7 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жаназада мал союға тыйым салынады

24 февраль 2022, 18:05
Жаназада мал союға тыйым салынады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел азаматтарына жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ел басшысы Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Жарлық шығаруды ұйғардым, оған сәйкес еліміздің барлық азаматына мүмкіндігі бар-жоғына қарамастан жаназада мал союға тыйым салынады.

Бұрыннан белгілі, өлім шыққан үйде той болып жатқандай сезіледі. Қолында жоқтар бір сиыр, қолында барлар бес бас мал соятын жағдайлар әлі бар. Соның салдарынан қолында жоқтар жарысып (құр намысқа тырысып), қолында жоқ жанұялар өзінде ештеңе қалмай, жалғыз сиырын сойып, жақындарын ақтық сапарға шығарып салуы жиі кездеседі", - деп жазды Қырғызстан президенті.

Ол кім екеніне қарамастан, бәрін ережелерді сақтауға шақырды.

"Әйтпесе, адам өлген үйде жоқтау айтудың орнына қазан-қазан ет қайнатып, табақ-табақ ет тартылып, тойдағыдай көріністер болып жатады", - дейді Президент.


Сондай-ақ, ол бұл Жарлыққа қарсы шыққандар да болғанын айтты.

"Кейбіреулер: "Мәселен, 90 жасқа келген әкесін ақтық сапарға шығарғанда, неге жылқы соя алмайды?" - дейді. Бірақ мұндай азаматтар аз деп есептеймін. Азшылық көпшілікке бағынуы керек.

Мен өз тәжірибемнен мысал келтірейін. 2019 жылы үлкен ұлым Дастан қайтыс болғанда ауылдағы туыстары телефон соғып: "Дайындаған үш бас малымыз жетеді ме?" деп сұрады. Тіпті тауықты да соймау керек деп, мал бауыздауға рұқсат бермедім. Олар мені "алыстан көп адам келеді, оларды аш жібереміз бе? Арты әңгіме болады" деп ойымнан айнытқысы келді.

Оларға: "Егер олар бұны сөксе, мен туралы айтады. Бірақ мен той (мереке) өткізбеймін, мен қайғырып отырмын" - деп жауап бердім. Нәтижесінде жерлеуге он мыңға жуық адам қатысты. Бірақ ешкім ештеңе айтпады. Керісінше, көпшілік бұны құптайды", - дейді Садыр Жапаров.

Қырғыз президенті осылайша өз мысалын келтіре отырып, барша қырғызстандықтардан осы Жарлықты қолдауды сұрады.

"Бай-кедей деп бөлмей, бәріміз бір ережені ұстанайық. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауды барлық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, соның ішінде Министрлер кабинетіне тапсырамын.

Жергіліктен билік мектеп директорларынан бастап, барлық учаскелік полицейлер, ауыл әкімдері, аудан мекеме басшылары, аудан әкімдері, Презиеднт өкілдеріне дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуын талап етемін. Осы Жарлықтың орындалуына әркім жауапты болатынын ескертемін", - деді ол.
Просмотров материала: 3 091

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 285 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 865 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 388 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 446 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 794 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 307 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 408 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 698 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 134 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 243 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 597 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 449 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 385 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 222 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 465 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 156 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 334 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 263 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 236 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 156 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 659 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 467 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 992 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 247 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 621 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 944 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 030 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 990 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 354 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930