14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда наурыздан бастап не өзгереді?

01 март 2022, 9:28
Қазақстанда наурыздан бастап не өзгереді?
Елімізде наурыздан бастап бірқатар өзгеріс болады. Tengrinews.kz тілшісі көктемнің алғашқы айынан бастап елімізде болатын өзгерістерге шолу жасады.


Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалады

2022 жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге - 5 наурыз жұмыс күні, 2022 жылғы 6, 7, 8 наурызда демалыс болады.

Ал аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге - 5 және 7 наурыз жұмыс күндері, 2022 жылдың 6 және 8 наурызы демалыс, ал 9 наурыз - жұмыс күні.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамы кезінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады - 2022 жылдың 19, 20, 21, 22, 23 наурызында. Аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге сенбі 19 наурыз жұмыс күні, одан кейін 4 күн - 2022 жылдың 20, 21, 22, 23 наурызы демалыс.

Республика бойынша құлақтандыру дабылы іске қосылады

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

ТЖМ мәліметінше, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Съез онлайн форматта өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз хатшысы Асхат Оралов хабарлаған болатын. Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. Асхат Ораловтың сөзінше, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

Көктемгі әскерге шақыру басталады

Қорғаныс министрлігі 17 мыңға жуық жасты шақыруды жоспарлап отыр. 1 шілдеге дейін қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатарын он жеті мыңнан астам әскерге толықтырады. Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының 18-ден 27 жасқа дейінгі, кейінге қалдыру немесе босату үшін негіздері жоқ азаматтары жатады.

2021 жылғы көктемгі әскерге шақыру басталғаннан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер болып саналады. Қызмет азаматтарға "электрондық үкімет" порталы арқылы ұсынылады. Бұл қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Нұр-Сұлтанда жаңа ақылы тұрақтар жұмыс істей бастайды

1 наурыздан бастап нөмірі 11, 2*, 3*, 4* тұрақ аймақтары әкімшілендірумен жұмыс режиміне ауыстырылады. Төлем - сағатына 100 теңге. Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: 8.00-ден 20.00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тегін.

Темекі қымбаттайды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды.

Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрық бойынша фильтрлі темекіге, фильтрсіз темекіге, папиросқа ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі.

Енді 20 темекі пакетінің ең төменгі бағасы:

550 теңге - 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін;
570 теңге - 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
600 теңге - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап.

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

Сервис жұмысы 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тоқтайды. Компания өкілдерінің сөзінше, сервистің Қазақстандағы жұмысын тоқтатуына нарықтық жағдайлардың өзгеруі себеп болған.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енеді

"Алматы" телеарнасының мәліметінше, жаңа заң және әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілер пакеті жануарларға қатысты иттерді төбелестіру, ветеринарлық операцияларды наркозсыз жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды қинап, дер кезінде көмек көрсетпеу, мейірімсіздікпен аулау сияқты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды.

Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру тоқтатылады.
Просмотров материала: 2 036

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 213 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 716 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 306 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 657 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 088 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031