25 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда төтенше жағдай кезінде ауруханаларға 20 рет шабуыл жасалған

18 февраль 2022, 15:02
Қазақстанда төтенше жағдай кезінде ауруханаларға 20 рет шабуыл жасалған
Төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалып, 46 жедел жәрдем көлігі зақымданған. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 2740 адам медициналық ұйымға көмек сұрап жүгінген. Оның ішінде 1843 адамға амбулаторлық көмек көрсетілсе, 897 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 188 адам жансақтау бөлімінде жатты. 891 науқас емделіп шықты. Медициналық ұйымдарда қайтыс болғандар саны – 177 адам. Бүгінде 6 адам ауруханада ем алып жатыр. Алматы мен Қызылордада әрқайсысында 3 науқастан, олардың бірінің жағдайы ауыр, оқ жарақаты бар, емдеуді жалғастыруда.

Ол еліміздің үш облысында кәмелетке толмаған балалардың жарақат алғанын, Алматыда екеуі оқтан көз жұмғанын, жетеуі әртүрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін айтты. Оның ішінде 4 бала Алматы қаласынан , 2 бала Алматы облысынан және 1 бала Жамбыл облысынан.

Сондай-ақ, Алматы облысында бір жүкті әйел зардап шекті. Жалпы, төтенше жағдай кезінде 20 денсаулық сақтау нысанына шабуыл жасалды. Оның ішінде бес аурухана, бір Медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны, 14 дәріхана Алматы қаласында орналасқан. Осы кезеңде жеті медицина қызметкері зардап шекті, оның бесеуі Алматыда, біреуі Шымкентте және біреуі Алматы облысында.

Оның айтуынша, бүлік кезінде 46 жедел жәрдем көлігі зақымданған. Оның басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі – 32 автокөлік, төрт көлік мүлде жарамсыз болып қалған.

Комитет басшысы төтенше жағдай кезінде жағдай одан әрі ушығып кеткен жағдайда резерв құру үшін елордадан Алматының республикалық қан орталығына 360-қа жуық қан бірлігі жеткізілгенін айтты.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы «СК-Фармация» компаниясының ірі қоймаларында тәулік бойы дәрілерді қорғау бойынша шұғыл шаралар жүргізілді.

Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін дәрі-дәрмектердің барлығы дерлік сақталады. Сонымен қатар ол жерде есірткі және психотроптық заттар да сақталады. Сенім телефондары ұйымдастырылып, 4 мыңнан астам қоңырау түсті, психологтар келеңсіз жайттарды барынша азайту бойынша жұмыс жасады. Қиын кезеңге қарамастан медициналық ұйымдар әдеттегідей жұмыс істеді. Медициналық көмек көрсетуден бас тарту болған жоқ, толық көлемде көрсетілді.
Просмотров материала: 826

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 265 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 930 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 420 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 466 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 834 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 200 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 534 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 187 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 266 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 445 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 725 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 789 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 499 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 374 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 170 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 603 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 330 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 731 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 536 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 379 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 222 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 081 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 420 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 303 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 786 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 971 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 138 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 373 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 753 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 056 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 192 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 133 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 500 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031