен бұрын-соңды болмаған белгісіздік деңгейі болжамдарды толыққанды дайындау мүмкіндіктерін едәуір қиындатып отыр. Осыған байланысты Ұлттық Банктің болжамдары сараптамалық бағалаумен толықтырылды және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ықтимал бағытын сапалы бағалау үшін қалыптастырылды.

Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, инфляция алдыңғы болжамдардан жоғары болып қалыптасатын болады. Инфляцияның барынша жоғары серпінінің негізгі себебі азық-түлікке жатпайтын тауарларды тұтынудағы импорттың жоғары үлесіне байланысты теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуін ішкі бағаларға ауыстыру болып табылады. Сондай-ақ азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының өсуіне байланысты, бірінші кезекте, Ресейдегі инфляцияның күтілетін жеделдеуі және әлемдегі инфляциялық қысымның жоғарылауы аясында сыртқы инфляция аясы күшейеді деген болжам бар.

Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы бағдардан асып кету тәуекелі айтарлықтай өсті.

Геосаяси дағдарысқа байланысты Қазақстан экономикасы өсуінің бұрын болжанғаннан да төмен бағыты күтілуде. Экономиканың өсу қарқынына шикізат тауарларына жоғары бағалар, бюджет шығыстарының әлеуетті өсуі, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы ықпал етеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан былайғы шешімдер инфляция серпініне және инфляциялық күтулерге, геосаяси жағдайдың дамуына және оған қаржы нарықтарының ықпал етуіне байланысты болады. Ұлттық Банк инфляцияны нысаналы мәндерге қайтару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 25 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады
.
Просмотров материала: 478

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 470 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 283 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 927 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 962 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 256 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 110 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 435 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 134 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 327 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 208 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 243 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 714 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 168 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 496 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30