22 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәрігер адам өмірін ұзарта алмайды. Әркім өз пешенесіне жазылған ғұмырды жасайды

17 февраль 2022, 15:52
Дәрігер адам өмірін ұзарта алмайды. Әркім өз пешенесіне жазылған ғұмырды жасайды
Петропавлда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған бірегей операция жасалды. 72 жастағы науқастың жүрегіне қара малдың жүрек қабынан жасалған аортоклапан қойылды. Бұған дейін елімізде синтетикалық протез пайдаланылып келген. Тесу арқылы жасалған күрделі ота кезінде қиындықтар туындағанымен, сәтті аяқталды. Мұндай кардиохирургиялық операция құны 6,5 млн теңгеге бағаланады. Біріңғай медициналық сақтандыру жүйесінің аясында науқастарға медициналық қызметтің бұл түрін тегін алуға мүмкіндік туып отыр. Мамандардың айтуынша, биопротезге адам ағзасы тез үйренісіп, қалыпты өмірге жылдам оралады.

Ұлыбритания, Гермения және Швейцариядан келген мамандар жергілікті дәрігерлерге тесу арқылы ота жасау тәсілін үйретті. Шеберлік сағаты 2 күн бойы жалғасады. Оған қатысқан ақ халаттылар арнайы сертификаттар мен жүрекке осындай ота жасау құқығына ие болады. Қазақстанда алғашқы болып тесу операциясы арқылы науқасқа жүрек клапанын орнатқан алғашқы дәрігер, Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының кардиологиялық блок меңгерушісі Мақсат Құдратоллаевпен Azattyq Rýhy тілшісі сұхбаттасты.



- Мақсат Мадиярұлы, бұл отаның бірегейлігі неде?

- Қазақстанда кішкентай ғана тілік жасау әдісін пайдалану арқылы жүрекке түрлі операциялар жасалып жүр. Ал біздің айтып отырған технологияның бірегейлігі – жүрекке табиғи материалдан жасалған клапан қойылады. Бұған дейін пайдаланылып келген синтетикалық материалға қарағанда ол адамның тез жазылып кетуіне мол мүмкіндік береді. Ота жасалғаннан кейін науқас бір аптада ауруханадан шығарылып, үйіне жіберіледі. Ал бір жылдан кейін өзіне осындай ота жасалғанын мүлде ұмытады. Қалыпты өмірге оралады. Жасанды клапанды қойған кезде адамның жүрегіндегі өз қақпақшасы жабылып қалады. Бұл биопротездің тағы бір ұтымды тұсы, оның қосымша функциясы бар. Сондықтан операция жасау кезінде қан айналымы тоқтамайды, сәйкесінше, науқас қатты зардап шекпейді. Клапанды қажетті орнына асықпай орналастырамыз. Өйткені кардиохирургияда бәрін мұқият орындау маңызды. Және бұған дейін Қазақстанда қолданылып келген клапандар синтетикалық материалдардан жасалған. Ал біздің айтып отырғанымыз қара малдың жүрек қабынан әзірленеді. Ол жануардың жүрегін түрлі инфекциялардан қорғау қызметін атқарып тұрады. Ол түрлі тәсілдермен өңдеуден өтетіні айтпаса да түсінікті. Клапан Швейцарияда әзірленеді. Адам ағзасына тез сіңісіп кететін биологиялық материал. Оны еуропалық стандарт қауымдастықтары ұсынып отыр. Әйтпегенде отандық медицинада мұндай бұйымдар пайдаланылмас еді.
Дәрігер адам өмірін ұзарта алмайды. Әркім өз пешенесіне жазылған ғұмырды жасайды

- Мұндай операцияның көмегімен дәрігерлер адам өмірін неше жылға ұзарта алады?

- Дәрігер адам өмірін ұзарта алмайды. Әркім өз пешенесіне жазылған ғұмырды жасайды. Біз тек науқастың дертінен айығып, өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесеміз. Бүгін операциядан шыққан науқас өзін жақсы сезініп, дәгігерлер командасына алғысын білдіріп жатты. Оған жергілікті анестезия пайдаланылды. Ол белгілі бір уақыт жансақтау бөлімінде болып, кейін әдеттегі палатаға ауыстырылады. Біз бұл операцияға жарты жыл дайындалдық. Ол біздің кардиологиялық орталықта жасалған ең күрделі ота.



