9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан елшісі Украинадағы жағдайды баяндап берді

25 февраль 2022, 15:18
Қазақстан елшісі Украинадағы жағдайды баяндап берді
Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандықтарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары басталды.


Алайда эвакуациялауға қатысты түрлі ақпарат тарала бастады. Тіпті, "елге оралу үшін ақша сұрайды" деген ақпарат та бар.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев эвакуацияның қиындықтары туралы айтып берді.

Мобилизация басталды

Елшінің айтуынша, бүгінде халықты тасымалдауға адам жетіспей жатыр. Себебі Украинада жалпы мобилизация жарияланды. Көлік жүргізушілері де армияға шақырылып жатыр.

"Көлік мүлдем жоқ, көлік болғанда оны жүргізетін адам жоқ. Көлік компаниялары автобустың рөліне отырғызатын адам таппай жатыр. Өйткені бұл жақта барлық ер адамды мобилизациялауға кірісті. Мен елшіліктегі көліктердің бәрін эвакуациялау жұмысына тарттым. Бір сағат бұрын 100 адамды жібердік. Барлық көлікке отырғыздық. Мен өзім көліксіз қалдым", - деді Қалетаев.

Оның айтуынша, Украинада жүрген қазақстандықтардың саны көп болып шықты. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-ге дейін эвакуацияға 486 Қазақстан азаматы өтініш берген. Барлығын елге қайтару үшін, кем дегенде, үш әуе рейсін жасауға тура келеді.
Дегенмен, адамдардың саны тағы өсуі мүмкін.

"Шамамен, 500 адам деп отырмыз. Бірақ онымен тоқтамайтын сияқты. Бұл - таңғы сағат алтыдағы мәлімет", - деп атап көрсетті Қалетаев.

Есепке тұрмағандар шыға бастады

Қазіргі кезде елшіліктің есебінде, шамамен, 500 Қазақстан азаматы бар. Олардың ішінде дипломаттар және Украинаға жұмыс істеу үшін келгендер бар. Бірақ есепке тұрмаған адамдар да жоқ емес.

"Бізде тұрақты есеп бар. Енді, біреулер отбасын құрды. Олардың саны, шамамен, 1 100 адамды құрайды. Отбасы болғаннан кейін тіркеуге тұрмай, жүре береді", - дейді Қалетаев.

Қазіргі кезде тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар да эвакуациялауды сұрап отыр.

"Терезенің алдында бомба жарылса, бірден қауіпсіз жер іздейсің ғой. Қазір сол адамдардың бәрі қауіпсіз жерге көшіруді талап етіп отыр. Талаптары заңды. Оны орындау қажет", - деді Қалетаев.

Елшінің өзі әзірше Украинадан кетпеймін дейді. Онымен бірге тағы төрт қызметкер қалды. Барлығы жер астындағы бөлмелерде жұмыс істейді. Ал даладағы атыс басылғанда сыртқа шығады.

Қазақстандықтардың шығындары өтеледі

Дархан Қалетаевтың айтуынша, Украинадан эвакуациялық рейстермен шығып жатқан қазақстандықтардың билетке жұмсаған ақшасы қайтарылады.

"Қазіргі кезде бұл мәселені үкімет қарап жатыр. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз. Air Astana да хабардар. Үкімет әуе компаниясының шығындарын өтеу жағын қарастырып жатыр", - деді Қалетаев.

Украинада жүрген қазақстандықтарды алдымен Польшаның Катовице қаласына жеткізелді. Сол жерден арнайы рейспен Атырауға ұшады.
Air Astana рейсі 26 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 02:00-де ұшып шығады.
Просмотров материала: 788

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 068 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 242 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 287 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 657 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 545 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 583 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 905 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 571 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 624 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 818 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 805 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 148 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 262 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930