29 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Берік Уәли Президенттің Ресейге сапары туралы айтты

14 февраль 2022, 11:42
Берік Уәли Президенттің Ресейге сапары туралы айтты
10-11 ақпан күн­дері Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы әуелі Мәс­кеуде, содан кейін Татарстан Респуб­ли­касында болды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen.kz-ке мақала жариялап, Мемлекет басшысының Ресейге сапары туралы айтты.

Келіссөз форматының ашық болғаны сондай президенттер әлеуметтік ара қашықтықты сақтамай, қол алысып, бір-бірімен төс қағыстырып амандасты. Осыдан-ақ кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқауға болады. Қазіргідей «ковид» кезінде мұндай жоғары деңгейде қабылдау – сирек кездесетін жағдай. Хаттама бойынша прези­денттер бір метр ара қашықтықта отырды. Қазақстан Президентімен кездесудің ерекше форматта өтуі екі елдің шынайы достық қарым-қатынаста екенін көрсетеді. Мұндай ерекше ілтипатты былтыр жыл соңында Санкт-Петербургте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің саммитінен де байқауға болады.


Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, екі ел басшыларының Кремльде өткен келіссөздері білім беру, цифрландыру, ғарышты игеру салалары мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағытында мамандар даярлау ісі бойынша маңызды келісімдге қол қоюмен аяқталды.

Қазақстанда Ресейдің жетекші жо­ғары оқу орындарының филиалдары желі­­сін кеңейту, сондай-ақ біздің «Бола­шақ» бағдарламасы аясында қажетті мамандар даярлау жөнінде маңыз­ды уағ­даластықтарға қол жеткізілді.

Бұл бағыт бойынша Алматыда МИФИ-дің, Аты­рауда Губкин атындағы уни­вер­ситет­тің филиалдарын ашу жұмыстары бас­талып та кетті. Бауман атындағы Мәс­кеу мемлекеттік техникалық универ­си­те­­тімен және басқа да бірқатар оқу орны­­мен олардың өкілдіктерін ашу жайын­да келіссөздер жүргізілуде. Қазақ­стан­ның «Халықаралық бағдарламалар орта­лығы» акционерлік қоғамы Ресей Феде­ра­циясының МИФИ, МФТИ, Губкин атын­дағы РМУ, Бауман атындағы ММТУ, ИТМО, МИСиС сияқты жетекші алты тех­­никалық университеті мен «Бола­­шақ» бағдарламасы аясында ынты­мақ­тас­тық орнату туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ тараптардың цифрлық сала басшыларын даярлау бағдарламасын бірлесіп іске асыру, IT мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қарқынды бағдарламасын іске қосу, Astana Hub халықаралық технопаркі базасында цифрлық трансформация құралдарын қамтамасыз ету және қолдау жөнінде келісім жасалды.

Келіссөз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісіммен қорытындыланды.

Биыл Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастар тарихында атаулы дата бар екенін атап өткім келеді. Бұл елде­ріміз арасындағы дипломатиялық қаты­настардың 30 жылдығы. Осы уақыт ішінде мызғымас дос­тыққа, ортақ тарихқа, Қазақстан мен Ресей халықтарының ментальдық тұрғы­дан жақындығына сүйене отырып, жо­ғары деңгейдегі басшыларымыз мем­лекетаралық үлгілі ынтымақтастық орнатты. Осы ынтымақтастық барлық сала бойынша зор жетістік пен табысқа қол жеткізді.

Мәскеудегі табысты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Ресей Феде­рациясындағы жұмыс сапарын Татарстан Республикасында жалғастырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мыңжылдық тарихымен және аса бай мәдени мұрасымен танымал Қазан қаласына алғаш рет ат басын бұрды.

Қазақ пен татар ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған туыстас халық. Біздің тарихымыз ортақ, дініміз бен тіліміз бір. Сонау XVI ғасырдың ортасында Иван Грозный Қазанды басып алғандағы қырғын біздің фольклорымызда ерекше із қалдырған. Ал тұтас ұлтты жаңа сапаға көтерген Алаш зиялыларының да қызметі мен өмірі осы Қазан қаласымен тікелей байланысты. Көбі осында білім алып, татар аруларына үйленді. Татар автономиясы мен Алаш автономиясы үнемі тізе қосып, бірге күрескенін тарихтан білеміз. Қазақтың алғашқы кітаптары да осы қалада басылды. Көрнекті Алаш қайраткері Уәлитхан Танашұлы Қазанда өмір сүріп, татар үкіметінде қызмет істеген. Демек, туыстас екі халық ежелден жұбын жазбаған. Татар ағайындардың қазақ халқына деген айырықша ықыласы ғасырлар бойы жалғасып келеді.

Мемлекет басшысының Татарстанға сапары ғасырлық тарихы бар Қазан Кремлінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді. Президент бір-бірінен қол созым жерде тұрған мұсылман мешіті мен православ шіркеуінің орналасуын достық символы деп атап өтті. Қазан Кремлінің аумағында Президент сарайы орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов осында ресми делегациялардың қаты­суымен екіжақты кездесу өткізді. Қазақ көшбасшысының республикаға сапары кезінде Татарстан басшысы бірге жүргенін атап өткен жөн. Араларында достық қатынастың орнағаны айтпаса да түсінікті. Бұл – олардың соңғы 10 айдың ішіндегі үшінші кездесуі.

Кездесу басында Президент мем­лекеттік тілде сөз сөйлеп, дипломатиялық қызметі аясында және БҰҰ Бас хат­шысының орынбасары лауазымында жүргенде алты құрылықты араласа да, Қазан қаласына алғаш рет келіп отырғанын айтты. «Мұным ұят болды, бірақ ештен кеш жақсы» деп әзілдеді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нижнекамск қаласындағы «ТАНЕКО» кешенін аралау барысында «Татнефть» кәсіпорнында тағы­лым­дамадан өтіп жатқан қазақстандық жас мамандармен кездесті. Жуырда «Татнефть» компаниясы мен Семей қаласының геологиялық барлау колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде, биыл­дан бастап қазақстандық колледждің студенттері осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтетін болды. Осындай кездесу Набережные Челны қаласында да өтті. «КАМАЗ» компаниясының зауы­тында біліктілігін арттырған қазақ­стандықтар, елге оралған соң Қоста­найдағы осы кәсіпорынның зауытында жұмыс істейтін болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір ісса­пардан елге оралған сайын дәстүрлі түр­де ел ішіндегі және шетелдік сапар­лардың нәтижесі туралы әсерімен бөліседі. Осы сапарға қатысты Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына қысқа мерзімді, бірақ өте мазмұнды сапары­ның нәтижесіне көңілі толатынын, оның Қазақстан мен Ресей арасын­дағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту тұрғы­сынан табысты болғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Феде­рациясына жасаған осы жолғы сапары мен жоғары деңгейде өткен келіссөздерін Қазақстан мен Ресей арасында кейінгі жылдардағы кездесулердің ішіндегі ең маңыздысы деп есептейді. Ресей Президенті де осындай көзқараста деп ойлаймын.
Просмотров материала: 364

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 124 270 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 124 099 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 744 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 770 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 124 075 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 527 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 699 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 772 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 968 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 113 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 489 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 341 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 660 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 555 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 366 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 470 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 664 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 333 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 677 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 441 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 437 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 276 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 124 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 366 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 303 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 831 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 181 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 154 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 375 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 702 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 126 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 142 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 182 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 109 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 491 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930