10 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керек – Мәжіліс депутаты

10 февраль 2022, 18:09
Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керек – Мәжіліс депутаты
Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев қаңтар оқиғасына халықтың тұрмыс-тіршілігі, жастардың жұмыссыздығы себеп болғанын депутаттық сауалында айрықша айтып өтті.


«Жыл басында болған оқиғалар мемлекеттік саясаттың әділетті, әрі ашық жүргізілуін талап етуде. Келісеміз, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні жастардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерумен тікелей байланысты.

Кеше ғана Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстанды құру үшін түсінікті әрі әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек» деп дөп басып айтты.

Сондай-ақ, Президент еліміздегі жастардың шынайы мүмкіндіктері туралы ащы шындықты көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, жастар маңдай терін төгіп, жұмыс істегісі келмейді. Өйткені, олар бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр» – деп елдегі табысқа жетудің төте жолы осы деген қате түсініктің бар екенін нақты көрсетті», - дейді депутат.

Оның айтуынша жастар арасында адал еңбектің лайықты бағаланбауы, олардың ортасында қылмыстық топтармен байланысы бар азаматтардың көлеңкелі лидерге айналуына әкеліп соқтырды. Мұндай топтар әлеуметтік желілер арқылы өздерінің патша өмірлерін көрсетіп, талай жастарымыздың санасын бұзып келеді. Тіпті, кейбірі соларға қарап бой түзейтін болды.

Одан бөлек, көлеңкелі саудасы орасан, әділетсіз делдалдық жүйе қалыптастырған «Алтын орда» сияқты базарларды заманауи ашық бизнес ортаға айналдыру, сондағы жастардың сапалы әлеуметтенуіне шынайы септігін тигізетіні сөзсіз, дейді ол.

«Президентіміздің «Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет» деген бастамасы, әрбір жастың ұстанымына айналуы тиіс деп есептеймін. Неге десеңіз, Мемлекет басшысы қоғамда ұлтты жегідей жейтін кеселдердің бірі – масылдықты тілге тиек етті. Жұмыс істеудің орнына жақындарына ауыртпашылық салып, өз өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтіндер де баршылық. Әрекетсіздік пен енжарлықтың шырмауында кеткен жастарымызға, «еңбек, бәрін жеңбек» қағидатын ұстануға шақырамын. Дәл қазір, елге көмекті еңбекпен көрсететін уақыттың жеткенін мойындауымыз қажет. Әрине, еліміздегі жастардың мәселесіне байланысты қағаз жүзіндегі даярланатын ақпараттар мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейтінін білеміз.

Сондықтан, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керек. Әсіресе, NEET санатындағы жастардың көбі кездейсоқ табыстың арқасында өмір сүреді. Осы ретте, 700 мың жұмыс орнын ашу, іс жүзінде орындалуы керек. Ал жастарға арналған бағдарламалар жайлы ақпараттан олардың көбі хабарсыз», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол сөзін жалғай отырып, бүгінгі еліміздегі әл-ауқаттың көрсеткіштеріне көңіліміздің толмайтыны анық екенін, дегенмен, біздің өзге Отанымыз жоқ екенін, сондықтан, жұмыс күштері жетіспейтін өңірлерге көшу арқылы, әрбір жас қазақстандық өзінің жұмысыздық мәселесін шешіп қана қоймай, ел дамуына елеулі үлес қосатынын айрықша атап өтті.

«Ішкі миграция мәселесіне оң көзбен қарайтын кез келді. Солтүстік, Шығыс өңірлердегі ауылшаруашылық, қызмет көрсету, кәсіпкерлік пен тұрақты жұмыс орындары бойынша бағыттарды игеретін де жастар. Шындығында, бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіру, балық бермей, қармақ беру принциптеріне сай ұйымдастырылуы шарт. Бұл Үкіметке басты міндет болуы қажет.

Құрметті әріптестер, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көптеген мәселені талқылап, алдымызға нақты міндеттер қойды. Бұл міндеттердің басым бөлігі, елдің үштен бір бөлігін құрайтын жастарды (14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны – 6,2 миллион) қолдауға бағытталатыны анық.

Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Сондықтан еліміздің жастарына қайыспай, біртұтас қауым болып, адал еңбек пен «еліме не беремін?», деген қағиданы ұстану қажет екенін айтамын», - деп сөзін аяқтады Мәжіліс депутаты.
Просмотров материала: 1 057

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 686 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 370 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 868 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 903 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 276 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 798 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 163 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 843 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 078 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 868 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 999 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 631 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 508 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 748 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 501 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 898 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 695 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 509 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 353 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 198 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 443 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 929 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 893 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 258 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 500 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 636 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031