7 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент Тоқаев: "Қаңтар оқиғасынан" кейін мен кек алуға ұмтылмаймын

21 февраль 2022, 14:18
Президент Тоқаев: "Қаңтар оқиғасынан" кейін мен кек алуға ұмтылмаймын
Ақорда резиденциясында 7 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Моңғолия елшісі Дорж Баярхуу, Грекия елшісі Эфталия Какиопулу, Индонезия елшісі Мохамад Фаджрул Рахман, Марокко елшісі Мухаммед Рашид Маанину, Канада елшісі Алан Уилфред Хэмсон, Израиль елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман, Мажарстан елшісі Отто Иван Рона тапсырды, - деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.


Мемлекет басшысы 2022 жылдың тарихи дата, яғни Қазақстан мен олардың елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы екенін атап өтті.

"Осы жылдар ішінде біз барлық сала бойынша жан-жақты серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қойдық. Бұл бағыт тұрақты саяси диалогты, қарқынды экономикалық ықпалдастықты және белсенді гуманитарлық байланыстарды қамтиды. Ең бастысы, біздің қарым-қатынасымыз мызғымас достыққа, ортақ құндылықтарға және өзара қолдау көрсетуге негізделген", – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл биылғы жылдың алғашқы күндері ішкі және сыртқы деструктивті күштер Қазақстанға ауыр әрі қатыгездікпен шабуыл жасағанда анық көрінді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың табандылығы мен ұжымдық парасаттылығының арқасында мемлекеттік төңкеріс жасаушыларға тойтарыс берілгенін, ал бүлікшілер мен бұзақылардың жауапқа тартылғанын жеткізді.

"Қаңтар оқиғасынан" кейін мен кек алуға немесе жікшілдік жасауға ұмтылмаймын. Ел Президенті ретінде Қазақстан азаматтарының жікке бөлінуін емес, бірігуін аса маңызды басымдық санаймын. Сондықтан Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын ұсындым. Бұл құжат этносаралық келісім мен көпвекторлы сыртқы саясат сияқты айқын жетістіктерімізден бас тартпай, өткен кезеңде жіберілген әділетсіздіктерден құтылуға негізделген. Менің жасампаз жұртым бұл сынақтан бұрынғыдан да күшті, берекелі, болашағынан үміт күтетін және өз мемлекеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын сақтауға белін бекем буған халық болып шығады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті халықаралық серіктестерін еліміз бастан өткеріп отырған осындай сын сағатта Қазақстанға деген берік ынтымақтастығын танытуға шақырды.

"Менің Әкімшілігім өз тарапынан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырады, инвестициялық келісім-шарттарға қол сұғылмауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықпен тоқтаусыз күреседі. Сіздерді пандемиядан кейінгі кезеңде өздеріңіздің дипломатиялық және саяси мол тәжірибелеріңізді екіжақты қатынастарымызды жаңа биікке көтеру үшін пайдалануға шақырамын. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен арадағы екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі жан-жақты нығайтуға дайын", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Моңғолия елшісіне екі мемлекеттің тарихи жақындығы жөнінде айтып, Монғолия мен Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды серіктесінің бірі екеніне назар аударды.

"Жақын көрші болғандықтан және ортақ құндылықтарымызға мән бере отырып, өзара ықпалдастықты, әсіресе сауда-экономикалық салада кеңейтуге зор мүмкіндік бар екенін айтқым келеді. Бұдан бөлек азаматтарымыздың арасындағы қатынастар да маңызды рөл атқарады. Моңғолияда тұратын жүз мыңнан астам этникалық қазақ –халықтарымыз арасындағы достықтың алтын көпірі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Грекиямен арадағы ынтымақтастықтың ұдайы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, бұл ел Қазақстанның Еуропа Одағындағы және Жерорта теңізі аумағындағы маңызды серіктесі екеніне тоқталды.

"Қазақстандағы он мыңдаған грек диаспорасы біздің халықтарымыз арасындағы мәңгілік достық пен өзара тиімді іс-қимылдың символы саналады. Біз, әсіресе ауыл шаруашылығы, туризм және құрылыс салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді пайдаланамыз деп үміттенемін", – деді Президент.

Президент Тоқаев: "Қаңтар оқиғасынан" кейін мен кек алуға ұмтылмаймын


Мемлекет басшысы Индонезиямен тығыз қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның Онтүстік-Шығыс Азиядағы сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айтты.

"Біз екіжақты және көпжақты негізде ортақ мүдделері бар серіктеспіз. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуымен қатар "Бір белдеу, бір жол" бастамасындағы Қазақстанның негізгі рөлі АСЕАН елдерімен, соның ішінде Индонезиямен ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Мароккомен қарым-қатынастар туралы айта келе, бұл елмен арадағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Батыс Африкадағы стартегиялық басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

"Біз инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру және екіжақты сауда-саттықты кеңейту үшін Мароккомен өзара күш біріктіруге дайынбыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Канаданың Батыс жарты шардағы Қазақстанның сенімді әрі жақын серіктесі екеніне ерекше тоқталып, сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіндегі табысты ынтымақтастықты атап өтті.

"Қазақстан мен Канада – халқы аз болғанымен, ірі мемлекеттер. Біздің ұлттық байланыстарды дамыту және өңірлік теңгерімділікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріміз ортақ. Мен тау-кен өндіру және ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылым және ақылды қалалар, ақпараттық технологиялар мен аэроғарыш салаларында көптеген мүмкіндіктер бар екенін білемін", – деді Президент.

Қазақстан Президенті Израиль елшісіне екі елдің берік адами байланыстарға, жан-жақты ынтымақтастыққа, ортақ құныдылықтар мен өзара мүдделерге негізделген жақсы қарым-қатынастарды тұрақты сақтап келе жатқанын атап өтті.

"Барлық деңгейдегі қарқынды іс-қимылдар, соның ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиядағы ықпалдастық, серіктестігімізге жаңа мүмкіндіктер ашып, өзара игілімізге қызмет етеді. Қазақстан сіздің елмен арадағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, әсіресе білім беру, өнеркәсіптік өндіріс, жоғары технологиялар және басқа да салалардағы байланыстарды нығайтуға ниетті", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанмен арада берік тарихи-мәдени байланыстарға, сондай-ақ ортақ құндылықтар мен мүдделерге негізделген шынайы стратегиялық серіктестіктің орнағанын ризашылықпен атап өтті.

"Біздің елдеріміз қарқынды дамып келе жатқан екі нарықтың ортасында өте тиімді орналасқан. Атап айтқанда, аумағымыз бір жағынан, Еуразия аймағын, екінші жағынан Еуропа одағын қамтиды. Мұның бізге пайдасы зор. Осының арқасында біздің кәсіпорындарымызға әртүрлі сала бойынша ынтымақтастық орнату үшін мол мүмкіндіктерге жол ашылады. Бүгінде энергетика, көлік және логистика, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларында жемісті қарым-қатынас жасап келеміз. Біз ауыл шаруашылығы, "жасыл" экономика, атом энергетикасы, орнықты өнеркәсіп, цифрландыру және қаржы салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге ниеттіміз", – деді Мемлекет басшысы.

Жиын соңында Қазақстан Президенті дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.
Просмотров материала: 586

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 963 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 772 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 146 429 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 146 450 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 755 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 682 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 981 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 551 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 755 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 763 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 977 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 886 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 767 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 588 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 726 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 880 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 546 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 911 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 644 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 648 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 490 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 335 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 583 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 527 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 037 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 455 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 370 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 605 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 958 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 365 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 349 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 393 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 335 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 711 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031