- Қазақстандықтар бұған дейін жүрек клапанын ауыстыру отасын қайда жасатып келді?

- Біз де жүрек клапанына ота жасаймыз. Тек ол ашық түрде өтеді. Бұл жұмысты 2011 жылдан бері қолға алдық. Жылына 100 науқас қамтылады. Өте күрделі операция. Орта есеппен 5 сағат уақыт жұмсалады. Жасы ұлғаюы немесе денсаулығында басқа да ақауы болуына байланысты кейбір науқастарға бұл операцияны жасауға болмайды. Сондықтан олар отаны кішкентай тілік арқылы жасату үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына немесе шет елдерге баратын. Жүрекке синтетикалық клапан қойылады. Оның ерекшеліктері туралы жоғарыда айтып өткен болатынмын. Енді әлемнің алдыңғы қатарлы кардиохирургтарынан үйренген әдісті пайдаланып, бірегей отаны өзіміз де Солтүстік Қазақстан кардиологиялық орталығында жасай аламыз. Жалпы операция 40 минут өтеді. Ал біз оны шетелдік әріптестердің жетекшілігімен бірінші рет жасадық. Ота бір сағаттан артық уақытқа жалғасты. Орталықта оған қажет медициналық қондырғылар бар. Бір ғана компьютерлік томограф жетіспейді. Дегенмен оның да орны толар күн алыс емес деп ойлаймын. Өңірдің емдеу мекемелері жыл сайын заманауи қондырғылармен толығып келеді. Шеберлік сағатына Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Орал, Өскемен, Семей қалаларынан келген дәрігерлер де қатысып отыр. Шетелдік профессорлар Қазақстандақ кардиохирургтар тобының кәсіби деңгейіне жоғары баға берді.

- Жүрек клапанының ақауы қаншалықты жиі кездеседі?

- Жүрек қан айналымы – үздіксіз цикл. Клапан дұрыс жұмыс істемеген кезде бұл процесс бұзылады. Жүрекке күш түсіп, оның көлемі ұлғайып кетеді. Бұл адам өмірінің аяқталуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай болмауы үшін жүрекке жаңа клапан қоямыз. Бір айда өңірде осындай жүрек ақауы бар 7 науқас табылды. Осы жолы үшеуіне ота жасалады. Бұл көрсеткіш емдеудің осы тәсілін қажет ететін адамдар саны аз емес екенін көрсетеді. Олар Нұр-Сұлтан қаласына қосымша диагностикаға барды. Өйткені бізде оған қажет компьютерлік томограф жоқ. Томография жасау барысында алынған нәтижені шетелдік әріптестерге жолдадық. Себебі мамандар сараптама жасап, клапанның бізге қажетті көлемін таңдайды.

- Мұндай клапан неше жыл қызмет ете алады? Кейін оны алып тастау қажеттігі туындауы мүмкін бе?

- Әрқалай. Адам ағзасының ерекшеліктеріне байланысты бірнеше жылдан кейін оны ауыстыру қажеттігі туындауы мүмкін. Мұндай клапанды алып тастамай, үстінен басқасын орната беруге болады. Мұндай имплант тек 70 жастан асқан адамдарға ғана қойылады. Құны, жасау технологиясы арзан емес. Оның да өз медициналық көрсетілімі бар. Ал синтетикалық клапан істен шықса, оны ауыстыруға болмайды.


- Мақсат Мадиярұлы, уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Просмотров материала: 2 723

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 686 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 516 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 143 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 473 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 709 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 921 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 952 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 732 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 532 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 169 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 027 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 849 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 017 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 130 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 798 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 174 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 904 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 916 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 747 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 591 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 846 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 795 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 299 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 750 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 627 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 888 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 220 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 629 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 602 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 641 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 593 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 825 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 965 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031