27 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Үкімет балалардан ақшаны үнемдеп қай жыртығын жамамақшы»: Алматы облысында балалар үйірмелері жабылып жатыр

«Үкімет балалардан ақшаны үнемдеп қай жыртығын жамамақшы»: Алматы облысында балалар үйірмелері жабылып жатыр
Бюджет қаражатының болмауына байланысты Алматы облысында балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жобасының тоқтауына ата-аналар наразылық танытып, петиция жариялады. Ата-аналардан бөлек, орталыққа шығармашылық қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер де аталған шешіммен келіспейтінін жеткізіп, базыналарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


«Біз Алматы облысында АртСпорттың жабылуына қарсымыз! Орталық Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай, барлық кішкентай балалардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Кейбір есепте 2022 жылға арналған бюджет таусылғандығы да бізді таңғалдырып отыр. Осы АртСпорт платформасы жұмыс істегенін президентіміз Тоқаев мырзаның тапсырма берген сәтінен тағаттана күттім. Үйірме іске қосылғанда төрт баламның екеуін орналастырдым. Ақшасы үйірмеге жетпейтін ата-аналар үшін қандай керемет мүмкіндік деп шын қуандым. Енді міне, қуанышым су сепкендей басылды. Үкімет аталған тегін секцияларды жауып, бюджеттің қай жыртығын жамамақшы?! Басты мақсат – балалар суицидінің алдын алып, жеткіншектерді ортаға бейімдеу, олардың психо-эмоционалдық жағдайларын жақсарту емес пе еді?! Менің баламның талабы мол, бокс клубтың атын шығарып, түрлі марапаттар иеленіп, спортқа деген ынтасы ашылып келе жатыр еді. Енді үкілеген үмітке балта шапқандай ренжіп отырмын», - деді Рауза Омарова.

«Жас ұрпақтын сағын сындырғанша, мұндай бастаманы ашпай-ақ қою керек еді…»

«Балаларымыздың көңілі жабырқап, зейіні басылып қалды» деген Майра Момбаева осындай үлкен бастаманың ашылмай жатып жабылып қалуы облыс басшыларына сын деп отыр.

«Жас ұрпақ үшін пайдалы орталықтың жабылып қалуы облыс басшылары үшін үлкен сын емес пе?! Көпбалалы, жалғызбасты аналар қаржымызды үнемдеп, балаларымыздың кәсіби мамандардан домбыра үйренгеніне мәз болып қалған едік. Бұл үйірмеде қарапайым отбасылардың балалары өз арманына қол жеткізу үшін дәріс алуда, осындай қысқа мерзімде балалардың алған білімі керемет жетістіктерге қол жеткізуде. Көптеген ата-ананың ақылы үйірмелерге қатыстыруға қаржылай мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, жан-тәнімен үйірмеге қатысып жүрген балаға «үйірме жабылды, енді бармайсың» деген сөзді айтудың өзі ауыр болып жатыр. Жас ұрпақтын сағын сындырғанша, мұндай бастаманы ашпай-ақ қою керек еді. Осындай сағы сынған балаға жетіспеушіліктен туындаған дәрменсіздікті қалай түсіндірерімізді білмей отырмыз. Осыдан соң, біз «еліңді қорға, өз елінің патриоты бол» деп балаға қалай айта аламыз. Көптеген ата-ана ақшасы болмағаны үшін, баласының көше баласы болғанын қаламайды», - деп налыды Майра.

АртСпортқа шығармашылық қызмет көрсететін «Мейірім» орталығының директоры Күләнда Жоламан үйірмелердің тоқтауы өздері үшін де, оқушылар үшін психологиялық жағынан қиын болды деп отыр.

«2021 жылдың тамыз айында орталықта балалармен жұмысты бастадық. Көпбалалы ата-аналар қатты қуанып қалған еді. Мына жаңалық бәрімізді шок қылды. Мақсатымыз – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту еді. Жүзге жуық ата-анамен бірлесіп, Ташкентте, Түркияда өтетін конкурсқа костюм тігіп, жанталасып дайындалып жатқан едік. Бес жастағы балаларға дейін домбыра шертіп, күндіз-түні дайындалып жатыр еді. Ата-аналар домбыра алып, балаларының тегін дәріс алғанына риза болып жүрген. Енді қазір бәріміздің жылағымыз келіп жүр. Облыс басшылары шешімдерін өзгертіп, бір жөнін табады деген үміттеміз. Орталыққа 500-ге жуық бала келеді, оның 300-не домбыра, би, актерлік шеберлік сабақтары тегін жүргізіліп жүрген. Енді қаржыландыру тоқтайтын болса, балалар қайда баратынын білмеймін. Қанша мың мұғалім айлықсыз қалады», - деп күрсінді кәсіпкер.

Үйірмелердің жұмысын жалғастыруға қосымша 20 млрд теңге қажет

Ал, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жөніндегі жобалар шеңберінде Алматы облысында 2021 жылдың маусым айынан бастап шығармашылық және спорттық үйірмелерге 2 млрд 540 млн теңге бағытталып игерілгенін айтты. Оған қоса, операторлық қызметтерді орындауға жергілікті бюджет есебінен 8 штаттық бірлік бөлінген. Соның нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, пандемия салдарынан бизнесі тұралаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді. 95 мыңнан астам бала қамтылып, 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың artsport.edu.kz порталында 419 жеке кәсіпкер тіркеліп, жұмыс істеуде. 10 658 өтініш қаралып, 3 703-і мақұлданды, балалар саны – 95 389. Тағы да 2 мың өтініш қаралу үстінде, күніне шамамен 150-ге тарта өтініш түсіп жатыр.

«2022 жылдың бекітілген бюджетінен бөлінген 4 млрд 400 млн теңгенің бүгінгі күнге 3,1 млрд теңгесі игерілді. Ай сайынғы жұмсалатын шығынның 2 млрд 632 млн теңге екенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған үйірмелердің қызметін одан әрі қолдауға жыл соңына дейін қосымша 20 млрд теңге қажет. Осыған байланысты осы жылдың 14 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен ваучер беру уақытша тоқталды, ал 2022 жылдың 1 наурызынан бастап өңірде шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджет қаржысының болмауына байланысты қаржыландыру тоқтатылғанны туралы хабарлама жіберілді», - деп хабарлады әкімдікте.

Бұл проблема барлық облыста бар

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл мәселені шешу үшін Президент Әкімшілігінің, тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен жедел жиын өткізілді. Жиында балалар спорты мен шығармашылығын қаржыландыру тетіктерін енгізу ережелерін жетілдіру туралы өзекті мәселе талқыланды. Бұл саланы жергілікті бюджеттен қаржыландырудың қиындығына байланысты республикалық бюджеттен қолдау қажет.

«Бұл проблема – барлық облысқа ортақ. Мұны өзіміз шеше алмайтын болғандықтан мәселені бірінші болып көтердік, өйткені біздің өңірдің демографиялық өсімі жоғары, жыл сайын 20 мыңдай бала өмірге келеді. Қазіргі кезде облыста 4 пен 18 жас аралығындағы 574 831 бала бар. Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып, біз өз ұсынысымызды 10 наурызға дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жолдаймыз. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Айта кетейік, облыста балаларға арналған тегін секциялардың жойылғаны туралы хабар қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Просмотров материала: 884

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 423 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 236 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 880 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 915 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 208 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 108 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 253 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 433 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 131 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 324 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 206 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 240 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 020 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 713 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 168 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 495 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30