23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жинақтар және инвестициялар: неге эмоцияға берілмеу керек

04 март 2022, 13:00
Жинақтар және инвестициялар: неге эмоцияға берілмеу керек
Геосаяси ахуалдың ушығуы аясында қаржы сарапшылары халыққа эмоцияға берілмей, сабыр сақтап, жинаққорларын мейлінше сақтап қалуға кеңес беруде. 

Қаржы «жастығын»(финансовая подушка) іске қосу 

Қаржы нарықтарында ірі күйзелістер болған кезде қаржылай қауіпсіздік жастығы түріндегі қоры жоқ азаматтар эмоциялы түрде әрекет ете бастайды. Шетел валютасын алу үшін біреулер салымдарын ала бастайды, енді біреулері кредит рәсімдейді, ал кейбіреулері айналасындағы дүрбелеңге еріп, екінші телевизор немесе үшінші гаджетті сатып алып, техникаға және басқа да тауарларға «инвестиция» жасайды. Бұның орнына сізге жинақтарыңызды барынша сақтап, резервтік қор қалыптастыруға кеңес береміз.

Кім қызбаланып әрекет етсе, сол көбіне ақшасынан айырылады. Сауатты және икемді етіп жасалған қаржылық жоспардың, қауіпсіздік жастығының болуының арқасында сіз қиын кезеңнен жеңіл өтіп, жаңа нарықтық жағдайларға жеңіл бейімделесіз.

Қаржылық қауіпсіздік жастығы – бұл сіздің үнемі аударып отыру арқылы қалыптасатын резервтік қорыңыз. Қаржылық жастықтың мөлшері кемінде 6 айлық жалақыдан тұрғаны абзал. Бұл ақша қаржылай шығынтарды талап ететін төтенше жағдайда ғана пайдалануға арналған. 

Жеке қаржылық жоспар

Оны қаржылық тәртіп сақталған жағдайда, адасуға жол бермейтін жол картасы деп атауға болады. Сондықтан, бірінші кезекте қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды анықтап алыңыз. Оларды жазып қойған дұрыс және қажет болған кезде жаңартып немесе толықтырып отырған жөн. Басымдықтарды ескере отырып, оларды үнемі түзетіп тұруға тура келеді.

Өзіңіздің қаржылық жоспарыңызды мезгіл-мезгіл қарап тұрыңыз және, есіңізде болсын, шығыстар мен кірістерді жоспарлау – бұл қаржылық табыстың негізі. Қажетсіз шығындардан арылыңыз, ақшаны үнемдей, жинай бастаңыз, пассив кіріс алудың түрлі тәсілдерін қарастырыңыз.

Ақшамен не істеуге болады?

Аздаған қолма-қол ақша әрқашан қолыңызды болуы тиіс, оларды түрлі валютада сақтауға болады. Кенеттен банкоматтар уақытша жұмыс істемей қалуы немесе басқа күтпеген жағдайлар болуы мүмкін.

Биржалық индекстердің құлдырауына қызығушылық танытқан, жаңа бастаған инвесторлар, қор нарығында инвестициялау тәжірибесі жоқ адамдар болашақта көңілі қалмас үшін бұл бизнесті кәсіби трейдерлерге сеніп бергені дұрыс. Теңгерімді портфелі бар бөлшек инвесторлар эмоцияға берілмеуі керек, олар ойланбастан мәмілелер жасауға әкелуі және болашақта инвестициялардың қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. Ең дұрысы көбірек тартымды ұзақ мерзімді бағдарлар мен стратегияларды ұстану болып табылады.

Қаражат салудың сенімді көздерінің бірі банк депозиті болып табылады. Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгемен депозиттердің тартымдылығын қолдау мақсатында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін Теңгемен салымдарды қорғау бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бағдарламаға қандай салымдар қатысады? Бұл ең кең тараған, Қазақстанның әрбір екінші деңгейдегі банктерінде пайыздық мөлшерлемемен қолжетімді, сондай-ақ мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қарастырылған, теңгемен салынған мерзімсіз, мерзімді депозиттер, теңгемен жинақтау депозиттері, «Отбасы банк» АҚ-тағы тұрғын үй құрылыс жинақ депозиттері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ашылған салымдар.

Бағдарлама қандай салымдарға таралмайды? Ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттер мен шартты депозиттерге қолданылмайды.

10% мөлшеріндегі өтемақы әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпанның соңындағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ Бағдарлама іске асырыла бастаған кезден бастап 12 айдан кейін 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы (салым сомасы 20 млн теңгеден аспаса, оның нақты сомасынан аспайтын сомадағы) көрсетілген салымдарға 1 рет есептеледі. Бастысы, өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды.

Банктегі салымды оның мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау сыйлықақыны есептеудің міндетті талабы болып табылады. Егер салым мерзімі өтемақы төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит Бағдарлама аяқталғанға дейінгі мерзімге ұзартылуға тиіс. Салымды ішінара алған кезде өтемақы жоғарыда көрсетілген лимиттер ескеріле отырып, ақшаны алғаннан кейінгі салым қалдығының ең аз сомасына төленеді. Мысалы, 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша депозитіңізде 700 мың теңге болды делік. Бір аптадан кейін сіз одан 100 мың теңгені алдыңыз, қалғаны 600 мың теңге. Осыдан кейін 2023 жылғы 23 ақпанға дейін сіз депозитті тек қана толтырдыңыз. 2022 жылғы 24 ақпан – 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңде ең аз сома 600 мың теңгені құрады, тиісінше сізге есептелетін өтемақы осы соманың 10%-ы, яғни 60 мың теңге болады. Әрине, өтемақы мөлшері барынша көп болуы үшін Бағдарламаға қатысатын депозиттен ішінара ақшаны алмағаныңыз жөн.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы сәуірге теңгемен депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті. Теңгемен депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер наурыз айының мәндері деңгейінде сақталды: мерзімсіз – 13%, 3,6, 12 айлық мерзімді – 13,5%, 3,6, 12 айлық жинақ депозиттері бойынша – 14%.

Кредит алған дұрыс па?

Есіңізде болсын, кез келген кредит – бұл үлкен жауапкершілік! Қарызды міндетті түрде қайтару керек болады, сондықтан кредитті аса қымбат техника не доллар, еуро сатып алу үшін алмаңыз. Сондай-ақ оны ескі кредиттерді жабу мақсатында алмаңыз.

Кредитті алу оңай, ал өтеу қиын. Сондықтан қарызға ақша алу үшін банкке бармас бұрын, кідіріңіз. Қарыз мақсатын айқындап алыңыз және өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды нақты бағалаңыз.

Кредиттің, ең алдымен, міндеттеме екенін, оны сіз қарыз алушы ретінде ұзақ уақыт бойы орындауға тиіс болатыныңызды есте сақтаңыз. Сол себепті, егер сіз кредитті төлей алатыныңызға сенімді болмасаңыз, оны алмағаныңыз жөн!

Сондай-ақ, Желіде және офлайнда сақ болыңыз. Алаяқтар барынша көп адамды алдау үшін үрейлі жаңалықтарды пайдаланады. Олар қандай да бір сылтаумен сіздің дербес және төлем деректеріңізге қол жеткізу үшін өздерін кез келген бір адам ретінде таныстыруы мүмкін.

Дереккөз: fingramota.kz
Просмотров материала: 844

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 356 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 189 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 829 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 853 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 162 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 723 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 913 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 056 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 435 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930